Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (44.4Kb) ] 17.11.2013, 23:10

Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері .

 

Мақсаты: Студенттерге өркениет типтері және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме, адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі, табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы.: негізгі этаптары (биогенді, аграрлы, өндірістік, ақпараттық) жайлы білім беру.

 

Жоспары:

1.                  Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі

2.                  Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы

3.                  Өркениет типтеріне және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме

 

Негізгі түсініктер: антропогенді жүктеме, экожүйе флюктуациясы, биогенді, аграрлық, өндірістік, ақпараттық кезең.

 

Өркениет дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға антропогенді жүктеме шамасы да артады. Антропогенді жүктеме –адамдардың және олардың шаруашылығының тұтас табиғатқа немесе оның жеке экологиялық құрамдас бөліктері мен элементтеріне тікелей және жанама әсер дәрежесі. Антропогенді жүктемеге экожүйеге кіретін түр популяциясының ресурстарын пайдалану, мал жаю, рекреациялық әсер ету, ластану т.б. жатады. Егер антропогенді жүктеме жылдан-жылға өзгеріп отырса, онда экожүйе флюктуациясына, ал экожүйеге тұрақты әсер етсе сукцессияға себеп болады. Антропогенді жүктеме экологиялық нормалау көмегімен қауіпсіз деңгейге дейін реттеліп отырады. Экологиялық нормалау нормативтермен бекітіледі. Экологиялық нормативтер дегеніміз- адамның өзін қоршаған табиғи ортаға рұқсат етілген шекті әсер етуінің ғылыми негізделіп, заңнамалық тұрғыда белгіленген шамасы.

Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі

Жекелеген адамзат тіршілігінің дамуы (онтогенез) «жабулы» күйінде адамзат тегінің тарихын қайталайды (филогенез). Тұлғаның адамгершіліктік қалыптасуы процесінде табиғаттың басым күшінің рөлі адамдардың қол жеткізген, тәрбиеленген, дамыған әлеуметтік қасиеттеріне байланысты өзгеріп отырады.

Қоршаған ортаға индустриалды араласудың күшеюін ғылыми-техникалық және ақпараттық революциямен байланыстыруға болады. Ол табиғат ресурстарын шектен тыс өндіруден және қоршаған ортаның қоқыстармен жан-жақты ластануынан көрінеді.  Одан адамзат қоғамы үшін болжанбаған теріс құбылыстарға әкелетін биосферадағы қайтымсыз өзгерістердің қаупі туындайды.

«Табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам ментабиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.

Н.Ф.Реймерс адамның өмір сүру ортасын 4 компонентке бөліп қарастырған. Оның үшеуі антропогенді факторлардың әсерінен белгілі бір дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі-тек адамзат қоғамына тән -әлеуметтік орта. 1. Табиғи орта-адамның әсерінен болмашы өзгеріске ұшыраған немесе өзгерістер оның өздігінен қалпына келу және өз-өзін реттеу қабілетін жоймаған орталар. 2. Квазитабиғи орта (квази-ұқсас) адамның әсерінен өзгерген табиғи орта. Оған егістік танаптары, баулар, жүзімдіктер, саябақтар т.б. жатады. Мұндай орта ұзақ уақыт барысында өзін-өзі ұстап тұруға қабілетсіз. 3. Артетабиғи орта (арте -жасанды) адамның қолымен жасалған орта. Оларға тұрғын және өндірістік ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер, қала және т.б. жатады. Индустриалды қоғамның халқының көп бөлігі нақ осындай жасанды немесе техногенді ортада тұрады. Адамның өзгерген және қолдан жасалған ортасы материалдық ортаны құрайды. 4. Әлеуметтік орта –адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық жағдайын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі, яғни социум.

             Үшінші мыңжылдықта адамзаттың ғаламдық экологиялық мәселелерінің шешілуі жоғарғы оқу орындары студенттерінің қоршаған орта туралы сапалы білім алуына байланысты. Сондықтан да студент жастарға экологиялық білім беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналға экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» және «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясында», «Білім туралы» заңда көрсетілген.

