Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 22:51

Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері

Сабақ мақсаты: Студенттерді қазіргі кездегі негізгі ғаламдық экологиялық мәселелермен таныстыру, сондай-ақ ҚР негізгі өзекті экологиялық мәселерімен таныстыру

Оқыту құралдары мен әдістері: ауызша сұрау, кейс-стади, аргументтелген эссе, дискуссия және диспут, комментарийлер, портфолио және т.б.

 

Сабақ өткізу жоспары:

Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелер қандай?

Атмосфера құрамын сипаттаңыз.

Қандай заттар канцерогендер деп аталады?

Ауа ластануының алдын алу шараларын атаңыз.

Әлемдік су қорлары. Дүниежүзілік су әлемінің ластануы.

Тұщы судың жетіспеу проблемалары.

 

1 тапсырма.

Өркениет типтеріне және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме деңгейіне тоқталыңыздар.

 

2 тапсырма

Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы, негізгі этаптары: биогенді, аграрлы, өндірістік, ақпараттық кезеңдерге анықтама беріңіздер.

 

3 тапсырма

Қазіргі кезеңнің ғаламдық экологиялық мәселелеріне қатысты халықаралық конвенциялар мен келісім шарттар және оның маңызын айқындаңыздар.

 

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Тұщы су қорлары қандай? Тұщы су ластану көздері қандай?
  2. Шайынды суларды тазарту негізгі әдістерін атаңыз.
  3. Тұщы су қорларының таусылу себептері қандай?
  4. Су сапасын жақсарту негізгі әдістері қандай?
  5. Топырақ құрамы мен құрылымын сипаттаңыз.
  6. Пайдалы қазбаларды тиімді пайдалану мүмкіндіктері қандай?
  7. Топырақ қышқылдануын азайтатын әдістерді атаңыз.

8.      Топырақтың экологиялық мәселелері. Қазақстандағы  топырақ эрозиясы және оның түрлері.

9.      Шөлдену мәселесі. Топырақтың тұздануы және батпақтануы.

10.  Топырақтың экологиялық мәселелерін шешу жолдары

11.  Гидросфералық ластану. Химиялық, физикалық және биологиялық ластану.

 

Әдістемелік нұсқаулар:

Оқытушы қоршаған ортаны қорғау мәселесінің маңыздылығын оны тарихи аспектіде қарастырған кезде ғана түсінуге болатынын айтады. Ормандардың денсаулықты нығайтудағы маңызын нақты мысалдармен келтіре отырып олардың  құрлықта орналасуына аса мән аударған жөн.  Оқытушы табиғи ресурстарды тек саналы, жоспарлы қолдану арқылы ғана адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға болатынын көрсетеді. Студенттер көптеген жанауарлар мен өсімдіктер түрлерінің жылдан-жылға саны азайып бара жатқанын білетіні белгілі. Табиғатты қорғау жалпы мемлекеттік және жалпы ұлттық іс. Осы жоғарыда айтқандарды назарға ала отырып оқытушы студенттерге Қазақстан республикасында мекен ететін қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жөнінде өздік жұмыстар дайындауға нұсқау береді.

Экологиялық және экономикалық факторларды есепке ала отырып кешенді жүйе құру – халықаралық ынтымақтастық және тұрақты даму мақсаты мен міндеттерін шешуде іс-әрекеттерді біріктіру; ұлттық жүйе есебін нығайту; техникалық ынтымақтастықты нығайту;

Материалды жақсы меңгеру үшін студенттер ғаламдық мәселелерді, олардың себеп-салдарын еске түсіру қажет.  Осы мәселелердің шешімі адам іс-әрекеті мен қоршаған ортаның тікелей және жанама қарым-қатынасына байланысты; мәселені дұрыс шешудегі талап – мониторингтің болуы. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 1979 | Загрузок: 63 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]