Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Судың құқықтық режимі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (28.3Kb) ] 07.12.2013, 22:40

Судың құқықтық режимі.

Жоспар:

1. Су пайдалану құқығы және он түрлері.

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және сараптама.

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. Стамқұлұлы.Ә  "ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.

2. ҚР  Конституциясы.  1995ж.  30 тамыз.

3. Чусев Р.К - "Экологические  право” Москва.  2000ж.

4. ҚР  мемлекетімен  құқығының  негіздері.  Баянов.Е   Алматы  2003ж.

5. «Международные  эколого-правовое  сотрудничество» Алматы.  Дәнекер  2001ж.

6. Сапарғалиев.Ғ.  "Мемлекет  және құқық  негіздері”  Алматы  2000ж.

7. ҚР  Заңы.  "Қоршаған ортаны қорғау”  Алматы.  1998ж.

 

Лекцияның мәтіні:

1.     Су пайдалану құқығы және он түрлері.

         Су объектiлерiнде суды ортақ пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

         Жеке және заңды тұлғалар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген суды ортақ пайдалану ережелерiн сақтауға мiндеттi.

         Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын қорғаудың, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi, су ресурстарын молайту мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерiн сақтай отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдарлар ескерiле отырып жүргiзiледi.

         Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, реконструкциялау, пайдалану, консервациялау, жою, қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады.

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi:
         - шаруашылық және өзге де қызметт
iң әсерiнен сулардың жай-күйi мен өзгеруiн қадағалау;

- су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады.
         Қазақстан Республикасында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекетт
iк, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.

Уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi басты мiндеттерi:

1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын барлық министрлiктермен, агенттiктермен, ведомстволармен өзара iс-қимыл жасауды және қызметiн үйлестiрудi;

2) шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен судың жай-күйiн және өзгеруiн қадағалауды, сондай-ақ су қорғау iс-шараларының орындалуын тексерудi;

3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгiленген тәртiбiн;

4) суларды қорғау жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын;

5) су объектiлерiне зиянды әсер етудiң алдын алуды және жоюды;

6) барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 2357 | Загрузок: 653 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]