Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Пневмония


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

14.12.2013, 23:30

Пневмониялар.

 

Пневмония - өкпе ұлпасының қабынуы. Пневмонияның себептері: әртүрлі  инфекциялар, бактериялар (стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар т.б.), вирустар, патогенді саңырауқұлақтар, микоплазмалар. Балалардың өкпе ққабынуымен ауыруына келесі факторлар себепкерболады:

 

1.                      Баланың организмінің реактивтілігінің төмендеуі (қажып шаршау, стресстік ситуациялар, нашар тамақтану т.б.).

 

2.                      Балалардың тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі.

 

3.                      Фондық аурулар-мешел, анемия, гипотрофия, аллергиялық диатездер.

 

4.                      Қатты тоңазу.

 

Патогенезі: инфекция өкпеге бронхогенді, лимфогенді, гематогенді жолдармен түседі. Өкпенің қорғаныс қызметі төмендеп қабыну процессі дамиды. Өкпенің вентиляциясының және газ алмасуының бұзылыстары гипоксияға және гипоксемияға әкеледі. Зат алмасудың барлық түрлері бұзылады.

 

Диагностикалық критерийлері:

 

Ұзақ фебрильді қызба.

Интоксикация белгілері.

Тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері- ентікпе, цианоз, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы.Тұрақты жергілікті өзгерістер: Аускультативті-ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар, перкуторлы-қабынған жердің үстінде дыбыстың қысқаруы.

Рентгенографияда-көлеңкелер.

ЖҚА-де- нейтрофильді лейкоцитоз, ЭЖТ-ның жоғарылауы.

Пневмониялардың жіктелуі

 

Зақымданған аймағына байланысты:

 

Ошақты

Сегментарлы

Крупозды

Интерстициальды

Ағымына байланысты:

 

Жедел /2 айға дейін/

Созылыңқы /2-8 ай/

Созылмалы /8 айдан жоғары/

Ауырлығына байланысты:

 

Жеңіл.

Орташа.

Ауыр.

Асқынуына байланысты:

 

1.Асқынған.

 

2.Асқынбаған.

 

Өкпе қабынуының жаңа туған және шала туылған балалардағы ерекшеліктері:

 

Ауру әлсіз айқындалады, дене қызуы көп жағдайда көтерілмейді, бала жөтелмеуі мүмкін, бірақ жиі шашалған сияқты болады, тәбеті төмендеп, салмағы азаяды. Аллергияға бейім балаларда тыныс алу жетіспеушілігінің синдромдары жедел өседі, алыстан естілетін ысқырған сырыл пайда болады.Стафилококкпен шақырылған пневмониялардың ерекшелігі-өкпе тканінде ірің мен ауаға толы қуыстар-буллалар пайда болады да өте ауыр өтеді., кейде ірің плевраға өтіп іріңді плевритпен асқынады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 3492 | Загрузок: 80 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]