Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Жер сілкінісі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

11.12.2013, 23:44

Жер сілкінісі

 

 

     Жер сілкінісі (грек сөзінен шыққан «сейсмос»: жер сілкінісі) жер қабатындағы толқулар мен ауытқулар, жер асты дүмпулері мен соққылары, жер қабаты жылжуынан туындаған немесе адамдардың әрекеті салдарынан пайда болған үлкен қашықтықта болатын құбылыс. Күшті және қиратушы жер сілкіністері ең ауыр болып табылады, онда аймақта тұтастай ел және өңір қалуы мүмкін. Адамзат тарихында осы дүлей зілзалалардан миллиондаған құрбандар, қалалар мен кенттерде жүздеген қаза табулар, құрылыстардың зақымдануы мен жойылулары орын алуда. 

     Жер сілкінісінің себебі соңына дейін анықталмаған. 18 ғасырда ғалымдар мынадай қорытынды жасады, жер қабатында жас учаскелер сілкінеді, осының салдарынан  тау жыныстарының бөліну бойынша ығысулар болады. Бөліну үлкен болса, соғұрлым  жерасты дүмпуінің  күші қаттырақ болады. Кейбір аудандарда жер сілкінісі жиі болып тұрады. Бұл аудандар сейсмикалық белсенді деп аталады.

     Жер қойнауында энергияның жиналуынан үнемі күрделі үдерістер болып тұрады, соның шығу салдарынан сейсмикалық думпулерді болады. Сол энергияның шығуы уақытында, бұл энергия тектоникалық үдеріс деп аталады, плиталардың қозғалысы салдарынан жер қойнауында жарық пайда болады. Осы плиталардың арасында үш түрлі құбылыс болуы мүмкін: плитаның бірі қозғалса, енді бірі жылжиды немесе бір-біріне сырғанайды.

     Екі плитаның соғылғаннан жер үстінде өзгеріс болады, жиналған энергия жер бетіне шығады. Мұндай жер сілкінісінің ұқсас түрін тектоникалық деп аталады. Кейбір кездерде жер сілкінісі плитаның ішкі жақтарында болады – олар плитаның ішкі аралық жер сілкінісі деп аталады. Олар плиталар шетінде қысымның дамуының салдарынан болатын деформациядан (энергияның жинақталуы) туындайды.

Олардың туындау себептері бойынша жер сілкінісінің  жіктелімі

1. Табиғи жер сілкінісінің шығуы

2. Адамдардың әрекеті нәтижесінде пайда болған жер сілкінісі

3. Тектоникалық

4. Вулкандық

5. Опырылу

6. Шеткі (тектоникалық плита шектері)

7. Плитааралық

     Сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері біздің еліміз үшін әрқашан маңызды, Қазақстан аумағының үштен бір бөлігі сейсмикалық қауіпті, онда 6 млн. адам тұрады, республиканың 40%-дан астам өнеркәсіп әлеуеті шоғырландырылған, олар жер сілкінісінің тұрақты қауіпінде тұр.  Республиканың аса сейсмикалық қауіпті өңірі Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары болып табылады.

     Соңғы он жылда көмірсутегі шикізаттарының қарқынды өндірілуіне байланысты, еліміздің батыс өңірінде орналасқан мұнай кәсiпшiлiгi аудандарындағы техногендік сипаттағы күшті жер сілкінісінің нақты қаупі туындайды. 

     Жер сілкінісі қатты болғандықтан, шығатын энергияның санына және ошақтың алшақтығына, жер сілкінісі күшін өлшеу үшін негізгі көрсеткіштер көлемін, олардың кинетикалық энергиясын сипаттайтын, қарқындылық және ошақ тереңділігіне байланысты. Әрбір жер сілкінісінің өзінің ошағы мен эпиорталығы бар.

     Жер сілкінісінің ошағы терең жердегі орын, онда жер сілкінісі пайда болады, ол жерде серпінді сейсмикалық толқындар (гипо орталық) таралады. 

     Жер сілкінісінің эпиорталығы деп ошаққа аса жақын жердің үстіндегі орынды айтады.  

    Жер қойнауында энергияның жиналуынан әрдайым күрделі үрдістер болып тұрады, соның босатылуынан сейсмикалық дүмпулер болады. Жер сілкінісі ошағы болған немесе болатын аумақтарды сейсмикалық облыс деп атайды.

     Ошақтың тереңділігі мен қарқындылығы бойынша 12 балдық халықаралық сейсмикалық шкала құрылған (Рихтер шкаласы).

Жерсілкінісі шартты түрде бөлінеді:

Әлсіз -1-3 балл

Орташа – 4 балл

Едәуір күшті -5 балл

Күшті - 6 балл

Қиратушы -8

Жойқын – 9 балл

Аса жойқын -10 балл

Апатты – 11-12 балл.

Мысалға 3 көріністі алайық.

     4 балл. Орташа жер сілкінісі.

     Дірілді ғимараттың ішіндегі көп адамдар сезеді, далада азын-аулақ. Ұйықтап жатқан адамдар оянуы мүмкін. Тербеліс ауыр жүк тиелген жүк автомобильінің жүрісіне ұқсас. Терезе, есік, ыдыс-аяқ дірілдейді, едендер мен қабырғалар сықырлайды. Аспалы заттар сәл тербеледі.