Қоғамдағы жахандану, адам баласының ақыл-ойы мен білімі арқылы қолдана бастаған құрал – жабдықтар, дамыған өндірістік күштерді қолдану нәтижесінде және адамзаттың табиғатқа қатынасы, биосферадағы ішкі тұрақтылық, тепе-теңдік сақталмай қоршаған ортаның табиғи байлығы, қалпы өзгеріп, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына алып келуде. Мұның өзі енді, керісінше табиғатқа адам көмегі, қамқорлығы қажеттігін тудыруда. Ірі оқиғалар мен өзгерістерге толы ХХ ғасыр көптеген проблемалармен қатар экологиялық мәселені де алдыңғы кезекке қойды. Бұл бағытта ХХІ ғасырдың басында істелетін шаралардың бірі экология бойынша білім беру жүйесіне көңіл бөлу.

    Экологиялық білім халықаралық ұйымдар арасында жоғары деңгейде қызығушылық таныта білді. Экологиялық білімнің маңыздылығы, оның мазмұны түрлі халықаралық форумдарда нақтылай айтыла бастады.

             Қоғамдағы өндіріс орындарының артып, ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі күннің өзекті көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл мәселелерге түсініссіздікпен селқос қарау мен техникалық және экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі оганизмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі проблемларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-қатынасардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамымауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін. Табиғат ресурстары мен өзіндік құны арзан қажетті заттарды алу, экономикалық пайда табу, экологияны бұзудың негізгі себептерінің бірі. Қуатты энергия көздерімен және қазіргі заманғы жетілген техникамен қаруланған адамзат табиғатқа елеулі әсерін тигізе алары сөзсіз. Егер бұл әрекеттер мен табиғат заңдарын бұзу фактілері миллиондаған жылдар бойы орныққан байланыстарды бұзса, оның соңы-катастрофалық салдарларға жеткізуі мүмкін. Түптеп келгенде, адамдар қазіргі уақытта өз іс-әрекеті нәтижесінде туындаған апаттармен арпалысып жүр. Әсіресе, адамзаттың қоршаған ортаға әсері мен оған деген орныққан көзқарастарының биосферада қалыптасқан тепе-теңдіктерді сақтаудағы орны ерекше болып отыр.

          Өткен ғасырдың екінші жартысында жер бетінде экологиялық жалпы жағдай өте нашарлап кетті. Мамандардың мәліметтері бойынша, адамда кездесетін науқас түрлерінің басым көпшілігі қоршаған ортаның ластануы тікелей байланысты. Осындай қиын жағдайлардың орын алуы- экологиялық  проблемаларды шешу барысында ғылыми нәтижелерден туындаған шешімдердің дұрыс қолданылмауы немесе оған дұрыс мән берілмеуінен болып отыр.

            Жалпы экология мәселесіне биология тұрғысынан ғана емес, одан да жоғары көзқарастар мен түсініктермен қарау керек сияқты. Табиғат пен қоғам арасындағы  гармониялық байланыстарды дұрыс шешу жоғары білімді эколог мамандардың жауапкершілігінде. Әрине, қоғам мүшелерінің интелектуалды дәрежесі жоғары болған сайын, қазіргі күннің экологиялық проблемаларын шешу жеңіл болатын да сияқты. Экология жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар саласына жатады. Жаратылыстану ғылымы ретінде де, ол адамзаттан сыртта қала алмақ емес, ал әлеуметтік ғылым ретінде оны табиғаттан бөліп қарастыра алмаймыз.

