Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

НЕРВ ЖҮЙЕСІ БҰЗЫЛЫСТАРЫ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

14.12.2013, 23:25

НЕРВ ЖҮЙЕСІ БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ

 

КӨРІНІСТЕРІ

 

 

 

Нерв жүйесінің бұзылыстары тежелудің тапшылығымен, денервациялық және деафферентациялық синдромдармен, нервтердің нәрленістік (трофикалық) қызметтерінің өзгерістерімен көрінеді.

 

1. Тежелудің тапшылығы. Нерв жүйесінің қызметтері екі қарама-қарсы қозу және тежелу үрдістерімен қамтамасыз етіледі. Қалыпты жағдайда нерв жүйесінің жоғарғы бөліктері төменгі бөліктеріне, нервтелетін ағзалар мен тіндерге тежеуші әсер етіп тұрады.

 

Дерт туындататын әсерлерге тежелу механизмдері өте сезімтал келеді. Сондықтан ОЖЖ-де ең алдымен тежелу үрдістері бұзылады, қалыпты тежелудің тапшылығы дамиды. Осыдан күшейген дерттік қозу ошақтары пайда болады. Мысалы, мидың сыртқы қыртысының қызметі бүлінуінде (инсульт) оның тежеуші әсерінен жұлын орталықтары шығып кетуден қол бүгіліп, аяқ еттерінің жазылып жиырылып қалуы (Вернике — Манн кейпі) пайда болады. Мидың жұлынға тежеуші әсері болмауынан жұлында патологиялық рефлекстердің бақылаудан шығып кетуі байқалады. Осыдан Бибинский рефлексі, емізік, қамту рефлекстері ересек адамдарда пайда болады. Бұл рефлекстер әдетте жаңа туған балаларда болады, ал артынан ОЖЖ жоғары бөліктерінің жетілуіне байланысты олардың реттеуші әсерлерімен тежеліп, ересек адамдарда болмайды. Нейрондардың гендік құралдары тежелуден шығып кетсе жасуша мембраналарында нейромедиаторларды қабылдайтын көптеген артық рецепторлар пайда болады (шизофрения, Гентингтон хореясы ж. б.). Осы рецепторлардың артық қоздырылуы бұл дерттердің клиникалық көріністеріне (сандырақ, елес, бұлшық еттердің бірікпей жиырылулары немесе кейбір ет топтарының сіресіп қалуы т. с. с.) әкеледі.

 

2. Денервациялық синдром. Постсинапстық нейрондарда, ағзалар мен тіндерде нерв әсерлері болмауынан пайда болатын өзгерістердің жиынтығын денервациялық синдром деп атайды. Бұл синдром бұлшық еттердің тұтасып бірікпей  жеке  талшықтарының  жиырылулары  байқалады.

 

3. Деафферентация. Ми нейронына шеткі тіндерден немесе шеткі нейрондардан түсетін серпіндер афференттік серпіндер деп аталады. Бұл серпіндердің болмауы нейронның деафферентациясы делінеді. Деафферентация нейронға серпіндердің өтуі тоқталуында (нерв жолдары үзілгенінде, пресинапстық аяқшалармеп нейромедиаторлар шығуы бұзылғанында) немесе постсинапстық нейронда нейромедиаторлардың   әсерлерін қабылдайтын рецепторлар тежелгенінде (уыттар, дәрілік  заттардың әсерлерінен) байқалады. Нейрондар тобының деафферентациясы патологиялық күшейген қозу ошақтары пайда болуына әкеледі.

 

Деафферентацияның нәтижесінде көптеген сезімталдықтың болмауы науқастарды ұзақ ұйқыға әкелуі мүмкін.

 

4. Нервтік нәрленістің бұзылыстары. Нейродистрофиялық үрдістер.  Жасушаның нәрленісі  (трофикасы гр.  trophe қоректену) — оның тіршілігін қамтамасыз ететін үрдістердің жиынтығы.

 

Трофиканың бұзылуы дистрофия деп аталады. Дистрофия кез-келген дерттерде кездеседі.

 

Трофогендер   деп   нерв   жасушаларыиа   және   олармен жүйкеленетін ағзалар мен тіндерге нәрленістік әсер ететін заттарды айтады. Олар нейрондарда, шеткі тіндерде, глия және шван жасушаларында өндіріледі.   Трофогендік міндет атқаратын заттар   қан   сары   сусындағы   нәруыздар   мен иммум нәруыздардан құрылуы мүмкін. Кейбір гормондар трофогендік әсер ете алады.

 

Трофогендерге нейрондардың тіршілігін сақтап қалуын, өсіп-жетілуіне әсер ететін нервтердің өсу факторы жатады. Олар жаңа дамып келе жатқан организмдердің нерв жүйесінде болады.   Ал, ересек организмдерде оның  түтілуі кейбіреулерінде тоқтап қалады. Бірақ жарақаттанудан кейінгі нервтердің бүліністері кездерінде трофогендердің түзілуі қайта пайда болады.

 

Сонымен бірге, кейбір жағдайларда патологиялық трофо-гендер өндірілуі мүмкін. Олар патотрофогендер деп аталынады. Патотрофогендер нысана-жасушаларда тұрақты патологиялық өзгерістерді туындататын  заттар.   Мұндай  заттар   эпилепсияланған   нейрондарда   өндіріледі.   Олар   аксоплазмалық ағыммен басқа нейрондарға түсіп,  соңғыларында тұрақты эпилепсиялық қасиет туындатады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 1313 | Загрузок: 105 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]