Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Экожүйедегі негізгі биогенді элементтердің айналымы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 22:48

Экожүйедегі негізгі биогенді элементтердің айналымы

Сабақ мақсаты: Студенттерді «биоценоз», «биогеоценоз», «экожүйе» терминдерімен таныстыру және оларға тән ерекшеліктерді көрсету, тұрақтылық, түрдің кездесу жиілігі, түр басымдығы терминдерін түсіндіру.

Оқыту құралдары мен әдістері: жеке және топтық презентация, аргументтелген эссе, дискуссия және диспут, комментарийлер, портфолио және т.б.

 

Сабақ өткізу жоспары:

Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе терминдеріне анықтама.

Биоценоздың трофикалық құрылымы

Қоректік тізбек, трофикалық деңгей, қоректік торларды сипаттау

Экожүйе өнімділігі (алғашқы және екінші реттік). Линдеманның 10% заңдылығы

Экологиялық пирамида (сандық, биомассалар, энергия пирамидасы)

Экологиялық сукцессия (алғашқы және қайталанған)

 

1 тапсырма. Құрлық және су экожүйелеріне кесте түрінде сипаттама беріңіздер:

 

Экожүйелердің аталуы

Географиялық орны

Климаты

Өсімдіктер дүниесі

Жануарлар дүниесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 тапсырма.  Кестені толтырыңыздар:

«Экожүйе компоненттері»

Органикалық емес заттар

Органикалық  заттар

Климат

Продуценттер

Консументтер

Редуценттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 тапсырма. Табиғаттағы көміртегі айналымын төмендегі тік бұрышты бос көздерге берілген компоненттер бойынша толтырыңыздар: атмосфераның көмір қышқыл газы, өсімдіктер, өсімдіктекті жануарлар, адамның отынды қолдануы,бактериялар мен саңырауқұлақтар, шөгінді карбонатты жыныстар,жыртқыштар, вулкандардың әсері.

 



                     Табиғаттағы көміртегі айналымы

4 тапсырма.


    Академик В.Н.Сукачев ұсынған биогеоценоздың «соқыр» моделінің сызбасы. Бастапқы моделін жасақтау үшін бос ұяшықтарға төменде берілген биогеоценоз компоненттерін толтырыңыздар. Ұсынылған түсініктердің бағыныштылығын дәлелдеңіздер:

- атмосфера;

- өсімдіктер жамылғысы;

- топырақ қабаты;

- гидрологиялық жағдайлар;

- экотоп (қосымша, биогеоценоздың өлі компоненттері);

- биоценоз;

- тау жыныстары;

- жануарлар әлемі (зооценоз);

- саңырауқұлақтар (микоценоз);

- микроағзалар(микробиоценоз);

 

Бақылау сұрақтары:

1.Экожүйе түсінігі.

2.Экожүйедегі зат айналым

3.Экожүйенің қоректік құрылымы

4. Экожүйелердің өнімділігі, Алғашқы және екінші реттік өнімділік

5.Экологиялық пирамидалар. Сандар, биомасса және энергия пирамаидалары

6.Экологиялық сукцессиялар. Бірінші реттік және екінші реттік сукцессиялар

 

Әдістемелік нұсқаулар:

Тақырыпты оқу кезінде төменгі ағзалық жүйе жөніндегі сұрақ негізгі орын алады. Студенттер экожүйелердің сипаттамасын, анықтамасын, экожүйедегі заттар айналымы және қуат ағынын, қоректік тізбектерді жақсы білулері керек.  Қоректік тізбектермен танысу кез-келген экожүйенің құрамдас бөліктері мен құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Оқытушы орманда мекен ететін өсімдіктер мен жануарлар, саңырауқұлақтар түрлерін атап, олардың экожүйе патшалығында алатын орнын атауды сұрайды.  Өсімдіктер, саңырауқұлақтар, бактериялар, микроағзалар, жануарлардың ролін талдау студенттерге экожүйе тіршілігі үшін заттар айналымы қажет екенін, ол олардың органикалық заттарды өндірушілер - өсімдіктер арқылы болатыны, органикалық заттарды тұтынушылар – жануарлар арқылы, органикалық заттарды ыдыратушылар - микроағзалар арқылы жүретіні белгілі. Оқытушы студенттерге экожүйе суреті бейнеленген кестені көрсетіп ондағы қоректік тізбектерді атауды сұрайды. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 6274 | Загрузок: 106 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]