     7 балл. Өте күшті жер сілкінісі.

Адамдар қорқады, ғимараттан жүгіріп шығады, көпшілігі аяқтарымен әрең тұрады. Үлкен қоңыраулар өздігінен соғылады. Тастан қаланған ғимараттардың қабырғаларында жарық пайда болады, кейбір ғимаратттар қирайды. Опырылу, кішігірім тау көшкіндері, жолдарда жарық болуы мүмкін.

     11 – балл. Апатты.

     Көпірлер, темір жолдар, кірпіш үйлер қирайды. Тас жолдар жарамсыз болып қалады. Ағаштар сынады. Жануарлар мазасызданады.

Жер сілкінісін алдын-ала болжау және ескерту мүмкін емес. Болжау 80 жағдайда анықталады және ұйғарынды сипатта болады. Бірақ, жақында болатын жер сілкінісін анықтауға болатын белгілері бар. Бұл келесі құбылыстар: бұрын белгіленбеген аудандардағы газдың иісі, жарқ еткен көрініс, өте жақын орналасқан электр желілерінің (бірақ бір-біріне тимеген) ұшқыны, үйдің ішінде көгілдір сәуленің пайда болуы. Жер сілкінісінің жақындап қалғанын адамдар жануарлардың мінез құлығының өзгеруінен білуге болады: иттердің ұлуы, жылқылардың кісінеуі, ал құстардың аспанда дөңгелектерді мазасыз  суреттейді, мысықтар жер сілкінісінің болжанатын эпиорталығы аумағынан  қашады.

     Жер сілкінісін тұрақты бақылауды сейсмикалық қызметтер жүзеге асырады. Қазіргі заманғы әлемдік желіде 2000 мыңнан астам стационарлық сесмикалық станциялар есепте бар, олардың мәліметтері жүйелі түрде сейсмологиялық бюллетендер мен каталогтарда жарияланады.

     Жер сілкінісін алдын ала болжайтын және оның күшін белгілейтін арнайы құрал сейсморгаф деп аталады. Жыл сайын бұл құралдар бірнеше жүз мыңнан астам жер сілкінісін белгілейді. Адамдар 10 мыңға жуық жер сілкінісін сезеді, оның ішінде шамамен 100-і қиратушы болып табылады.

     Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатер:

     ҒИМАРАТТАРДЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ ЖӘНЕ ҚИРАУЫ. Бұл жер сілкінісінің зардаптары жер сілкінісі күшін сипаттағанда көрсетілген.

ҚАУІПТІ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ САЛДАР. Жер сілкінісі сиректеу, жердің отыруы, көшкіндер, топырақтағы үлкен жарықтар, тастардың құлауы, топырақтың үлкен көшкіндері, қар көшкіндері, лай ағындары (сел) болады.

     ҮРЕЙ. Жер сілкінісі кезінде адамдар қорқыныштан өз өмірлеріне оғаш немесе қауіпті қимыл жасаулары мүмкін. Үрей адамдар жиналған жерде аса қауіпті; мектептер, ауруханалар, кинотеатрлар, жатақханаларда және т.б.

     ЗАТТАРДЫҢ ҚҰЛАУЫ. Дүмпу кезінде құлап кететін кез келген ауыр және шыны заттар: шкафтар, сөрелер, картиналар, вазалар, айналар, люстралар, люминесцентті шамдар, жабдықтар, аспаптар, сылақ бөліктері, қабырғалардың сынықтары. Терезелерден сынған әйнек сынықтары ғимараттардың ішіне де, сыртына да құлауы жиі кездеседі

     ӨРТТЕР. Кірпіштен салынған пештер өте қауіпті, дүмпу кезінде шашылып қалуы мүмкін, электр желілерінің қысқа тұйықталуы, ашық от, қосылған электр жылытқыш құралдар, плиталар, газ баллондары. Сынған, төңкерілген, қираған ыдыстардан бензин, ацетон т.б. заттардың төгілуі мүмкін.

     ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ. Су құбыры, кәріз және басқа да құбыр желілері, ЛЭП тіреулері зақымдалады, байланыс бұзылады. Жолдар мен көпірлер зақымдалады

Ғимараттардың қирауы, еңістердің көптеген сырғыма және опырулар күшті жер сілкінісі кезінде адамдардың зақымдануы және қаза табуы болып табылады.

     Жер сiлкiнісі кезiнде шығындардың талдауы шығындардың 50%-ы адамдардың терiс мiнез-құлықтырына байланысты болатынын куәландырады. Олар үрейленеді, түйлігіп стресстен жылдам шыға алмайды.

      Еске сақтаңыз, жер сілкінісінен ең жақсы қорғану шаралары - үрейге берілмеу. Бiрiншi дүмпуден кейін ғимараттан шығып кету керек. Егер жағдай бұл мүмкiндiкті бермесе, қауiпсiз орында тасада қалу керек. Терезелерден мүмкiндiгiнше алыс тұрып, iшкi iргелi қабырғаларға жақындау керек. Витрина, шкаф, шыны қалқалардан алыс тұру қажет.

     Жер сілкінісі кезiнде тiрi қалудың басты факторлары - бұл сiздiң тыныштығыңыз, әзірлігіңіз,  ұғымталдығыңыз.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 6084 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]