             Қазіргі таңда экологияның бірнеше салалары бар деуге болады. Олар: экология, химиялық экология, географиялық экология, өндірістік экология, өсімдіктер экология, жануарлар экология, социалды экология, адам экологиясы т.с.с. Бүгінгі таңдағы экология салаларының іргелі негізгі көзқарасы- ол биосферадағы тепе-теңдік тұрғысынан және оның бұзылуының қоршаған ортаға әсерін жан-жақты қарастыру болып табылады. Мысалы, химиктер-химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының биосферадағы тепе-теңдігін жан-жақты қарастырып, оның бұзылу себептерін зерттеп және ол тепе-теңдікті орнына келтіру мәселелерімен шұғылдануы қажет болса, ал биологтар организмдер арасындағы тепе-теңдік тұрғысынан зерттеулер жүргізіп және антропогенді факторлар негізінде бұзылған тепе-теңдіктердің организмге әсерлерін жан-жақты қарастырады.

Қазіргі дәуірдің дағдарысты құбылыстарын жеңудің тағы бір шарттары – ғылыми-техникалық прогресті экологияландыру. Осы проблемаларды арнайы әзірлеумен адам, қоғам және қоршаған орта, табиғат арасындағы байланысты зерделейтін экология және арнайы экология шұғылданады. Бұл ғылымдарды экожүйелер мен биосфера эволюциясы қызықтырады. Ғылымның мақсаты – адамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

                Қазіргі заманның, экологияландырудың, ғылыми-техникалық прогресті ізгілендірудің глобальды проблемаларын ұғындыратын концепциялардың ішінде А. Швейцердің жаңа этика концепциясы маңызды орын алады. Оның негізі - өмірді оның кез-келген қасиетінде қастерлеу принципі. А. Швейцердің көзқарастарына сәйкес мәдениеттің даму критерийі қоғам қол жеткізген ізгілендіру деңгейі, ал дағдарыс мәдениеттің адамгершілік-гуманитарлық мазмұнын жоғалтуы болып табылады.

              Ғалымдар К. Циолковскийдің, А. Чижевскийдің, В. Вернадскийдің көзқарастары қызықты болып табылады, олар ХХ ғасыр мәдениетінің бір белгісі – оның космизмділігін, қазіргі заман адамының өз тұрмысының космизмділігін сезінуді суреттейді. Орыс ғалымдарының босфералық концепциялары космостағы барлық тірі заттар мен өлі заттардың байланысын көрсетеді, басқа дүние өкілдерімен байланыс жасау, Жерде болып жатқан космостық процестер мен тарихи процестің өзара байланыс проблемаларын қарастырады.

             Өркениет тағдыры байланысты болатын ХХ ғасырдың дағдарыс проблемалары латынның «глобус» - жер шары атауынан глобальды деген атауға ие болды. Оған мыналар жатады:

1.ҒТП-ның катастрофалық салдарымен байланысты экологиялық дағдарысты жеңу (қоршаған ортаның ластануы, атмосфераның озонды қабатының азаюы, парникті әсер және т.б.);

2.жаппай зақымдау қаруын қолдана отырып, соғысты болдырмау;

3.қайыршылықты, ашаршылықты, сауатсыздықты жеңу, жаңа шикізат көздерін табу, экономиканың әрі қарай дамуын қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық революцияның зиянды салдарын болдырмау.

      Глобальды проблемалардың пайда болуының өз себептері бар. Біріншіден, терең саяси және экономикалық байланыстармен қамтамасыз етілетін қазіргі әлем тұтастығы. Екіншіден, табиғатты бақылаусыз пайдаланатын адамның экономикалық қуаты.

      Үшіншіден, глобальды проблемалар себептерінің бірі елдер мен мәдениеттер дамуының біркелкі болмауы.

      Қазіргі өркениеттің глобальды проблемаларының болуы мен оларды шешу жолдарын бағалауда екі тәсіл бар: «пессимистер» адамзаттың 30-50 жылда құритындығын айтады. «Оптимистер» адамзат пайда болған бөгеттерді жеңіп шығады деп есептейді. 60-70 жылдары адамзаттың болашағы туралы түсініктердің, білімдердің жиынтығы ретінде футурология (латынның болашақ сөзінен) ғылымы пайда болады. Футурологиялық зерттеулерде 1968 жылы құрылған және әлемнің отыз елінің ғалымдарын біріктірген Рим клубы белгілі болды. Рим клубы – глобальды модельдеу. Рим клубының идеалы – адамзаттың ең жақсы қасиеттерін қайта жаңғырту, адамның табиғатпен үйлесімі, адамзат санасын ояту, оның ғылыми-техникалық прогреске көзсіз сенуінен босату, адамның жаңа құндылықтарын анықтау, оның тұрмысын ізгілендіру.

