Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

ондық сәулелендірумен зақымданғанда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

14.12.2013, 23:12

«Иондық сәулелендірумен зақымданғанда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.»

 

 

 

Радиоактивті сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Атом бомбалары мен уран кеніштерін айтпағанның өзінде, атомдық реакторлар мен атомдық электр станциялары да радиацияның көзі болып табылады. Радиацияның организмге беретін энергия мөлшері сәулелену дозасы деп аталады.

 

Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бүзады, бүл организмдегі биологиялық процөстердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бүзады. Бүл, өз кезегінде мидың, асқазанның, қалғанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жүмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.

Адам сәуле ауруына үшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәлеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістөр өтеді.

 

Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді:

 

бірінші кезең- сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашкы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, қүсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы.

 

Екінші кезең — бірінші кезеннен кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезен, яғни, жағдайдын жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы байкалады жәнс қанда өзгеріс болады.

 

Үшінші кезең — өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан үюы бүзылады да жүқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің кабынуы, дизентерия, іш өту, каннын бүзылуы, т.б.).

 

Төртінші кезен — сәуле ауруыньщ жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан кысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байкалады.

 

 

 

I дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл) - 100 - 200 рад сәлелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы, температураның көтерілуі, лоқсу, пайда болады. Ауруды емдеуге болады.

ІІ дәрежелі сәуле ауруы (орташа) - 200 - 400 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. Өте жақсы емделген жағдайда екі—үш ай ішінде сауығады.

IIIдәрежелі сәуле ауруы (ауыр) - 400 - 600 рад сәлелену дозасы кезінде. Алғашқы белгісі анық білінеді әқ-сы 30 минуттан кейін қайта-қайта қүстыртып, дененің температурасы 33 градусқа жетеді. Ауру жедел және ауыр өтеді. Алғашқы аптаның өзінде ауыз кілегейі зақымдалып, гиперемия болуы мүмкін (қан белгілі бір орынға немесе үлпа учаскесіне қатты аққанда оның бір жердегі мөлшері артады немесе оның ағуы қиындайды), ауыз бен жүтқыншақ зақымданады, тері қабаттары қызарады. Терінің жәй немесе шөктен тыс қызаруы. Жасырын мерзімі 10-20 апта, бүдан кейін бас қатты ауырып, іш өтеді, есінен айрылады. Сәтті жағдайда бірнеше айдан кейін сауығуы мүмкін.

IV дәрежелі сәуле ауруы (өте ауыр) - 600 - радтан жоғары сәлелену дозасы кезінде 20-30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды. Дене температурасы 40° градустан асып, тері зақымданады. Дәрет сүйылады. Емдеусіз екі-үш апта бойында өледі. Аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.

 

 

 

Халықты радиациядан қорғау радиациялық қауіп туралы хабарды, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі үстау тәртібін, азық-түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды, медициналық жеке қорғаныс қүралдарын пайдалануды, аумақтын ластану деңгейін анықтауды, халықтың сәулеленуін дозиметрлік бақылауды және радиоактивті ластанған азық-түлік пен суға сараптама жүргізуді қамтиды.

Хабарлау дабылы бойынша ТЖ және АҚ органдарының ақпаратын тындағаннан кейін халық панаханаға жасырынуға тиіс.

Радиациялық зақымданудан сақтану жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы радиациядан қорғау қүралдарымен жүргізіледі.

Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы өз-өзіне және дара көмек көр-сетуге және өткіш радиациямен, улағыш заттармен және бактериал-дық қүралдармен зақымданудың алдын алуға арналған. Ол меди-циналық қүралдар түратын массалық пеналдарды орналастыруға арналған жеті үясы бар қорапшадан түрады.

АИ-2 пластмасса қорапшасындағы үялар бойынша бөлінген медициналық қүралдардың жиыны. Көлемі - 90x100x20 мм, массасы -ІЗкг.

 

Қобдиша үяларында мынадай медициналық қүралдар орналасқан:

 

1.үя- резервтік, ауруды басатын дәрмектөрі бар шприц-түтікті салуға арналған. Сүйек сынғанда, үлкен жарақат алған және дене күйген кезде пайдаланылады.

2. қьізыл түсті пеналды (фосфорлы-органикалық заттарға қарсы антидот таблеткалары). Зақымдану ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланылады. Алғашқы зақымдану пайда болған кезде тағы бір таблетканы қабылдайды.

