Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Өкпе вентилляциясының бұзылыстары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

14.12.2013, 23:28

Өкпе вентилляциясының бұзылыстары.

Өкпе вентилляциясының бұзылыстары гипервентиляция, гиповентилыция немесе біркелкі емес винтеляция түрлерінде болады.

Өкпенің  гипервентилляциясы тыныстың минөттік көлемі  (ТМК) мен өкпенің өмірлік сиымдылығы (ӨӨС) көтерілуімен сипетталады. Әдетте, ол организмнің оттегіге көтерілген мұқтаждығын аластауға бағытталған серпіліс. Бұндай физиологиялық гипервентиляция, оттегінің жеткіліксіздігін жоюмен бірге тоқталады.

Патологиялық гипервентиляция оттегіге қосымша мұқтаждықпен немесе СО2 шығуы қажеттілігіне байланысты емес. Ол ми және оның қабықтарының аурулары кездерінде, миға қан құйылғанда, гипоксемия (анемия, таулық немесе биіктік аурулары), артериялық қысымның төмендеуі кездеріндегі тыныс алу орталығының рефлекстік қозуы нәтижелерінен дамуы мүмкін.

Гипервентиляция компенсациялық серпіліс ретінде өкпенің тыныстық бетінің азайғанында, мысалы өкпенің қабынуы, немесе ісіну кездерінде пайда болады. Бұл жағдайларда әрдір тыныс алу кезіндегі ауаның көлемі азайғанына қарамай, оның минөттік көлемі қалыпты деңгейде немесе сәл жоғары деңгейде ұсталып тұруы дем алудың жиілеуі нәтижесінде болаады. Бірақ ұзақ гипервентиляция гипокапния мен алкалозға әкеледі, осының әсерінен тыныс алу орталығы тежеледі. Бұл жағдайда гипервентиляция гиповентиляциямен ауысады.

Өкпенің  гиповентиляциясы өкпеде ауа алмасуының азаюы. Ол мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:

1.                  Өкпенің және тыныс жолдарының дерттері (пневмония, пневмосклероз, эмфизема, бронхит ж.б.) кездерінде;

2.                  кеуде қуысының тұтастығы бұзылғанда (жарақат) немесе плевра қуысында сұйық, қан, ауа жиналып қалғанды (гидроторакс, гемоторакс, пневмоторакс);

3.                  тыныс алуды реттейтін нервтердың жарақаттануы, қабынуы немесе бұл нервтерден серпіндердің миастения, ботулизм, сіреспе т.с.с. дерттер кездерінде, тыныстық еттерге берілмеуі немесе дем алуға қатысатын еттердің қабынуы, дистрофиясы кездерінде;

4.                  туа біткен немес жүре пайда болған кеуде қуысының пішіні өзгергенде (сколиоз, кифоз), қабырға аралық нервтердің, өкпе пердесінің қабынулары кездерінде қатты ауыру сезімі өкпенің вентиляциясын төмендетеді.

5.                  жұлында өкпе дамуында немесе полиомиелит ауруы кезінде оның мотонейрондарының бүліністерінен  тыныс алуға қатысатын еттердің нервтелуі бұзылуынан;

6.                  мидағы тыныс алу орталығына дерт туындататын ықпалдардың тікелей тежегіш әсерінен немесе олардың қан тамырларындағы хемо-, барорецепторлардың қоздырылуынан рефлекстік түрде тежелуінен;

Тыныстың минөттік көлемі дем алудың тереңдігі өзгермей, тек оның жиілеуімен бір деңгейде ұсталып тұрғаны өкпе ұяшықтарындағы (әлвеолалардағы) вентиляцияның азаюын және ауа алмасуының нашарлығын көрсетеді. Сондықтан әлвеолалардың вентиляциясына зор көңіл бөлінеді.

Өкпенің біркелкі емес вентиляциясы. Қалыпты жағдайдың өзінде барлық өкпе ұяшықтары біркелкі қызмет атқармайды. Ал, патологиялық жағдайларда біркелкі емес вентиляция күшейеді. Ол өкпе тінінің серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасы), бронхиолалардың жиырылып қалғанында (демікпе), өкпе фиброзы кездерінде, әлвеолалардың сұйық немесе экссудат жиналғанда кездеседі. Біркелкі емес  вентиляция гипоксемия дамуына әкеледі, бірақ бұл кезде гиперкапния байқалмайды.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 2315 | Загрузок: 82 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]