      Рим клубының зерттеулері екі бағытта жүрді. Дж. Форрестер мен Д. Медоузаның көзқарасы жағынан - әлеуметтік пессимизм позициясы – адамзат өркениетінің өсуін шұғыл шектеу, адамзат қажеттіліктерінің құрылымын қайта қарау, экономикалық және экологиялық тұрақтылық бойынша шаралар қолдану. М. Мессарович, Э. Пестель және Э. Тоффлер Жерге қаупі болып тұрған ғылыми-техникалық прогрестен емес, «адам-социум» қатынастар жүйесіндегі түпкілікті төңкерістен шығатын жолды іздеу керек деген қорытындыға келді. Адамның білімі мен қабілетіне, бостандығы мен тәуелсіздігіне, шығармашылық өзін-өзі дамыту идеясына негізделетін жаңа экономикалық әлемді құру пайда болған өркениет пен болашақ мәдениетінің принципі болады.

      Жапон әлеуметтанушысы Е. Масуданың ақпараттық қоғам тұжырымдамасы адамзат өркениетінің жаңа типін қалыптастырудың нақты жолдарын ұсынды. Оның болашақ қоғамы – бұл бірыңғай ақпараттық желідегі қоғамдық бірлестік, оның арқасында адамзат үшін бірыңғай мақсаттар дайындау, ал адамға өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін әзірлеуге мүмкіндік пайда болады. «Ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы болашақ мәдениеттің «материалдық денесін» қалыптастыру жолдарын анықтайды.

      Э. Тоффлердің «үшінші толқын» концепциясында болған демассификациялы, дестандартизациялы және бекітілген инноваттылықпен индустриалдыдан супериндустриалдыға ауысумен байланысты адамзаттың даму жолы ескерілген.

      Жоғарыда көрсетілгендей, дүниенің тұтастығы қазіргі заманның глобальды қарама-қайшылықтарының әрекетін тудыратын себептердің бірі болып саналады

2. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы

            Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.

      Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың  техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.

            Ойкуменнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы палеолит-100 мың, палеолит 45-40 мың; жоғарғы палеолит – 12-10 мың, мезолит 8 мыңға дейін және неолит 5 мың жыл бұрын бітті. Қола дәуірі біздің эрамызға дейінгі 1 мыңыншы жылдың басына дейін, темір ғасыры басталғанға дейін созылды. Қола дәуірінен бастап алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан көне дәуір өркениетінің ескерткіштері негізінде уақытты календарь бойынша белгілеу пайда болды . 

Бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі, кейіннен орта ғасырлық өркениет қалыптаса бастады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мыңыншы жылдардың соңында Египет пен Месопотамияда, 3 мыңыншы жылдардың орта кезінде – Индияда, 2 мыңыншы жылдарда – Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда,  Оңтүстік Арабстанда, Қытайда, 1 мыңыншы жылы және біздің эрамыздағы 1 мыңыншы жылда – Көне Әлемнің көп бөлігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы және таптар тарихының басы болды. Бірақ тарих тұрғысынан қарағанда таптардың түзілу кезеңінен өтпеген жекелеген елдер мен халықтар үшін бұл өркениетке дейінгі кезеңнің соңы мен өркениет тарихының басы болып саналады. Олар тұрақты таптар түзілу кезеңінен өтіп кеткен елдер мен халықтар да алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтарынан толық арылған жоқ. Сондықтан өркениет кезеңіне тән құндылықтарды екі түрлі аспектіде қарастыру қажет: біріншіден, таптық қоғамның біртіндеп жіңішкеріп отыратын перифериясы ретінде, екіншіден, осы қоғамның өз құрылымдары.

