Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

ЖТБ-ның сепсисі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

11.12.2013, 23:45

ЖТБ-ның сепсисі.

 

ЖТБ-ның сепсисі полимикробты ауру, әртүрлі микробтармен шақырылады: стафилококктар, стрептококктар т.б.

 

Сепсисті қанның қабынуы деуге болады. Инфекцияның қанға өтетін қақпалары- кіндік жарасы, тері, демалу және асқорыту мүшелерінің шырышты қабықтары. Ауру баланың жалпы жағдайының бұзылуымен сипатталады: әлсіздік, денесінің температурасы көтеріледі, терісі бозарып сұрғылт тартады, бала тынымсыз, тәбеті төмендеп, жиі құсады, салмағы төмендейді, дәреті сұйылады, зәрінде паталогиялық өзгерістер болуы мүмкін, қан анализінде қабыну процессінің белгілері-лейкоцитоз, ЭТЖ-ның көтерілуі. Әртүрлі мүшелерде /өкпе, бауыр, бүйрек, сүйек/ септикалық ірің ошақтары пайда болуы мүмкін.

 

Емі:

 

Антибактериалдық терапия-мақсаты: қанға өткен микробтарды өлтіру, балаға ұзақ уақыт антибиотиктер бұлшықетке, көктамырға алмастырылып енгізіледі.

Детоксикалық терапия-мақсаты: қандағы уыттар мен токсиндерді шығару-баланың венасына тамшылатып көп мөлшерде сұйықтықтар құйылады-5%глюкоза, гемодез, ас тұзының физиологиялық ерітіндісі, Рингер сұйықтығы және т.б.

Гипосенсибилизациялаушы терапия-мақсаты: организмдегі микробтардың және антибиотиктердің шақырған аллергиясын төмендетеді-супрастин, тавегил, димедрол т.б.

Витаминдік терапия-мақсаты: зат алмасуын реттеу А,В,С витаминдері егіледі немесе ауыз арқылы беріледі.

Ынталандыру терапиясы-мақсаты:организмнің белсенділігін көтеру-қан, плазма, иммуноглобулиндерді құю /өте қажет болғанда/.

Арнайы терапия-сепсис стафилококкпен шақырылғанда өткізіледі-балаға стафилококқа қарсы плазма, гамма-глобулин егіледі.

Күтімі:

 

Баланы сауылған ана сүтімен тамақтандырады.

Ішетін сұйықтықты жеткілікті беру керек.

Баланың киімінің, төсегінің тазалығын сақтау керек.

Бала жатқан палатаны күніне 7 мезгіл жуып, желдетіп, кварцтап тұру керек..

Төсегінде аударып, жағдайы тартса қолға алып тұрған жөн.

Баланы күтуші медбике жеке бас гигиенасын қатал сақтауы керек.

Сепсистің алдын алуы:

 

Аяғы ауыр әйелдердің денсаулығын нығайту.

Перзентханада асептикалық-антисептикалық шараларды қатал сақтау.

ЖТБ-ды инфекциялық аурулардан сақтау.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 689 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]