Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Карл Линнейдің эволюциялық көзқарасы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (188.3Kb) ] 19.02.2014, 16:46
Қайта өркендеу дәуірінде жинақталған көптеген ғылыми мәліметтерді белгілі бір жүйеге келтіру қажеттігі туындады. Өсімдіктер менжануарлар адам үшін пайдалы және зиянды топтарға бөлінді. Өсімдіктер адамның пайдалану ерекшелігіне сәйкес бақша және дәрілік өсімдіктер деп топтастырылды. Тірі организмдерді мұндай жүйелеу ғалымдарды қанағаттандырмады. Ғалымдар өсімдіктер мен жануарларды құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты белгілі топтарға бөлуге әрекет жасады. Бұл кезде өсімдіктерді және жануарларды жеке сипаттап жазылған еңбектер көп жарық көрді. Енді осындай өсімдіктер мен жануарларды ғылыми тұрғыда жүйелеу кажет болды. Алғашқы кезде ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың бір немесе бірнеше белгілеріне қарап топтастыра бастады.
Тірі организмдерді жүйелеуде көрнекті швед ғалымы Карл Линнейдің (1707—1778 жж.) еңбегі аса зор болды. Ол биологияғылымындағы алғашқы жүйеленім (систематика) ғылымының негізін салушы. 1735 жылы "Табиғат жүйесі" деген еңбегі жарық көрді. К.Линней 8000-нан астам өсімдікке және 4000-нан астам жануарға сипаттама жазды. Ол тірі организмдерді ұқсас белгілеріне қарап:
түрлерді—туысқа,
туыстарды—отрядқа,
отрядтарды — класқа
топтастырды. Ол, осылайша белгілі ретпен жүйелік топтарды сатылы деңгейде белгілеп, әрбір түрді латынның қос сөзімен атауды ұсынды. Мұндағы бірінші сөз — туыстың, екінші сөз — түрдің атын білдіреді. Мұны ғылымда түрді қос сөзбен атау (бинарлық номенклатура) деп атайды. К.Линней ұсынған түрді қос сөзбен атау казіргі кезде де колданылады. Оның жүйелеуіндегі ең жоғары жүйелік топ—класс, ең кішісі — түр тармағы деп аталды. Кейінгі кездегі ғылымның дамуына сәйкес жануарларды жүйелеуде — отряд, тип; өсімдіктерде — қатар, бөлім деген жүйелік топтар косылды. К.Линней өз дәуірінде органикалық дүниені жүйелеудің жетілдірілген жүйесін жасады. Ол сол кездегі ғылымға белгілі өсімдіктер мен жануарларды толық жүйелік топтарға жіктеп шықты. К. Линней, сондықтан да өз заманының көрнекті ғалымы болды.
К.Линней өсімдіктерді жүйелегенде көбіне гүлдеріндегі аталықтары мен аналықтарының санына, ал жануарларды тыныс алу және қан айналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа жіктеді. Мысалы, сүтқоректілер, құстар, қосмекенділер, балықтар, жәндіктер, құрттар деп бөлді. Құстарды отрядка жіктегенде тұмсықтарының пішініне, сүтқоректілерді тістерінің құрылысына қарап топтастьфды. мұндай кездейсоқ белгілеріне қарап жүйелеудің нәтижесінде, К.Линней көптеген кемшіліктерге жол берді. Сондықтан оның жүйесі "жасанды жүйе" болды, осыған сәйкес бір- біріне туыстық қатысы жоқ организмдер бір туысқа жатқызылды. Мысалы, сәбіз бен зығырдың гүлдеріндегі аталықтарының саны бесеу болғандықтан бір туысқа біріктірген. Шын мәнінде бұл екі өсімдік екі түрлі туысқа жатады. Ол тауық пен түйеқұсты бір отрядка топтастырды. Негізінде, тауықтар—қырлы төссүйекті құстар, ал түйеқұстар — қырсыз төссүйектілер болып, жеке отрядтан да жоғары жүйелік топтарға жатады. К. Линней өз жүйелеуінде осындай кемшіліктеріне қарамастан, биологиядағы ғылыми жүйелеуге көп үлес қосты. Ол адамды сүтқоректілер класына, оның приматтар(маймылдар) отрядына жатқызып, түрін—саналы адам (Homo sapiens) деп ғылыми дұрыс жүйеледі.
К.Линней түр өзгермейді деген пікірді ұстанып, жаратушы бастапқы кезде қанша түрді жаратса, казір де сонша түр тіршілік етуде деп тұжырым жасады. бұл да оның кемшілігінің бірі.