            Алғашқы қауымдық периферия мен оның өркениетпен байланыстарының түрлері. Феодалдық мемлекеттердің көпшілігі қалыптасқан біздің эрамыздың 1 мыңыншы жылдарының екінші жартысына дейін алғашқы қауымдық периферия өзінің көлемі жағынан ертедегі өркениет ошақтарынан әлдеқайда үлкен болды. Содан кейін де ол бірталай жерді алып тұрды. Көне әлемде оған адам аяғы баспаған биік таулы және шөл далалы аймақтарды қоспағанның өзінде Арктика, Субарктика және Евразияның тропиктік орманды аймағы жатты. Жаңа әлемдегі Мезоамерика мен Анд тауларының кейбір ерте қоспағанда осы көне әлемге қарады.

              Европалық колонияландыру уақытына дейін бұл аймақта таптық қоғамның қалыптасуы қарқынды жүріп жатқанымен, тек европалықтардан кейін ғана ол қоғам толығымен орнады.

            Алғашқы қоғамдық қауымдық құрылымның бір бөлігінің адамзат қоғамында осыншама ұзақ уақыт, екінші бөлігінің өркениет сатысына өткеннен кейін сақталуы бүкіл әлемдік тарихи үрдістің әртектілігіне байланысты болды.

            Өркениет және оның алғашқы қауымдық перифериясы оның әртүрлі түрлері мен түрлі байланыстардың түзілуіне әкеп соғатын, сол сияқты әлем тарихының бірін-бірі ауыстыратын баспалдақтары арқылы бөлінеді өркениет орталықтарны қарағанда орналасуына байланысты.

             Алғашқы қауымдық периферия жақын және алыс болып бөлінді. Жақын периферия жылдамырақ, алыс периферия жай дамыды, нәтижесінде дамыған және артта қалған перифериялар пайда болды. Таптық қоғамға қатынасты орнына сәйкес алғашқы қауымдық периферия сыртқы (өркениет ареалынан тыс орналасқан) және ішкі (осы ареал шектеріндегі) болып бөлінді. Бірақ жақын периферия әскери күш арқылы көрші таптық қоғамды өзіне бағындырды. Бұндай жағдайда екінші реттік алғашқы қауымдық периферия қалыптасып, олар жаулап алушылар таптық қоғамға өткенге дейін сақталды. Бұндай жағдай тарихта варварлық жаулап алудың салдары ретінде жиі кездесті.

             Өркениет пен қазіргі заманғы алғашқы қауымдық қоғамдар арасындағы байланыстар түрліше: бір не екі жақты, тікелей не қосымша, бейбіт және әскери сипатта болды.

             Жақын перифериямен арада ал қосымша байланысты жақын периферия арқылы алыс перифериямен қатынас барысында пайда болды. Бейбіт байланыстардың ішінде негізгі түрлері—алмасу саудасы, миграция және инфильтрация арқылы, сол сияқты көпшілік және элитарлық, әскери байланыстардан - әскери тонаушылық және жаулап алу, т.б. түрлері болды. Ең кең таралғаны – шаруашылық байланыстар. Олар арқылы еңбекті қоғамдық бөлу және кейбір жағдайда жаңа шаруашылық - мәдениет типтері мен тип тармақтары түзілді. Мысалы, Оңтүстік - батыс Азияда б.э.д. 1 мыңыншы жылда керуен саудаларының қажеттері көшпелі түйекештер тап түзілу үрдісінің алдында тұрған шаруашылық - мәдени тип тармағының бедуин тайпаларының арасында таралуына жағдай жасады. Шаруашылық байланыстар арқылы барлық аса маңызды техникалық және технологиялық жетістіктер: керамика өндірісі және металлургия, желкенді, т.б. көлік түрлері, т.б. таратылды.

               Өркениеттік шаруашылық байланыстар алғашқы қауымдық қоғамдар экономикасының дамуына мүмкіндік жасады. Мысалы, Эгей теңізі бассейніндегі тайпалар басында Таяу Шығыстағы қола құю өндірісіне шикізат жеткізушілер ретінде енген болса, кейіннен өздері Орталық Европа тайпаларын шикізат жеткізушілерге айналдырған археологиялық зерттеулер арқылы анықталған.

