Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (34.7Kb) ] 17.11.2013, 23:15

Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.

Мақсаты: Студенттердің климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, шөлейттену, биологиялық алуантүрліліктің азаюы, әлемдік мұхиттың ластануы, өндіріс пен ауылшаруашылығының интенсивтілігіне байланысты экологиялық факторлар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және экологиялық генетикалық салдары сияқты ғаламдық экологиялық мәселелер туралы білімдерін кеңейту.

 

Жоспар:

1.Ғаламдық мәселе түсінігі

2.Судың ластануы

3.Атмосфералық ауаның ластануы

4.Жылу эффектісі

5.Озон қабатының жұқаруы

6.Қышқылды жауын-шашындар.

 

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

- ресурстар проблемасы;

- азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

- энергетикалық проблема;

- демографиялық проблема;

- климаттың өзгеруі;

- экологиялық проблемалар;

- «үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;

- қауіпті ауруларды жою;

- Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

- қылмыспен және терроризммен күрес;

- наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - еркешелікттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманын экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларға төтенше өкілеттік беру. Ғаламдық экологиялық мәселелер қоршаған ортаның әр түрлі дәрежедегі ластануынан орын алады.

Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуынан қолайсыз әсерлердің туындауын. Ластандырушы заттарға тек улы затар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

Ластануды жүйенің тепе-теңдегін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.

Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.

·                    шығу тегі бойынша:

табиғи және жасанды (антропогенді);

·                    пайда болу көзіне байланысты:

а)   өндірістік,ауыл шаруашылық,транспорттық және т.б;

ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры),объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы,бүкіл экожүйе),трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);

·                    әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық,аймақтық,жергілікті;

·                    қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера,топырақ,   гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит,тұщы су,жер асты сулары,өзен сулары және т.б.);

·                    әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы,ауыл шаруашылық ортасы,өнеркәсіп орындарының ішінде,пәтер ішінде және т.б;

·                    әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер),физикалық (радиоактивті,радиациялық жылулық,шу, электромагниттік),физико-химиялық (аэрозолдер),биологиялық (микробиологиялық және т.б); 

·                    әсер етудің периодтылығына байланысты (өнеркәсіп орындарының қалдықтары),екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);

·                    тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – жүз және мың жыл тұратын (азот,оттегі,аргон және басқа инертті газдар),тұрақты -5-25 жыл (көмірқышықыл газы,метан,фреондар),тұрақсыз (су буы,көміртегі тотығы,күкіртті газ,күкіртсутек,азоттың қостотығы,озон қабатындағы фреон).

Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса,оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары.Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне,улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай.Мысалы,көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін кқлеміне және ұзақ сақталу уақытына,олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффектің пайда болуы қамтамвсыз етеді.

Өндірілетін ресурстардың тек 2-3%-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады,ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс,шлактар және т.б.).

Адам қызметінің көңіл аударалық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес,тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады.Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн органикалық қосылыстар бар.Адам қазір 8 млн-нан астам қосылыстарды синтездей алады.Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.

Табиғат ресуртарын пайдалану жылулық ластанумен,яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.

Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі,топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді.Мұнайлы қабықша булануды 20-30%-ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1-3 С-ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдырыс жаңдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Судың ластануы

Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан  шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны  500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.

Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз болады. Суда органикалық заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады.

Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары.

Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.

Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек  еткізеді.

Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шарушылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. Алайда 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады.

Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.

Атмосфералық ауаның ластануы

Атмосфера – әртүрлі газдардың қоспасынан, су буларынан және шаңнан тұратын, планетаның газ тәрізді қабығы. Жердің космоспен зат алмасу атмосфера арқылы жүзеге асады. Жер космостық шаң мен метеориттік материалды алып, ең жеңіл газдарды сутек пен гелийді жоғалтады. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады.

Атмосфераның негізгі құрамына азот, оттек, аргон және көмір қышқыл газы жатады.

Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және антропогендік жолдармен жүреді.

Табиғи ластану көздері: космостық шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала өрттері т. б.

Антропогендік ластану көздері: өндірістік орындар және транспорттар, ауыл шаруашылық, құрылыс және тұрмыс обьектілері.

Антропогендік ластану барлық ластану көздерінің 5% құрайды. Антропогендік ластағыш заттардың химиялық құрамы күрделі, улы, әрі қауіпті.