3 үя - үлкен ақ пеналды № 2 бактерияға қарсы дәрі-дәрмек,

таблетканы асқазан-ішік ауруы кезінде радиациялықсәулеленуден

кейін қабылдайды алғашқы тәуліктерде жөті таблеткадан

қабылдайды, екі және үш күннен кейін тәулік сайын төрт таблеткадан.

4үя- алқызыл түсті екі пеналда II радиациядан қорғау дәрмегі, барлыңы 12 таблетка. Таблеткаларды сәулелену басталғаннан - 60 мин бүрын радиоактивтік зақымдану қауіпі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды. Бірден, 6 таблетка қабылдайды. 6 таблетканы қайта қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рүқсат етіледі.

5 үя - екі ақ пеналда, кеңінен қолданылатын антибиотик 11 бактерияға қарсы дәрі-дәрмек барлығы 10 таблетка. Таблетканы жараланған және күйген көздө қабылдайды - алғашқыда 5 таблеткадан, ал 6 сағаттан кейін тағы да 5 таблеткадан.

6 үя - ақ түсті пеналда № 1 радиациядан қорғау дәрмегі. Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған аумақта жайылған сиырдың сүтін ішкен жағдайда қабылдайды 10 күн бойында күн сайын бір таблеткадан. Барлығы 10 таблетка.

7 ұя - көк түсті пеналда қүсуға қарсы дәрі-дәрмек, барлығы 5 таблетка. Бас сыдырылғанда, қатты соққы тигенде және контузия алғанда сәуленің бастапқы әсері кезіндө бір таблеткадан қабылдайды.

 

 

Радиация үшырау қауіпіне байланысты жергілікті жерде радиациянын жоғары деңгейі болғандықтан алғашқы медициналық кө-мекті көрсетуге болмайды. Бүл жағдайда өз-өзіне және өз ара көмек көрсетудің, зақымданған аумақтағы өзін-өзі үстау тәртібін сақтаудың маңызы зор.

8 жасқа дейінгі балаларға толық дозада беретін № 1 радиа-циядан қорғау қүралын қоспағанда АИ-2-дегі медициналық қүрал-дарды бір рет қабылдауға ересектерге 1/4, 8-15 жастағы балаларға 1/4 дозасын береді.

Радиациялық зақымдану қауіпін алу қауіпіне байланысты жергілікті жердөгі радиация деңгейінің жоғарлығына орай халыққа медициналық көмек көрсетуге болмайды. Бүл жағдайда зардап шегуші халықтың өз-өзіне және өзара көмек көрсетуінің, зақымданған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін сақтаудың маңызы зор.

Радиациялық заттармен уланған аумақта тамақ ішуге, ластанған су көздерінен су ішуге, жерге жатуға болмайды. Халықтың азық-түлік пен тамақ даярлау тәртібін Азаматтық қорғаныс органдары жердің радиоактивті ластану деңгейін ескере отырып анықтайды.

Иондағыш сәулеленумен зақымданған кезде алғашқы көмек жылдам көрсетілуге тиіс. Бірінші көзекте одан әрі сәулеленуді жояды немесе барынша азайтады. Бұл үшін радиациялық затпен зақымдалған аумаққа, киімге ішінара дезактивация және терінің ашық жеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізеді, бүдан кейін зақымдау-шыны радиациялық зат өтпеген панаханаға (радиацияға қарсы нөме-се жай панахана) жеткізеді. Зақымданған жерде болған кезде зардап шегуші жеке қорғаныс қүралдарын киюге тиіс.

Радиоактивті заттар зақымданушыға тамақпен немесе су арқы-лы өткендігі туралы күмән болса, оны шығару үшін шаралар қабылдау қажет. Бүл үшін зақымданушыға ацорбент береді (25-30г. активтелген көмір, күкірт қышқылды барий - 50г.) береді; ацорбөнт радиациялық заттың маталуына ықпал етеді және мүның қанға өтуіне кедергі келтіреді. 15-20 минуттан соң су беріп, асқазанды шаяды және қүстырады. Бүдан кейін ацорбентті қайта ішкізіп, оған тыныштан-дырушы дәрі-дәрмек беру қажет.

Ядролық зақымдану ошағынан (радиоактивті зақымдану ошағы-нан) шыққаннан кейін ішінара дезактивация мен санитарлық таза-лауды мүмкіндігінше жылдам жүргізу керек: дөзактивация кезінде -киімнен, аяқ киімнен, жеке қорғаныс қүралдарынан; РЗ түседі сани-тарлық тазалау кезінде дененің ашық жерлері мөн көздін кілегейлі қабығын, ауыз бен мүрынды жабады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 1102 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]