      Л.Н.Гумилев әлеуметтік дамуды Күн энергиясының әсерінен деп түсіндіреді.

               Алғаш рет Ғарыш пен Күннің Жерде жүріп жататын үрдістерге, ең алдымен, тіршілік үрдістеріне әсерін орыс ғалымы А.Л.Чижевский түсіндіріп берді.

            1915 жылы 18 жастағы А.Л.Чижевский астрономия, химия және физика салаларын бар ынтасымен зерттей отырып, Күн бетіндегі дақтардың түзілуі мен осы кезде жүріп жатқан бірінші дүние жүзілік соғыста ұрыс қимылдарының синхрондығы қарқындағанына назар аударды. А.Л.Чижевский астрономия, биология және тарих ғылымдары бойынша түрлі ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, Күннің белсенділігінің Жердегі биологиялық және әлеуметтік үрдістерге тікелей әсер ететінін анықтады. Бұл жөнінде оның "Тарихи үрдістердің физикалық факторлары”, "Күн сәулелері желдерінің Жердегі жаңғырығы” деген еңбектері дәлел бола алады.

              А.Л.Чижевскийдің бір қызықты ойы, Күндегі магниттік құбылыстар мемлекет басшыларының денсаулықтарына әсер ететіндігі туралы еді. Көптеген мемлекет басшылары жасы ұлғайған адамдар болатыны белгілі. Әрине, космостағы және Жердегі ритмдер олардың денсаулығына әсер етеді. Бұл жағдай әсіресе, тоталитарлық, диктаторлық тәртіп жағдайындағы елдер үшін өте қауіпті еді. Егер мемлекет басында аморальды немесе психикасы әлсіз адамдар болса, онда олардың ғарыштық құбылыстарға деген паталогиялық реакциялары тек өз мемлекеттерінің халқы үшін ғана емес, сонымен бірге, көптеген елдер жаппай қырып жоятын аса қуатты қаруға ие болып отырған кезеңде, бүкіл баласы үшін орны толмас қайғы-қасірет туғызуы мүмкін.

            А.Л.Чижевский қорытындыларының бір ерекшелігі– Күннің  Жердегі тек биологиялық емес, әлеуметтік үрдістерге де біршама әсер ететіні.  Әлеуметтік қақтығыстар (соғыстар, көтерілістер, революция), А.Л.Чижевскийдің пікірінше, Жер бетіндегі тіршіліктің негізі -  Күннің күйі мен белсенділігіне тікелей байланысты жүреді. Оның есептеулері бойынша, Күннің белсенділігінің төменгі деңгейінде қоғамдағы көпшілік әлеуметтік құбылыстардың аз ғана мөлшері, шамамен 5 % жүреді, ал жоғары деңгейінде – 60 % жетеді.

               А.Л.Чижевскийдің Күннің Жердегі үрдістерге әсері туралы айтылған ойлары мен қорытындылары тек біраз жыл өткен соң ғана тәжірибе жүзінде дәлелденді. Оның көптеген идеялары  да космос және биология ғылымдары саласында біраз уақыт өткен соң қолданылды. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда Жерде жүретін құбылыстар мен үрдістердің Күн және Аймен байланысты болатындығы анықталды.

            Күн белсенділігінің жоғары кезеңінде атмосфераның ағыны қарқындап, ортаның ылғылдылығы артып,  фитомасса ұлғайып, микроорганизмдер мен вирустардың белсенділігі артқанына байланысты, адам организмінде жүрек, қан-тамыр, онкологиялық, нерв жүйесі аурулары көбейеді. Бұлардан басқа тіршіліктің биологиялық ритмдер түріндегі  көрсеткіштерінің циклді өзгерістері – тәуліктік, ай, жыл, жарты жылдық, 2,2-5,5 жыл, 11 жыл, 22 жыл, 88-90 жыл, 180 жыл, 600 жылда байқалады. Әрбір биоритм  гелиоритммен: Күннің айналу кезеңі – 27 күн; Кұн бетіндегі дақтардың сандарының радиосәулелер ағынының өзгеруіне байланысты Күннің белсенділігінің өзгеру кезеңдері, 2,2-2,5 жыл, 5,5-6,0 жыл, 11 жыл, 22 жылдық магниттік цикл – Күннің жалпы магнит өрісінің өзгерістері, сол сияқты 88 жыл, 180 жыл 600жыл.

