Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Организмдердің қоршаған ортаға экологиялық бейімделуі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 22:44

Организмдердің қоршаған ортаға экологиялық бейімделуі.

Сабақ мақсаты: Студенттерді ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлармен таныстыру, осы факторлардың жіктелуін көрсету, минимум және толеранттылық заңдарын түсіндіру және олардың табиғаттағы әсерін көрсету.          

Оқыту құралдары мен әдістері: ауызша сұрау, дискуссия және диспут, комментарийлер, портфолио және т.б.

Сабақ өткізу жоспары:

1.      Ағзаның тіршілік ету жағдайлары.

2.      Экологиялық факторлар. Экологиялық факторлардың жіктелуі

3.      Антропогенді факторлар. Адамның ағзаларға және қоршаған ортаға тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлері.

4.      Стенобионтты және эврибионтты ағзалар

5.      Негізгі абиотикалық факторлар: жарық, температура, ылғалдылық, тұздылықтың экологиялық маңызы

6.      Ағзалардың жылуға, ылғалдылыққа, жарыққа қатысты экологиялық жіктелуі.

 

1 тапсырма. Қоршаған ортаның температурасына байланысты қанқызы санының өзгерісі берілген, сол арқылы:

 

pict0

 

а) оптимум зонасы

б) пессимум зонасы

в) екі  критикалық нүктелер;

г) түрдің төзімділік шегі;

д) экологиялық валенттілік

е) қалыпты тіршілік аймағы т.б. түсіндіріңіздер.

 

2 тапсырма

Кестенің мәліметтерін пайдаланып, температура мен жауын-шашынның таралуына әсер ететін абиотикалық факторларды анықтаңыздар.

3 тапсырма.

 Төменде берілгендерді абиотикалық, биотикалық, антропогенді факторлар бойынша жіктеңдер. (жыртқыштық, ормандарды  кесу, ауаның ылғалдылығы, ауаның температурасы, паразитизм, жарық, ауаның қысымы, бәсекелестік, зауыттар шығарған көмірқышқыл газының қалдығы, судың тұздылығы).

4 тапсырма.

 Берілген жағдайларды шектейтін факторларды анықтаңдар.

1)  Мұхиттың 6000м тереңдігінде өсімдіктер үшін: су, температура, көмірқышқыл газ, судың тұздылығы, жарық.

2) Жазда  шөлдегі өсімдіктер үшін: температура, жарық, су.

3) Қыста ормандағы торғайлар үшін: температура, қорек, ауа, ауаның ылғалдылығы, жарық.

4) Қара теңіздегі өзен шортандары үшін: температура, жарық, корек, судың тұздылығы, ауа.

5)  Солтүстік тайгадағы қабандар үшін: температура, жарық, қорек, ауа, ауаның ылғалдылығы, қар жабындысының биіктігі.

5.Тапсырма.

Гомойотермділердің пойкилотермділерден артықшылығын дәлелдеңіздер. Гетеротермді ағзалар.  Термофильді, криофильді ағзаларға түсінік беріңіздер.

  

Бақылау сұрақтары:

1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары.

2. Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы.

3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: Ю.Либихтың минимум заңы және  В.Шелфордтың толеранттық заңы.

4. Абиотикалық факторлардың жіктелуі

5. Стенобиоттылық және эврибионттылық.

6. Аллен және Бергман ережелері

7. Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары

8. Жарыққа байланысты организмдердің экологиялық топтары

9. Термофильді, криофилді организмдер.

 

Әдістемелік нұсқаулар:

Оқу құралында келесі экологиялық критерийлерді ерекше атап өту керек: қоршаған орта бөліктерінің бөлшектенбеуі, мысалы экологиялық фактор ретінде суқойма тереңдігін қарастыруға болмайды, себебі тереңдік судағы тіршілік иелеріне тікелей әсер етпейді. Ол қысымның көтерілуі, жарықтың төмендеуі, температура азаюы  және т.б. арқылы әсер етеді. Міне осы аталғандар экологиялық факторлар ретінде қарастырылады. Бұларды студенттерге құстар базары мысалы арқылы көрсетуге болады, ондағы ортаның факторы құстар саңғырығындағы биогенді заттар болады.

Экологиялық жүйелер деңгейі – барлық экофакторлардың  организмдерге кешенді түрде әсер ету жиынтығы экожүйенің климаттық режимін түзеді, түрдің барлық тіршілік процестері және түрлердің өзара әсерлесуі осылардың ауқымында жүзеге асырылады.

Қорытындылай келе табиғаттағы экологиялық факторларды 3-ке бөліп қарастырады: абиотикалық, биотикалық, антропогенді. Алған деректерді жақсы түсіну үшін экологиялық факторлардың алуантүрлілігіне қарамай негізгі заңдылықтарды көрсетуге болады.  Лекция тақырыбымен жұмыс істегенде осы заңдарға аса көңіл бөлген дұрыс. Оптимум және пессимум заңдарының ағзаларға әсерін, шектеуші факторлар, толеранттылық (төзімділік) ролін анықтау.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 6553 | Загрузок: 86 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]