Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Тағамдық мембраналық ыдыратылуының бұзылыстары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

14.12.2013, 23:36

Тағамнық мембраналық ыдыратылуының бұзылыстары

 

Астың мембраналық ыдыратылуы аш ішектің шырышты қабығы эпителийлерінің жиектерінде бекітілген ферменттермен болады. Ішектін бұл қызметінің бұзылуы жасушалардың бүршіктерінің атрофиясы кезінде байқалады.

Тағамның мембраналық ыдыратылуының бұзылыстары мына жағдайларда болуы мүмкін:

1. астың қуыстық ыдыратылуының жеткіліксіздігінде;

2. аш ішектер эпителийлерінің ултрақұрылымы мен бүрлерінің құрылымы бұзылғанда. Мәселен, тез дамитын дизентерия кезінде ішек бүрлерінің биіктігі төмендейді, сәулелік ауру кездерінде, кейбір антибиотиктерді (неомицин) қолданғанда ішек бүрлерінің атрофиясы болуы мүмкін;

3. астың мембраналық ыдыратылуына қажетті ферменттер жеткіліксіз өндірілгенде немесе олардың белсенділігі төмендегенде. Ұзақ мерзімде антибиотиктер (хлортетрациклин, неомицин ж. б.) қабылдағанда олардың белсенділігі төмендейді. Гипо-, немесе ахолия кездерінде ішек жасушаларымен ферменттерді тамақ қойыртпасынан (химустан) сорып алу төмендейді;

4. ішектердің қимылдық әрекеттері бұзылғанда ішек қуысынан эпителий жасушаларының бетіне қорытылатын заттарды тасымаудау бұзылады.

Астың мембраналық ыдыратылуы бұзылғанда ауыр ас қорытудың жеткіліксіздігі пайда болады. Сіңірілу үрдісі қатты бұзылады. Өйткені: ферменттердің жеткіліксіздігінен тағамдық заттар толық ыдырамайды және ішек бүрлерінің қызметі бұзылады. Осыдан ас қорыту жеткіліксіздігі дамиды. Көп мөлшерде ыдырамаған нәруыздар, майлар, көмірсулары ішектің төменгі бөліктерінде ауысады. Онда бактериялардың әсерлерінен ішектің шырышты қабығын бүлдіретін және іш өтуге, уыттануға, дегидратацияға, балаларда гипотрофия дамуына әкелетін улы заттар құрылады.

Ішектің бағаналы жасушаларымен ферменттердің түзілуінің бұзылуы өз алдына астың ыдыратылуына теріс әсер етуі мүмкін.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 765 | Загрузок: 93 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]