Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Қызылша


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

14.12.2013, 23:20

ҚЫЗЫЛША

 

            Қызылша – аурудың жалпы жағдайынан бұзылуымен, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен және денеге теңбіл, терінің үстіне көтеріліп бөртпе шығуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

 

            Қоздырғышы: фильтрленуші вирус. Бұл вирус қоршаған ортада төзімсіз, бірақ өте ұшпа, яғни вирус ауамен тез және алысқа тарайды.

 

            Эпидемиология:

 

Ауру көзі-ауру адам, қызылша әсіресе бастапқы және бөртіп шыққан алғашқы күндерінде мейлінше жұққыш болып келеді. Бөртіп шыққаннан 4 күн өткен соң науқас қауыпты емес.

таралу жолы –ауа –сілекей жолы. Қызылшамен ауырған кезде пайда болатын жөтел мен түшкіру инфекцияның таралуына себеп болады. қызылшамен ауырған адаммен бір бөлмеде және қасындағы бөлмелерде болу балаларға жұғу қаупін төндіреді.

Сезімталдық балаллар жас шамасына қарамастан қызылшамен ауырғыш келеді, әсіресе 1-8 жас аралығындағы балалар.

Маусымдылық – қыс, көктем айлары.

Иммунитет –тұрақты.

Клиникалық белгілері: Қызылшаның 4 кезеңі бар

 

Жасырын кезең

Катаральды кезең

Бөртпе шығу кезеңі

Реконвалесценттік кезең

Жасырын кезең 9-10 күнге созылады, ал егілген балада 21 күнге дейін болады.

 

Катаральды бастапқы кезең 3-5 күнге созылады. Баланың дене қызуы 38-390С-ға дейін көтеріледі, катаральдық белгілер пайда болады: мұрнынан су ағады, жөтел, түшкіру, коньюктивит, көз қарығу болады. 

 

Осы кезде қызылшаға ғана тән Бельский-Филатов-Коплик белгісі пайда болады: ауыздың сілекейлі қабығында, азу тістерінің тұсында ұнтақ жарма тәріздес ұсақ ақ дақтар пайда болады, олар 2-3 күнге дейін сақталады. Мұнымен қатар жұмсақ таңдайдың сілекейлі қабығында қызғылт дақтар –энантэма пайда болады. ауырған баланың беті қабырынқы, көзі қызарып, жасаураған, қабақтары ісіңкі, көзі қарығулы, мұрнынан су ағып тұрады.

 

Бөртпе шығу кезеңі. Аурудың дене қызуы 39-400С дейін көтеріліп, көңіл күйі бұзылып, бас ауырғаны ұлғайып, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, ен жар көңілді. Аурудың денесіне этаппен бөртпе шығады.

 

Бірінші күні ауырған баланың бетіне, құлақтың сыртына, мойнына, терінің үстіне көтеріліп теңбіл бөртпе шығады.

 

Екінші күні денесіне шығып, кейбір бөртпелер қосылып ұлғайяды.

 

Үшінші күні бөртпе қолдарына, аяқтарына тарайды. Бөртпе шығып болғаннан кейін аурудың дене қызуы төмендеп жалпы жағдайы жақсара бастайды.

 

Реконвалесценттік кезең – бөртпе шыққандағы кезекпен жоғалады да орнында қоңыр дақ қалады. Аурудың клиникалық көріністерінін жойылуы баланың толық айығып кеткендігін білдірмейді, оның организмі әр алуан микробтарға қарсы тұра  алмайды.

 

Қызылшаның 3 түрі бар: жеңіл, орташа, ауыр түрі.

 

Асқынуы: пневмония, ларингит, бронхит, энцефалит

 

Емдеу:

 

1.                              Баланы оңашалау, ауырған балалар көбіне үйінде емделеді. Ауруханада қызылшаның тек қана ауыр түрі және ауруды оңашалауға мүмкіншілік болмаған жағдайда ғана жатқызылады.

 

2.                              Ауырған баланың жатқан жерін таза ұстап, желдетіп тұру керек. Балаға гигиеналық күтім өткізу: беті-қолын уақытылы жуу, көзін, мұрнын тазалау, еріндерін майлау, аузын шайдыру.

 

3.                              Тамақ баланың жасына сай болып, витаминдерге бай болуы керек.

 

4.                              Витаминдер комплексі

 

5.                              Симптоматикалық ем

 

Профилактикасы: Арнайы профилактика –бала 12 айға толған кезде қызылша вакцинасы 0,5 мл. бұлшық етке еңгізеді. Ревакцинациясы 6-7 жасында.

 

            Ауру ошағында эпидемиологияға қарсы жүргізілетін шаралар:

 

Ауырған баланы 5 күнге оңашалау

СЭС-ке № 58 формамен хабар беру

Ауру баламен қарым-қатынаста болған балаларға 21 күн карантин тағайындалады: күнделікті бақылау, балаларды басқа топқа аударуға, бұл топқа жаңа бала қабылдауға болмайды. Есіктердің саңлауларын екі жағынан қос қабаттап желімдеу.     

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 4450 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]