Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Зәрдегі ацетонды анықтаудың экспресс-әдісі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

14.12.2013, 23:10

Зәрдегі ацетонды анықтаудың экспресс-әдісі

 

Мақсаты: Қант диабетімен, жүйке-артриттік диатезбен ауыратын балалардың зәріндегі кетонды денелердің (ацетон) сапалы анықтау.

 

Көрсеткіші: балада қантты диабеттің анықталуы.

 

Кері көрсеткіші: жоқ

 

Керекті құралдар:

 

·        Экспресс-диагностикаға арналған таблеткалар.

 

·        Сүзгіш қағаз.

 

·        Горшок.

 

·        Резеңке қолғап.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1.      Анасына  шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

 

2.      Керекті құралдарды дайындау.

 

3.      Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

 

4.      Экспресс-диагностикаға арналған таблеткаларды (құрамында: нитропруссид, күкірт қышқыл алюминий бар) алып, сүзгіш қағаздың үстіне қою.

 

5.      Таблетканың үстіне таза горшокқа жиналған зәрдің 2-3 тамшысы қосылады.

 

6.      1-2 минуттан кейін таблетканың түсі өзгереді.

 

Нәтижесін бағалау: Таблетканың түсін шкаламен салыстыру:

 

·        Ақшыл сары-«әлсіз оң» (+);

 

·        Қызыл-қоңыр-«оң» (++);

 

·        Шие түстес-«күрт оң»(+++);

 

7.      Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

 

Ескерту:

 

1.      Материалды алу және зерттеу тез арада қабылдау бөлімінде өткізіледі.

 

2.      Таблетка болмаған жағдайда: 10 гр.натрий нитропруссид, 20 гр.аммоний сульфат, 20 гр. сусыз натрий карбонатты алып мұқият араластырып ұнтақталады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 783 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]