Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Резистенттік (төзімділік)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

14.12.2013, 23:32

Резистенттік (төзімділік) – организмнің патогенді факторларға төзімділігі. Төзімділіктің айқындалуының формалары әр-түрлі. Мысалы: тері мен шырышты қабат микроорганизмдердің енуіне тосқауыл қызмет атқарады.

Біріншілік төзімділік – тұқымқуалаушылық. Организм өзінің конституциялық ерекшеліктеріне байланысты сыртқы патогенді микроорганизмнің енуіне, өсіп-өнуіне, ауру тудыруына жағдайлы ортасы жоқ.

Екіншілік төзімділік – жүре пайда болған төзімділік. Инфекциялық аурулардан кейнгі, егулерден кейінгі иммунитет.

Пассивті (белсенсіз) төзімділік – организмнің баръерлік жүйесінің (тері, шырышты қабат), бактериоцидтік факторлар (асқазандағы тұз қышқылы, сілекейдегі мезоцим), тек тік иммунитет.

Активті (белсенді) төзімділік – қорғаныс бейімделу және компенсаторлық механизмдердің қосылуымен қамтамасыз теіледі (фагоцитоз, антиденелердің түзілуі, токсиндердің залалсыздандырылуы және шығуы, стресс гормондарының бөлінуі, тыныс алудың және қан айналымның өзгеруі, қалтырау, т.б.

Реактивтілік пен төзімділіктің түзілуі организмнің конституциясына, зат алмасу ерекшелігіне, жүйке, эндокрин, иммунды жүйелерінің жағдайына, жасына, жынысына, сыртқы ортаның жағдайына байланысты.

Конституция – (лат.constitutio – жағдай, қасиет) сыртқы ортаның әсерінен генотип негізінде пайда болған тұрақты морфофункциональдық, психикалық ерекшеліктер.

Адамның дене құрылымына байланысты 3 түрі бар:

А) Нормостеник – қалыпты.

Б) Гиперстениктер – иықтары кең, аяқ-қолдары салыстырмалы қысқа, беті дөңгеленген, мойны мен кеудесі қысқа, эпигастральды бұрышы 900-тан жоғары, іші үлкен, бұлшықеттері мен тері асты майлы қабаты жақсы дамыған. ӨТС – төмен, өйткені диафрагма жоғары орналасқан, жүрегі үлкен, горизонтальды орналасқан, аортасы кең.

В) Астениктер – бойлары ұзын, арықша, эпигастральды бұрышы үшкір. Барлық көрсеткіштері гиперстениктерге қарама-қарсы.

Нормостениктерде жоғарғы тыныс жолдар аурулары, қозғалыс аппараты аурулары, невралгиялар, коронаросклероз жиі кездеседі.

Гиперстениктерде қан қысымының жоғарылауы, инсульт, қант диабеті, семіздік, атеросклероз, жүректік ишемиялық ауруы, қан тамырларының тромбозы, холецистит, жоғарғы қышқылды гастрит көп кездеседі.

Астениктерде – гипокгликемия, қышқылдығы төмен гастрит жиі кездеседі, төзімділіктері төмен, жарақаттар мен күйіктер шокпен асқынады, сепсис ауыр түрде өтеді, туберкулезбен жиі ауырады, тәбеті жоғары болады.

Төзімділік жасқа да байланысты. Нәрестенің АФЕ-рі тыныс жолдары ауруларының, асқорыту ағзаларының ауруларының, диатездің жиі кездесуіне септігін тигізеді.

1-3 жастағы балалардың функциональды жетіспегендігіне байланысты, иммунитеттің төмендегеніне байланысты (организмі антиденелер түзуге қабілеті төмен, плацента және ана сүті арқылы анасынан алған антиденелер жоғалуына байланысты) баръерлік жүйенің жетілмегендігіне байланысты. Организмі инфекциялық ауруларды тез қабылдайды (қызылша, скарлатина, көкжөтел, күл).

Қартайған шақтағы адамдарда қатерлі ісіктер, атеросклероз, жүрек ишемиясының жиілігі артады. Бұл жүйке жүйесі қызметінің төмендеуімен, баръерлік жүйенің нашарлауымен (әсіресе инфекциялық ауруларға бейім), тікелей байланысты. Дәрілік препараттардың метаболизмінің төмендігімен байланысты оларға аз дозамен тағайындалады

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 1074 | Загрузок: 95 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]