Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Желшешек


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

11.12.2013, 23:44

Желшешек

 

Желшешек – баланың терісіне, шырышты қабаттарында көпіршік тәріздес лимфаға толы бөртпе шығып, кейіннен бұл бөртпелер кеуіп, орнына ққабықшалардың қалуымен сипатталатын инфекциялық ауру.

 

Қоздырғышы- фильтрленуші вирус.  сыртқы артада тұрақсыз.

 

Эпидемиологиясы:

 

Ауру көзі-ауру адам.

Аурудың таралу жолдары- ауа-сілекей жолы.

Төзімділік (сезімталдық-6 ай-12 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.

Иммунитет-тұрақты,

Маусымдылық- қыс-көктем.

Клиникалық белгілері:

 

Жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Бастапқы кезеңі көбінесе байқалмайөтеді.

 

Бөртпе шығу кезеңі:  Баланың дене қызуының көтерілуімен қатар, бетінде, денесінде, басында, аяқ-қолында, шырышты қабықтарында желшешектің бөртпелері пайда болады: бастапқыда бөртпе терінің үстінде көтерілген қызыл дақ болып шығады, біраздан кейін дақтардың ішінде лимфа жиналып көпіршік пайда болады, 1-2 күннен кейін көпіршік қүрғап қабыршақтанып қалады.. Бөртпенің шығуына байланысты денесі қышып ауру мазасызданады.

 

Аурудың өрістеу кезеңі:  Желшешектің бөртпесі полиморфизммен сипатталады.: терінің бір жерінде қызыл дақтарды, көпіршіктерді және қабыршшықтарды көруге болады.. Өрістеу кезеңі 5 күнге дейін созылады, содан кейін бөртпенің шығуы тоқталып, 1-2 аптаның ішінде денесі қабыршықтан тазаланады.

 

Асқынулары:  стоматит, ларингит, менингит, энцефалит, пневмония, терінің іріңді жарасы.

 

Емделуі және күтімі:

 

1 Бала үйде емделеді, жалпы жағдайына байланысты төсек режимін сақтағаны жөн.

 

2. Диета- жасына сай, жылы, жұмсақ.

 

3. Жеке бас гигиенасы-тырнақтарын алып тастау керек.

 

4.Көпіршіктерді әбден құрғағанша 1-2 процентті бриллиант жасылымен немесе 2 процентті перманганаттың ерітіндісімен өңдеу.

 

5. Симптомдық ем.

 

6. Ауру асқынып қабыну процесстері дамыса-антибактериальды ем.

 

Профилактикасы: әдеіленген алдын-алуы жоқ.

 

Ошақтағы шаралар:

 

1.Ауруды оңашалау-5 күн, бөртпе шығуы тоқталғанша.

 

2.СЭС-ке №58 форма бойынша хабар беру.

 

3. Ауру баламен қарым-қатынаста болған балаларға 21 күнге карантин тағайындау., бөлмесінің тесіктерін екі жақтан желімдеп жабу.

 

4. Бөлмені жиі желдетіп, сүртіп тұру.

 

5.Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 1986 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]