Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Талма ауруының генетикасы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

11.12.2013, 22:54

Талма ауруының генетикасы

 

Талма (эпилепсия) ауруымен бүкіл әлем бойынша 20-дан 40 миллион дейін адамдар ауырады. Еуропада бұл аурудың әртүрлі жас аралығында кездесу жиілігі 100000 адамға шаққанда 40-70 аралығында анықталады. Аурудың ең басым көрсеткіші бір жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Алғашқы талма 75 пайыз жағдайда 18 жасқа дейін дамиды. Ең минималды жиілігі 30 және 40 жас аралығында, ал қарт адамдарда бұл көрсеткіш қайта жоғарылайды. Талма ауруы 12-20 пайыз жағдайда жанұялық сипатта болады. Талма ауруы ерте заманнан белгілі. Біздің заманымызға дейін 400 жылдары Гиппократ осы талма ауруына арналған бірінші трактатын «Қасиетті ауру» жазды. Бұл ғұлама дәрігер талма ауруының табиғатын тұқымқуалаушылық пен бас миының ақауларымен байланыстырды. Ал, талманың дамуын бас миының тығыздығын өзгертетің күн сәулесімен, жел және суықпен әсер етеуінен-, деп есептеді. Қазіргі заманғы түсінік бойынша талма ауруы мультифакторлы аурулар тобына жатады. Патогенезінде бас миындағы эпилептикалық ошақта нейрондардың шамадан тыс қозуының салдарынан клиникалық көрінісінде қайталамалы жайылған талманың дамуымен сипатталады.

Жіктелуі

 

Клиникалық көрінісінің әртүрлігіне байланысты біріңғай жіктеу мүмкін емес. Халықаралық талма ауруына қарсы ұжымның (ILAE) 1989 ж. конгресінде қабылданып, ең кең түрде таралған Халықаралық жіктеу негізінде екі принцип ұсталған. Ол орналасуы және этиологиясы. Этиологиялық белгі бойынша барлық талма ауруы идиопатикалық, симптоматикалық және криптогенді болып бөлінеді. Талманың идиопатикалық түрі жеке ауру болып табылып, талманың дамуы басқа аурулар әсер етпейді және бас миында зақымдану анықталмайды. Бұл талма түріне генетикалық және қоршаған ортаның факторлары әсер етуімен байланысты болып келеді. Симптоматикалық талмада этиологиясы белгілі және бас миының морфологиялық бұзылуымен (бас ми ісігі, бас миындағы тыртықтар, глиоз және т.б) байланысты болып келеді. Криптогенді тірінде талманың даму себебі белгісіз болады. Анатомиялық белгілері мен сипаты бойынша талма ауруы жайылған және жергілікті (фокальды) деп бөлінеді.

Талма ауруының дамуында генетикалық факторлар

 

Генетикалық тұрғыдан алғанда талманың идиопатикалық түрі қызығушылық білдіреді. Идиопатикалық талма ауруы түрінде тұқымқуалаушылықтың ролі дизиготты егіздерге қарағанда монозиготты егіздерде конкорданттылықтың жоғары болуы сипаттайды: сәйкес алғанда 94,7 және 15,4%. Жүргізілген көптеген клинико-генеологиялық зерттеулер (талма ауруы бар жанұяның шежіресін құрастырып, анализ жүргізу) нәтижесінде талма ауруы бар жанұяда 3-4% кездесіп, жалпы популяцияға қарағанда 2-4 есе жоғары екендігі дәлелденген. Атақты эпилептолог Lennox W 1951 жылы спайк-комплекс талманың көптеген түріне тән екендігін көрсетіп, тұқым қуалаушылықтың белгісі деп есептеген. Осы жағдайды есепке ала отырып талмамен ауыратың науқыстардың электроэнцефалографиялық ритмдер сипатын зерттеуге негіз болды. Сонымен қатар, талма ауруының тұқымқуалаушылық табиғатына жас ерекшеліктері де әсер етеді. Қазіргі кезеңде талма ауруының дамуына алып келетің барлық белгілі гендер ион каналдарының әртүрлі бірліктері кодталуда. Талма ауруына осындай бірнеше гендердің тобын бөлуге болады: рецепторлық және потенциал тәуелді ион каналдары. Оларға натрий, калий, кальций, хлорлы каналдар гені; тежеу және қозу нейромидиаторының гендер (ГАМК, серотонина); рецепторлар мен тасымалдағыштар гені; нейрон қабаты арқылы нейромидиаторлардың тиімді берілуін атқаратың ақуыз өнімдері жатады. Барлық аталған гендер тобы жеке түрде немесе бір- бірімен қосылып талманың дамуына ықпал етеді. Қазіргі заманғы молекулярлы-генетикалық әдістер арқылы талма ауруының кейбір түрлерін нөмірлеуге мүмкіндік берілді (яғни талманың дамуына әкелетің геномда орналасқан жері). Талманың осындай түрлерінің мысалы ретінде: • қатерсіз неонаталды талма • ювенильді миоклоникалық талма • аутосомды-доминантты түнгі маңдай талмасы. Басқа көп факторлы аурулар сияқты идиопатикалық талма түрінде геннің белгілі бір хромосомалық бөлігінде орналасуында екі негізді қолданады: функциональді (кандидатті) және позиционды нөмірлеу. Кандидатты нөмирлеу кезінде гендердің полиморфты түрлерімен бірлескен ауруларға анализ жүргізеді. Позициялық нөмірлеу кезінде тұқымқуалаушылыққа бейімділіктің генің идентификациялау ауруды белгілі хромосомалық жағдайдың кез келген маркерімен байланыстыру арқылы жүргізіледі. Жоғары информациялы генетикалық маркерлердің кеңейген жиынтығымен қызықтыратың ауруға байланысқан анализ жүргізуде «толықгеномды» скрининг тиімді болып табылады. Бұл әдіс арқылы талманың келесі түрлері анықталған: Унферрихт - Лундборг миоклонус-талмасы, нейрональді цероидті липофусциноз, аутосомно-доминантты маңдай талмасы түнгі ұстамамен.

Талма ауруы бар жанұяны медико-генетикалық кеңес беру

 

Талма ауруы бар науқастың жанұясына медико-генетикалық кеңес беру мақсаты сибстер (аға және қарындас) үшін және пробанданың (науқас) баларына талманың даму қаупін анықтау. Ол үшін шежіре туралы және аурудың басталған кезеңің есепке ала отырып, сонымен қатар талманың сипатына толық мәлімет жинау қажет. Келесі жағдайда кеңес беру маңызды болып табылады: • Талманың ерте жаста басталуы. Жағдайдың тұқымқуалау себебін жоққа шығару үшін қосымша генетикалық тексеруді қажет етеді. • Талмамен ауыратын науқастарды жүктілік қауіпті фактор болып табылады. Сондықтан да медико-генетикалық кеңес берудің екінші маңызды мақсаты болып талма диагнозы анықталған әйелдерге жүктіліктің мүмкіндігі жайлы және баланың туылуы мен ұрыққа талмаға қарсы дәрілердің әсері жайла кеңес беру болып табылады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 1396 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]