Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

09.02.2014, 22:53

Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері.

Сабақ мақсаты: Студенттерді Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері мен оларды шешу жолдарымен және тұрақты дамуды қамтамасыз ету механизмдерімен, ҚР экологиялық тәрбиелеу мен білім беру негіздерімен, ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарымен таныстыру.      

Оқыту құралдары мен әдістері: ауызша сұрау, әңгіме, конференция, аргументтелген эссе, дискуссия және диспут, комментарийлер, т.б.

 

Сабақ өткізу жоспары:

Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері.

Арал, Семей, Каспий, Балқаштың экологиялық мәселері

ҚР радиоактивтi ластану мәселесі.

Қазақстан Республикасындағы өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар мәселесі.

 

1 тапсырма Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. ҚР табиғи ортасының дестабилизация процесі., себептері мен салдары.

2. Аралдың әлеуметтік экологиялық проблемалары.

3. Ядролық қару жарақты сынаудың адамзатқа әсері мен салдары.

4. ҚР территориясындағы әскери-сынақ полигондары. Невада-Семей антиядролық қозғалысы.

5. Қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критериилері.

 

2 тапсырма

Экологиялық мониторинг, оның ұйымдасу принциптерімен таныса отырып, оның классификациясына назар аударыңыздар.  Мониторинг типтеріне толық анықтама беріңіздер.  

 

3 тапсырма

ҚР қоршаған ортаға қатысты ең негізгі құжаты ҚР Экологиялық кодексін талдаңыздар. 

 

4 тапсырма

 ҚР тұрғындарына экологиялық білім мен тәрбие беру ерекшеліктерін талдаңыз.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері қандай?

2. Арал маңының әлеуметтік-экологиялық мәселесін ашыңыз.

3. Семей ядролық полигоны мәселесін түсіндіріңіз.

4. Каспий теңізінің экологиялық мәселелері қандай?

5. Балқаштың экологиялық мәселелері қандай?

6. Экологиялық мәселелерді шешу жолдарын келтіріңіз.

 

Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттер республикамыздағы антропогенді геосистемалық өзгерістерді және осы факторды туғызатын себептерді жақсы білуі керек; алған білімдерін экожүйе біртұтастығын сақтауда түрлердің экологиялық факторларға тәуелді екенін түсіну керек. Практикалық жұмыс соңына қарай студенттер экологиялық шиеленісушілік деңгейлерін, оларды қалпына келтіруге арналған іс-шараларды атайды. Әңгіме барысында студенттер апаттық және дағдарыстық жағдайдағы геоэкологиялық аймақтарды қалпына келтіру және реттуге арналған нұсқаулық мысалдар келтіреді. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 1667 | Загрузок: 103 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]