К. Линней өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, ең алғашқы жүйеленім ғылымының негізін салды. К. Линнейдін жаратылыстанушы болуына өзі оқып жүрген Лунд қаласындағы Университеттің профессоры Стобеустің үйіндегі мұражайы әсер етті. Линнейді мұражайдағы кептірілген өсімдіктер, құстардың тұлыбы, ұлулардың бақалшақтары, минералдардың жинақтамалары қатты қызықтырған.

Бос уақытында өзі де қаланы аралап, өсімдіктерді теріп әкеліп, әрқайсысын талдап, кептірумен айналысқан. Ерінбей жасаған еңбегі организмдердің ең алғашқы жүйесін құруға кеп септігін тигізді. Өсімдіктерді жіктеу үшін құрылысы жағынан ұқсас дараларды, түрді негізге алды. 

Өсімдіктердің 8000 - нан астам, жануарлардың 4200 - ден астам түрлерін анықтады. Ұқсас түрлерді туысқа, ұқсас туыстарды отрядқа, отрядтарды класқа біріктірді, К. Линнейдің жүйесіндегі ең ірі жүйелік топ — класс, ең төменгісі — түр деп аталды. Барлық өсімдіктерді аталығы мен аналығының санына қарай 24 класқа бөлді. Гүл бөлімдеріне күлте, тозанқап, аталық жіпшесі, шірнелік, аналық жатыны, аналық аузы, гүлтабаны, гүлсағағы, гүлсерігі атауларын енгізді. Өсімдіктің түрін латын тілінде қосарлы атау тізімін (бинарлы номенклатура) (туысы мен түрі) ұсынды.

К. Линней жануарлар дүниесін қанайналым және тыныс алу мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа жіктеді: 1) сүтқоректілер; 2) құстар; 3) амфибиялар; 4) балықтар; 5) бунақденелілер; 6) құрттар.
Карл Линней (1707 — 1778) - организмдерді алғаш рет топтастырып жүйеге келтірген швед ғалымы, жаратылыстанушы. Өсімдіктер мен жануарларды класқа, отрядқа, туысқа, түрге бөлуді де бірінші болып ұсынған. Биологияға 1000 - ға жуық терминдерді енгізген. Жүйелеуде өсімдіктер мен жануарларды латын тілінде түрі мен туысын білдіретін қос атпен атауды ұсынды. «Табиғат жүйесі" атты еңбегі өте құнды болғандықтан 12 рет басылып шыққан

Сүтқоректілерді 17 отрядқа бөлді. Сүтқоректілер класын сүт бездеріне қарап жүйелегендіктен жұмыртқа салушы сүтқоректілер (эхидна, уйректұмсық), ескекаяқтылар, киттәрізділер осы класқа жатқызылды. К. Линнейдің жүйесі "жасанды жүйе" болды, себебі өсімдіктердің туыстық жағы ескерілмеді. Тек ұқсастығы, аталығы мен аналығының санына ғана көңіл аударғандықтан бір - біріне ұқсамайтын өсімдіктер бір топқа жатқызылды. Сәбіз бен зығырдың аталықтарының саны бесеу болғандықтан бір тұқымдасқа біріктірді. Шын мәнінде, екеуі екі түрлі туысқа жатады (сәбіз — шатыргүлділерге, зығыр — зығыр тұқымдасына).
Құстарды тұмсықтарының ұқсастығына, пішініне қарай жүйелегендіктен тауық пен түйеқұс бір отрядқа топтастырылды. Ал негізінде тауықтар — қырлы төссүйектілер, түйеқұстар — қырсыз төссүйектілер тобына жатады.
Жіберген кемшіліктеріне қарамастан К. Линней органикалық дүниенің дамуына жаңалықтар қосып, ен алғашқы жүйені құрды. К. Линней өзіне дейінгі ғалымдардың өсімдіктерді қалай жүйелегендеріне талдау жасады. Олардың өсімдік атауларының бас әрпінің ретіне, гүл күлтесінің пішініне, тұқым санына, пайда - зиянына қарай жүйелегенін байқады. Сондықтан ол ғалымдардың бұрынғы жүйесіне ұқсамайтын ерекше жүйе жасады. Туыс пен түрдің қос атауы бүгінгі күнге дейін ғылымда кеңінен қолданылуда. Өзі жүйелеген сүтқоректілердің 17 отрядының ішінен жыртқыштар мен приматтар отрядтарының толық сипаттамасын жазды. Адамды адам тектес маймылдармен қатар приматтар отрядына орналастыруы көрегендігін білдіреді. Сондықтан К. Линней өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің алғаш негізін салған ғалым болып саналады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 1729 | Загрузок: 333 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]