Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Особьтар экологиясы-аутэкология. Негізгі тіршілік орталары және олардың сипаттамасы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 22:44

Особьтар экологиясы-аутэкология. Негізгі тіршілік орталары және олардың сипаттамасы.

 

Сабақ мақсаты: Студенттерді тіршіліктің пайда болу теорияларымен және негізгі тіршілік орталарымен таныстыру.

Оқыту құралдары мен әдістері: ауызша сұрау, жеке және топтық презентация, аргументтелген эссе, дискуссия және диспут, комментарийлер, портфолио және т.б.

Сабақ өткізу жоспары:

Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияларына тоқталу.

Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлерін анықтау.

Негізгі тіршілік орталары

Су ағзаларының экологиялық жіктелуін беру. Әр топтың өкілдеріне мысал келтіру.

Топырақ және құрлық-ауа ағзаларының экологиялық жіктелуін көрсету.

Тірі организм - тіршілік ортасын сипаттау.

 

1 тапсырма

Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлерін талдаңыздар:

Молекулалық деңгей® Жасушалық деңгей ® Ұлпалық деңгей® Мүшелік деңгей® Ағзалық  деңгей® Популяциялық деңгей® Биоценоздық деңгей® Биосфералық  деңгей

 

2 тапсырма

Организм және тіршілік ету шарттарын мысалдармен көрсетіңіз.

 

3 тапсырма

Негізгі тіршілік орталарына байланысты организмдердің экологиялық топтарына сипаттама беріңіздер.

1. Геобионттар, геофильдер, геоксендер.

2. Гидробионттар, планктондар, нектондар, бентостар, плейстондар, нейстондар.

3. Паразитизм түрлері-пәтершілік, жыртқыштық, кездейсоқ ену.

4. Паразиттер және олардың түрлері - эндопаразиттер, эктопаразиттер

 

4 тапсырма

Қоршаған орта түсінігі. Тіршілік орталарының негізгі қасиеттері мен ерекшеліктері.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Аутэкология –экологияның бір бөлімі.

2. Жер бетіндегі организмдердің таралуы.

3. Тіршіліктің пайда болу теориясы.

4. Биосфера эволюциясы.

5. Организдердің негізгі тіршілік  орталары:

6.  Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм.

7. Су тіршілік ортасының экологиялық топтары.

8. Топырақ тіршілік ортасының организмдер топтары

9. Эндопаразиттер, эктопаразиттер.

10. Қоршаған орта, тіршілік ортасы, табиғи орта, жасанды орта түсініктері

 


Әдістемелік нұсқаулар:

Берілген материалды жақсы меңгеру үшін биологиялық организация деңгейлерінің сызбанұсқасын жақсы бейнелеу керек, себебі онда табиғат иерархия жүйелері және әр деңгейдің келесі деңгейге қарағанда күрделірек, әрі сан алуан екені белгілі.

Экологияның қарапайым ағзалардан бастап биосфераға дейін деңгейлерге бөлінетінін және жеке ағзаның қоршаған ортамен қарым-қатынаста болатынын есте сақтаған жөн. Ағзаның қоршаған ортамен қарым-қатынасын дұрыс түсіну үшін оқытушы студенттер назарын мына жайттарға назар аударту қажет: ағзалар өзін-өзі жаңғыртуға қабілеті бар, әрі тірі ағзаларға қозғалу және тұқым қуалау, қоршаған орта жағдайларына бейімделу –адаптация тән. Адаптацияны оқу кезінде студенттер ағзалардың қоршаған ортамен әрекеттесе отырып өзінің өмір сүруіне қажетті  қолайлы белгілерді реттеп алатынын меңгеру қажет. Оны мысал ретінде бекіткен жөн: шалғын жерлерде көптеген ас тұқымдастар мен бұршақ тұқымдастар өседі, олардың тамыр жүйелері әр түрлі деңгейде орналасқан; орманда көлеңкеге төзімді шөптесін өсімдіктер өседі және т.б.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 3021 | Загрузок: 81 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]