Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Адам экологиясы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (18.4Kb) ] 17.11.2013, 23:04

Тақырыбы : Адам экологиясы пәніне кіріспе

Мақсаты: Адам экологиясы туралы түсінік қалыптастыру

1        Адам экологиясының    тарихы

2        «Адам экологиясы  » терминінің әр түрлі анықтамалары.

Лекция мазмүны.

Адамзат қоғамының қалыптасуының ерте кезеңдерінде-ақ адамдардың тіршілік ету жағдайлары мен олардың денсаулығының ерекшеліктерінің арасындағы байланыс байқалған. Осыдан екі мың жылдай бүрын ежелгі кезеңнің үлы дәрігері Гиппократ (шамамен б.з.д. 460-370) түрлі жерлерді мекендеген түрғын халықтардың денсаулығына климаттың, судың, рельеф пен жыл мезгілдерінің тигізетін әсерін сипаттап қана қоймай, Жерорта теңізінің еуропалық, азиялық және африкалық жағалауларын мекендеген халықтарға салыстырмалы антропологиялық сипат берді. Оның еңбекгерінде сыртқы ортаның факторлары, тіршілік сипаты адамның тәндік (дене қүрылысының) және жандық (темперамент) қасиеттерінің қалыптасуына белгілі бір ықпалын тигізетінін дәлелдейтін көптеген дәлелдер бар.

XVII ғасырда түрлі аймақтардағы табиғи және әлеуметтік жағдайлардың сол жерді мекендейтін адамдардың денсаулығына әсерін зерттейтін ғылым - медициналық география пайда болды. Оның негізін итальяндық дәрігер Б.Рамаццини (1633-1714) қалады.

Ресейде медициналық географияга байланысты алғашқы еңбектер XVIII ғасырдың ортасында жасалды. Медициналық геогафия XIX ғасырдың ортасында жақсы дамыды. Осы кезеңде егжей-тегжейлі медициналық-географиялық сипаттамалар жасалды, бүл жүмыстарда нақты бір жердің табиғи жағдайларының оның түрғыңдарының денсаулығына жағымсыз да, жағымды да ыкпалы жан-жақты баяндалды.

Н.Ф.Реймерстің (1992) пікірінше, адам экологиясы басқа атаумен болса да классикалық биологиялық экологаямен (биоэкологиямен) бір мезгілде дерлік пайда болды. Көптеген жылдар бойы ол екі бағытта қалыптасты — ағза ретіндегі адам экологиясы және әлеуметгіх экология. Адам экологиясы мәні жағынан әлеуметтік экологиядан үлкен, әрі кең. Бүл бағыт "адам биологиясы" деген атаумен кеңінен дамыды, бүл туралы мәліметтерді И.И.Мечниковтың "Адам табиғаты туралы этюдтер" (1903) және "Оптимизм этюдтері" (1907) атты кітаптарында кездестіруге болады. Орыс дәрігері, профессор ААОстроумов 1895 жылы жарыққа шыққан "Клиникалық дәрістерінде": "Біздің зерттеу затымыз қалыпты өмірі оның тіршілік ету жағдайларымен бүзылған науқас адам болып табылады" деп жазды.

Ресейде адам экологиясы арнайы ғылыми бағыт ретінде үзақ уақытқа дейін бөлектенбеді. Тек 1972 жылы жарыққа шыққан А.П.Авцынның "Географиялық патологияға кіріспе" атта монографиясында адам экологиясына арналған, үлкен бір тарауды кездестіруге. Сол 1972 жылы Стокгольмде адамды қоршаған орта жөнінде алгашқы халықаралық кеңес өтті, ол негізінен адам экологиясының проблемаларына арналды. Бүл мәселелер кейінірек (1983ж) В.П.Казначеевтың "Адам экологиясының теориясы мен практикасыныц очерктері" атты монографиясынан көрініс тапты. 1984 жылы Суздальда биосфера мәселелері бойынша Совет Одағы ғылым Академиясының Ғылыми кеңесі адам экологиясына қатысты оқу үйымдастырды. Мүнда адам экологиясының үғымдарын, түжырымдар және үлгілер жүйесін, оның дәстүрлі экологияга қатынасын айқындауга арналған талаптар жасалды.

Белгілі Ресейлік эколог Н.Ф.Реймерстің ойынша, "адам экологиясы" және "әлеуметтік экология" деп пәндерге бөлуді адамның өзінің дуалистік қасиеттерше қарай жүргізу керек.

Егерде индивидуум, ағза (организм) туралы сөз қозғалса, бүл - "адам экологиясы" (дарақтардың "аутэкологиясы" сияқты). Ал әлеуметтік жағдай қарастырылса, онда бүл - әлеуметтік экологияға жатады.

2. Адам экологиясы дарақтардың, ағзаның аутэкологиясы (грек. аутос - өзім) ретінде ағзалардың мекендеу орталарымен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Бүл қарым-қатынастардың негізінде адам ағзасының (генотиптің) ортаның әсерлеріне морфофизиологиялық реакциялары жатыр. Ағзаға ортаның абиотикалық (физикалық, химиялық), биотикалык және антропогенді факторларының әсері анықталады. Осылайша,

Адам экологиясы - бүл адамның (ағза ретіндс) мекен ету ортасымен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым болып  табылдады.

 Өзін-өзі тексеру сүрақтары:

1. Адам экологиясы нені оқытады?

2. Медициналық география дегеніміз не?

Әдебиеттер тізімі:

1       Агаджанян Н. А., Торшин В.И. Экология человека. М 1994.

2       Антипенко Е.Н. ,Когут Н.И. Генетические последствия загрязнения окружающей среды и перспективы их предупреждения. –Киев, 1990.

3       Вернадский В.И. Биосфера , М. Мысль, 1967.

4       Никитин Д.П. ,Новиков Ю.В. Окружающая среда и человек. –М. 1986 .

5       Сагимбаев Г. К. Экология и экономика. Алматы: Қаржы-қаражат,        1997

6       Скиннер Б. Хватит ли человечеству земных ресурсов? М.: Мир, 1989

7       Урсул А. Д., Уледов В. А. Мамедов Н. М. И др. Введение в социальную экологию. Ч.1,2 М.: Луч, 1994

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 5615 | Загрузок: 464 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]