            Адамдарға қатысты өзара байланыс анық байқалады: тік жүру – 1 жас, сөз сөйлеу, өз бетінше тамақтану 2-2,5 жас, оқып үйрену – 5,5-6 жас, жыныстық жетілу –11 жас, еркектердің ең жоғарғы жыныстық белсенділігі мен әйелдердің өсімталдық қабілеті – 22 жас, еркектердің ең жоғарғы творчестволық белсенділігі мен әйелдердің жыныстық  белсенділігі – 33 жас, әйелдердің көпшілігінде климакс пен еркектедің көпшілігінің жыныстық белсенділігінің тоқтауы – 55 жас.

             Дамудың әрбір фазасы Күн циклінің белгілі бір кезеңімен сәйкес келеді. Л.Н.Гумилев "Этногенез және Жер биосферасы" атты еңбегінде этногенез (халықтың пайда болуы) проблемалары Күн әсері мен географиялық ортаға тікелей тәуелді деп көрсетті. Географиялық орта Жер биосферасының бір бөлігі болып, Күн жұйесінің құрамына – галактикаға кіреді.

3. Өркениет типтеріне және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме

Қоршаған ортаның ауыл шаруашылығымен ластануы және онымен күрес

Ғылыми-техникалық прогресс ғылымда ғана емес, ауыл шаруашылығында да белгіленеді. Аграрлық политиканың басты бағыты – ауыл шаруашылығының қазіргі кезде индустриялық базаға, ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық сфераға өтуі. Сонымен қатар ғылыми-техникалық прогресс ауыл шаруашылығының қоршаған ортасын ластамауы керек. 20 ғ ортасында ауыл шаруашылығына жаңадан қауіп төнді, ол биосфераның минералдық тыңайтқыштармен, пистицидтермен т.б ластануы. Осылардың көбі жер бетіне таралып кеткен. Мысалы: ДДТ 10 жылда жартылай ыдырайды, бұл тіпті жер бетіндегі пингвиннің ұлпаларында да кездескен. 70 жылдары ауыл шаруашылығының ластануы ең басты сұраққа айналды. Ауыл шаруашылығының ластануы үшін көптеген конференциялар болды. Ластаушы көздер – минералдық тыңайтқыштар, малдардың қалдықтары, пестицидтер, т.б.

Минералдық тыңайтқыштар

Ауыл шаруашылығының дамуы үшін минералдық тыңайтқыштарды қолданылады. Тыңайтқыштың мөлшері қолайлы болуы керек. Аз мөлшердегі тыңайтқышпен керекті өнімді алу мүмкін емес. Артық мөлшердегі миниралдық тыңайтқыштар өнімнің сапасын бұзуы мүмкін. Ауыл шаруашылығында көп жағдайда азот, фосфор тыңайтқыштары пайдаланылады, олардың оптималды мөлшері өнімді көп арттыра түседі, ал көп мөлшерде белгілі бір зиянын тигізеді де, өсімдіктерде хлороз тудырып, өнімнің сапасын түсіреді. Тынайқаштардың біраз мөлшері қар суымен және жаңбыр суымен шайылып кетіп отыратындықтан, олармен топырақты өңдеу периодты түрде жүргізіледі.

Сонымен ласталастаушы көздердің ең басты бағыттарына мал шаруашылығы фермалары және комуналдық тұрғылықты пунктермен қатар өсімдік шаруашылығы да жатады.

