Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Лейкоцитоз


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

14.12.2013, 23:21

Лейкоцитоз

Лейкоцитоз — шеткі қанда лейкоциттердің 8х109/л-ден астам көбеюі. Лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық лейкоцитоздар тамақ ішкеннен 2—3 сағат әткен соң дамитын — ауқаттық, ауыр қол жүмысын атқарғаннан кейін — миогендік, жаңа туған балаларда, жүкті әйелдерде болады. Патологиялық лейкоцитоз көптеген аурулар кездерінде дамиды, Бұл лейкоцитоз инфекциялық лейкоцитоз, қабынулық, қатерлі өспелер кездеріндегі және қансыраудан кейінгі лейкоцитоздар болып бөлінеді. Көбейген лейкоциттердің түрлеріне қарай нейтрофильдік (нейтрофилез), эозинофильдік (эозинофилия), базофильдік (базофилия), лимфоциттік (лимфоцитоз), моноциттік (моноцитоз) лейкоцитоздар болады.

     1. Нейтрофильды лейкоцитоз – іріңді қабынулар тудыратын инфекцияларда (стрептококк, стафилококк, менингококк т.б.), миокард инфарктында, жедел қан кешулерде байқалады.

2. Эозинофильды лейкоцитоз (эозинофилия) – ішек құрты ауруларында, аллергиялық ауруларда және бүйрек үсті безінің қыртысының қызметі төмендегенде байқалады.

3. Базофильды лейкоцитоз (базофилия) – қан жүйесі ауруларында – созылмалы миелоз.

4. Лимфоцитоз – лимфолейкозда және созылмалы инфекциялық ауруларда (туберкулез, сифилис) байқалады.

5. Моноцитоз – вирусты инфекцияларда желшешек, қызамық, лимфогранулематозда байқалады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 897 | Загрузок: 85 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]