Атмосферадағы ластаушы көздердің әчері 3 км қашықтыққа жетеді. Ауаның жылдамдығына байланысты ондағы ластағыш бөлшектер 1 км, желсіз ауа-райында күмбез құрап 300-500 м дейін көтеріліп, осыдан шаң біртіндеп қайтадан жерге қонады. Есептеулер бойынша, жыл сайын Париж бен Чикагода әрбір кв. км. 260 т, Нью-Йоркке – 300 т, Лондонға – 390 т, Алматыға – 125 т шаң қонады.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дамыған елдердің 20%   әртүрлі формалы аллергиялық аурулармен ауырады екен. Ауадағы шаң концентрациясының жоғары болуы да – өкпе ауруларының бір себебі.

Ауа бассейнінің негізгі ластаушыларына күкірт оксидтері, күкірт сутек, көміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар ретіндегі қатты бөлшектер жатады.

Арал теңізінен атмосфераға жыл сайын құм, шақ, тұздар 140 млн тоннаны құрайды. Ауыр бөлшектері 800-1000км. қонып қалады, ал майда бөлшектері Белорусия, Литва, басқа елдерге тарайды.

Екібастұз көмір бассейінен атмосфераға 150 млн тонна шаң, күл, қоқыс Монғолияға, Сібірге, Орта Азияға тарайды.

Ауаның мемлекеттік шекарасы болмағандықтан, Атмосферадағы ауаны қорғау глобальдық мағынаға ие болады.

Қазақстанда 1951ж. бастап ШПК(ПДК) нормативтері енгізілген, зиянды шығарылымдар 446 химиялық заттар мен 33 олардың комбинациялар бойынша. Қазақстанда «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы заң 1981ж. қабылданған.

«Жылу эффектісі»

Атмосфераның маңызды компонентінің бірі озон О3 болып табылады. Оның түзілуі мен ыдырауы күннің ультракүлгін сәулелерімен сіңіруіне байланысты. Озон Жердің инфрақызыл сәулелерінің 20% ұстап қалады және ауаның жылыту әсерін күшейтеді. Озон қабаты 122-124км. биіктікте орналасады «озон экраны» деп атайды.

Жылу газдары әсерінен жылу балансының өзгеру нәтижесіндегі жер шарының әлемдік температурасының жоғарлауының мүмкіндігі «Жылу эффектісі» деп аталады.

Американ экологы Б.Небел климаттың жылу мүмкіндігін, яғни «жылу эффектісін» болашақтағы орасан зор катастрофа ретінде қарастырады.

Егер 60 млн. жыл бұрын жер бетіне ірі астероидтың түсуінен болған катастрофа, Небел пікірінше, жануарлар мен өсімдіктердің тұтастай жойылып кетуіне себеп болса, климат өзгеруіне байланысты катастрофа да жеке ағзалар тобына немесе экожүйеге ғана емес, бүкіл биосфераға қауіпті.

Негізгі «жылу эффектісін» тудыратын газдардың біріне көміртегі оксиді жатады және «жылу эффектісін» тудыратын газдардың 50-65% құрайды.

Басқа «жылу эффектісін» тудыратын газдарға метан (20%), азот оксидтері (5%), озон, фреондар және басқа да газдар (10-25%). Олар атмосферадағы барлық газдардың 30% құрайды.

Алынған мәліметтер бойынша осы газдардың әсерінен жердегі ауаның орташа жылдық температурасы соңғы жүзжылдықта 0,3-0,60С көтерілген.

XXI ғ-да планетаның орташа жылдық t0-сы әртүрлі жерлерде 1-3,50С көтерілуі мүмкін.

Егер мұхит деңгейі 1,5-2 м. көтерілсе, құрлықтың 5млн.км2 жері су басып кетеді деп болжанады. Бірақ бұл аудан көп емес (құрылықтың 3% ғана) құрайды.

Климаттың жылуы ауа-райының тұрақсыздануына, табиғи зоналардың шекараларының ауысуына, шторм мен ураганның көбеюіне, жануарлар мен өсімдіктердің жойылуының жылдамдауына әкеліп соғады деген де болжам бар.

Осылардын барлығы 1979 ж. Торонтодағы Халықаралық конференцияда климаттың өзгеру проблемасы бойынша келесідей пікірді туғызды: «жылу эффектісінің соңғы салдарын әлемдік ядролық соғыспен салыстыруға болады» - деген.

Атмосфераға СО2 шығарылуының негізгі техногендік көзі органикалық жанар майларды жағу болып табылады. Болжаулар бойынша XXI ғ-ң бірінші жартысында көміртегінің бөлінуі жылына 10 млрд.т. тең болады.

Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін сіңіруші негізгі факторларға фотосинтез процесінде және мұхиттармен сіңірілуі жатады.