Жаңбыр және қар суымен шайылып су қоймаларына түскен минералдық заттар суда тіршілік ететін әртүлі гидробиоттар, көптеген су өсімдектері, фитоплоктондарға өз әсерін тигізеді. Қазірге кезде балық аулау және оның дамуы үшін де минералдық тыңайтқаштар пайдаланады. Минералдық тыңайтқыштарды белгілі бір мөлшерде пайдалану кезінде фитоплоктондар, бактериялар, зооплоктондар және омыртқасыздар мен балықтар көбейеді. Алайда егер тыңайтқыштар көп мөлшерде қолданылатын болса, онда кері әсерін тигізуі мүмкін. Ол бастапқы микрофлораға, көк-жасыл балдырларға зиянды әсер етеді, яғни олардың құрамында улы мен қорекке қажетсіз заттар жинақталады. Олармен қоректенетін зооплоктондар жойылып, нәтижесінде балықтардың кейбір түрлері өліп, ал басқаларының өсуі азаяды.

Мал шаруашылығының қалдықтары.

Қазірге кезде көптеген елдерде ірі мал шаруашылығы кешендеріне көңіл бөлініп отыр. Ол етпен және сүтпен қамтамасыз етеді. Алайда мал шаруашылығынан қалған қалдықтар қоршаған ортаны ластайды. Ірі қалаларда мал шаруашылығының қалдықтарын миллиардтаған тоннамен өлшейді. Малдың тамақтандыру аймағында 10 мың малдан күніне 200 т тезек шығарылады. Қазіргі кезде 50-100 мың мал шаруашылығы кешендері салынған. Олардың аймағында көптеген тезектер жиналады. Бұл антисанитарлық жағдай туғызады. Ауаның, топырақтың, грунт суларының ластану мөлшерін, тезек иісінің адамдар тұратын тұрғылықты жерлерге таралмауын қадағалап отыру керек. Ол үшін ауыл аруашылық кешендерін салуды жоспарлағанда жел бағытын ескеру қажет. Мысалы: Австрияда кішігірім қалада шошқа шаруалығы болған, оның иісінен сол жердегі тұратын адамдар көшіп кеткен. Қазіргі кезде қалаларда әртүрлі шаруашылықтар салуға болмайды. Шаруашылықтардан су қоймаларына құйылатын сулар оларды ластайды. Еуропаның кейбір елдерінде суды ластайтын әртүрлі шаруашылықтар жиі кездеседі. Швейцарияда 1969 жылы 2% балықтардың өлуі осы себепті болды. Ауыл шаруаылығынан ластану тұрмыстық ластанудан 150 есе көп. Шаруашылықтарды суқоймалардың, демалыс орындарының, санаторийлердің қасына салуға болмайды. Мал шаруашылығынан қалған тезектерді уақытылы тазалау және дұрыс пайдалану арқасында қоршаған ортаның ластануынан жол табуға болады.

Мал шаруашылығынан қалған қалдықтарды пайдалану жолдары:

1) Тезектерді нормаға байланысты егістікте пайдалану.

2) Көнді немесе тезекті сусыздандыру. АҚШ-та тезекті сусыздандырып, оны өсімдік шаруашылығында қолданады.

Үлкен мал шаруашылық кешендерін салу барысында тезекті қайта өңдеуден өткізетін механикалық құрылымдар қоса салынуына көңіл бөлу қажет.

Ауылшаруашылыққа техниканың әсері.

Ауылшаруашылық техникалары кейбір жағдайларда қоршаған ортаға да зиянын келтіруі мүмкін. Ауыр тракторлар егістікте жүру барысында топырақтың құнарлылығын нашарлатады. Кейбір кезде жеңіл көлік пен тракторларды көлдер мен өзендерде жуады, осының әсерінен судың пайдалану сапасын нашарлатады. Бұл балық шаруашылығына әсер етеді. Осы жағдайларға сәйкес әрбір шаруашылықтың машинамен трактор жуатын жүйелері болу керек.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихының негізгі этаптарына тоқталыңыздар.

2.Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролін атаңыз.

3.Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы туралы не білесіздер?

4.Антропогенді жүктеме деген не?


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 12280 | Загрузок: 2187 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]