«Озон тесігі»

Атмосферадағы озон проблемасының адам іс-әрекетімен байланысты екі аспектісі бар:

1. Озонның жоғарғы қабаттағы бұзылуы («озон экраны»).

2. Жерге жақын кеңістіктегі концентрациясының көбеюі.

Озон экранының шекарасындағы озон (О3) екі атомдық оттегі молекуласының ультракүлгін сәулелерінің әсерінен ыдырап, келесі бір оттегі молекуласымен қосылуы нәтижесінде түзіледі. О3 тұрақсыз болғандықтан қайтадан О2 түзіліп отырады.

Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы озон мөлшері 3%-ке азайған. Егер озон 1% азайса, онда терінің рак ауруы 5-7% көбейеді. Озондық ең көп жойылуы Антарктидада тіркелген. Бұл жерде соңғы 30 жылда озон қабаты 40-50% жұқарған.

Озон концентрациясының азаюы тіркелген кеңістік шегін «озон тесігі» деп атаймыз.

«Озон тесігінің» пайда болу себептері осы күнге дейін анық емес. Ең алғаш рет олар XX ғасырдың 80-жылдарының басында байқалған.

Озон қабатын бұзатын негізгі антропогендік факторға фреондар (хладондар) жатады.

Пропилент – фреондар өте тұрақты газдар, олар атмосферада 100 жыл өмір сүріп, озон қабатына жетіп , күшті хлор бөледі. Әрбір хлор атомы 100 мың озон атомын бұзады.

Монреальдық отырыста 1980ж.-2000ж. көптеген мемлекеттерде фреондарды өндіруді 50% қысқарту және пропилленттерді басқалармен алмастыру мәселесі қарастырылған.

Бірқатар елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) фреондар (ХФС)–>(ГХФС) гидрохлорфторкөміртекпен алмастырылып жатыр, олардың өмір сүруі 2-25 жылға қысқа, О3-ды ыдырату потенциялы ХФС-ға қарағанда 10 есе аз. Озон қабатының тұрақтылығын жоғарлатудың басқа жолдары іздестірілуде. Озон қабатына этан мен пропан беру атомдық хлорды әлсіздендіріп хлорсутекке айналдырады. Тағы да озонның түзілуімен жинақталуына электормагниттік сәулелендіру, лазер сәулелері, электр зарядтары ықпал етеді. Олар оттектің фотодиссоциациясын жақсартады және озонның жинақталуы мен түзілуіне ықпал етеді

«Қышқылдық жаңбырлар»

Күкірт оксиді – қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70% құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырлар басқа заттардың, әсіресе СО2, шығаруларына байланысты.

Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908 жж. Англияда тіркелген. Қазіргі уақытта жаңбырдың рН 2,2-2,3. Мұндай мәндер лимон шырыны немесе тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар Скандинавия елдері үшін, Англия, Германия, Белгия , Дания, Польша, Канада, АҚШ солтүстік аудандарына тән.

Қалаларда 70-90% атмосферадағы ластану, соның ішінде қашқылдық жаңбырлардың түзілуіне автотранспорт себепті. Қышқылдық жаңбырлардың жағымсыз әсерлері әрқилы. Олар топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектуралы ескерткіштерге, басқа құрылыс обьектілерге әсер етеді.

Қала және ауылдардың ауа ортасын жақсартуда архитектуралық және жоспарлық іс-шаралардың үлкен маңызы бар. Жоспарлау құрылымы микроклиматты жақсартуға және ауа бассейінін қорғауға ықпал жасау керек. Қоршаған ортаның негізгі ластану көздерін ескеру қажет.

Жасыл ағаштар зиянды қоспаларды, радиоактивтік бөлшектерді заласыздандыратын биофильтр болып табылады.

Жалпы атмосфералық ауаны ластанудан қорғау тек аймақтық немесе тұрғылықты масштабта ғана емес, глобальдық сипатта болуы керек.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелер қандай?

2.Атмосфера құрамын сипаттаңыз.

3.Озон қабатының жұқару себептері қандай?

4.Фреондар қандай зиян әкеледі?

5.Қышқылдық жаңбырлар түсу салдары қандай?

6.«Жылу эффектісі» мәнін түсіндіріңіз.

7.Смогтар типтерін атаңыз және олардың адам денсаулығына әкелетін зиянын көрсетіңіз.

8.Қандай заттар канцерогендер деп аталады?

9.Ауа ластануының алдын алу шараларын атаңыз.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 35752 | Загрузок: 3686 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]