Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Өкпе перфузиясының бұзылыстары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

14.12.2013, 23:28

Өкпе перфузиясының бұзылыстары.

Өкпеде қанайналымның (перфузияның) бұзылыстары мына жағдайларда дамуы мүмкін:

1.                  жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кездерінде;

2.                  туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек кемістіктерінде (атриовентрикулалық қақпақшалардың тарылуы, жүрекшелердің арасындағы сопақша тесіктің бітпей қалуы, Ботал өзекшесінің т.с.с.);

3.                  өкпе артериясында қан қатпаларының (тромбылар) құрылуы немесе эмболдар тұрып қалуы;

4.                  шоқ, коллапс кездерінде қан тамырлары қызметтерінің жетіспеушілігінен өкпеге аз қан келуінен;

Қалыпты жағдайда қызмет атқаратын өкпе ұяшықтарына қан жақсы келеді де, қызмет атқармайтын әлвеолаларға оның келуі шектеледі (Эйлер рефлексі). Вентиляция мен өкпе перфузиясының сәйкессіздігі кейде ауа алмасатын әлвеолаларда перфузия болмауы, перфузиясы бар әлвеолаларда вентиляция болмау мүмкіншіліктеріне әкеледі. Осыларға байланысты сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі дамиды. Ол обструкциялық және рестрикациялық болып екіге бөлінеді.

Обструкциялық тыныс алу жеткіліксіздігі тыныс жолдарының тарылғанында (лат. Obstruction – бөгеттелу, бітелу) болады. Бұл кезде ауа қозғалысына кедергі жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарында пайда болады. Жоғарғы тыныс жолдары саңылауларының тарылуы немесе толық бітеліп қалуы мына себептерден болады:

1.                  оған бөтен заттың түсуі;

2.                  тыныс алу жолдары қабыр – ғаларының мұрынның, тамақтың, кеңірдектің шырышты қабықтарының қабынудан ісінуі немесе өспе дамуынан тарылуы;

3.                  тамақ еттерінің жиырылуы (ларингоспазм);

4.                  тыныс алу жолдарын сыртынан ісінген қалқанша безбен, айналасындағы тіндердің ісігімен қысып қалуы т.с.с. жағдайлар есептеледі.

Төменгі тыныс жолдарының тарылуы:

1.                  ұсақ кеңірдекшелер мен  бронхиолалардың саңылауларына әртүрлі сұйықтықтардың (құсық, су, ірің, шырыш, транссудат) түсуінен;

2.                  қабыну кезіндегі ісіну мен гиперемия даму нәтижесінде  төменгі тыныс жолдарының шырышты қабықтарының қалыңдауынан;

3.                  бронхиолалардың тегіс еттерінің әртүрлі аллергендердің және химиялық қоздырғыштардың әсерлерінен жиырылуынан (бронхыспазм)ж.б. жағдайлардан болады.

Төменгі тыныс алу жолдары саңылауларының тарылуы ауа қозғалысына кедергіні көбейтеді және ауаның әлвеолаларға тең  бөлінуіне бөгет жасайды. Бұл кезде демді іштен шығару тіпті қатты бұзылады.

Рестрикциялық тыныс алу жеткіліксіздігі өкпенің тыныс алу бетінің азайуы немесе оның серпімділігі азаюының нәтижесінде әлвеола вентиляциясының бұзылуы (лат. Restriction – шектелуі, кішіреюі).

Ресрикциялық сыртқы тыныс алу жетіспеушілігін туындататын ықпалдар екі топқа бөлінеді. Біріншісі өкпе тінінің өзінің бұзылыстарымен, екіншісі өкпенің сыртынан әсер ететін ықпалдармен байланысты.

Біріншісі жағдайларда байқалады:

1.                  өкпеде қабыну мен қан іркілу құбылыстарында;

2.                  өкпе аурулары (созылмалы өкпенің қабынуы, пневмосклероз, обыр (рак) эмфизема, туберкулез т.б.) кездерінде;

3.                  өкпенің бір бөлшегі немесе бір өкпені тұтас хирургиялық тәсілмен алып тастағанды;

4.                  әртүрлң себептерден сурфактанттың азаюынан ателектаз дамығанда.

5.                   

Өкпенің сыртынан әсер ететін ықпалдарға:

1.                  плевра қуысында сұйық, ауа жиналуы; көкірек орталығында өкпе дамуы;

2.                  кеуде қуысын тарылтатын дененің пішіні өзгеруі;

3.                  іш қуысында ауа жиналуы (метеоризм), бауыр ұлғаюы, іш шемені дамуы т.с.с. жағдайлар жатады. Бұл кезде өкпе сыртынан қысылып , оның тыныс алу кезіндегі тербелісін азайтады.

Обструкциялық және рестрикциялық сыртқы тыныс жеткіліксіздіктері жиі бңрңккен түрде кездеседі.

Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі өте тез дамитын (жедел), тез дамитын (қауырт) және созылмалы тұрде болады. Өте тез дамитын сыртқы тыныс жеткіліксіздігі бірнеше минөттен бірнеше сағаттың ішінде дамиды. Оған мысал ретінде: дыбыс байламдарының аяқ астынан жиырылуы немесе жоғарға тыныс жолдарына бөгде зат түскенде адамның тұншығуын, бронхиалдық демікпенің ұстамасын, өкпе тамырларында тромбоз, эмболия дамуын өкпе ісінуін т.с.с. дерттерді келтіруге болады.

Тез дамитын (қауырт) сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі бірнеше аптаның ішінде дамиды. Мәселен, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, өкпе туберкулезі т.с.с. аурулар.

 

Сырткы тыныс алу жеткіліказдігінде қанның газдык қурамы өзгереді және алқыну пайда болады. Қанның газдык қурамының өзгерістері гипоксемия, гиперкапния және гипокапниямен сипатталады.

а)         Гипоксемия деп артериялық қанда оттегінің (02) 90-80 мм с. б.-нан азаюы есептеледі.

б)       Гиперкапния деп артериялық қанда С02 улесінің қысымы (рС02) 40-45 мм с. б. -ден жогары болуы есептелед1.

в)       Гипокапния — артериялық қанда рС02 темендеуі  оның организмнен артык, шыгарылуынан болады.

 

 

Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері: алқыну  немесе ентігу және  патологиялық тыныстардың  пайда болуы.

Алқыну — адамда ауа жетіспеу сезімімен қабаттасатын, тыныс алу козғалыстарының тереңдігі  мен жиілігінің, дем алу мен дем шығару узақтығының, тыныс алу ырғағының өзгерістерімен сипатталады. Ол  урейлену, қоркыныш, абыржу сезімдерімен қабаттасады.

Алқыну турлеріне терең және жиі тыныс (гиперпноэ), терең  және сирек тыныс (брадипноэ), үстіртін жиі тыныс (полипноэ немесе тахипноэ),  инспирациялық  және экспирациялық  алқынулар жатады.

Экспирациялык алкынуда дем шығару узақтығы демалу ұзақтығынан ұзақ болады. Өкпе альвеолаларының жиырылғыштығы мен серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасында) , тыныс алу орталығының қызметі бұзылғанда (асфиксияның 2-ші сатысында), ұсақ бронхтардың спазмы және бітелуінде (бронхты астмада) байқалады.

Инспирациялык алкынуда дем алу ұзақтығы дем шығару ұзақтығынан артық болады. Жоғарғы тыныс жолдары тарылғанда (күлде, бөгде зат түскенде), байқалады.

Патологиялық тыныстарға (периодикалық немесе үзілісті тыныс) Чейн-Стокс, Биот, Кусмауль тыныстары, агониялық тыныс немесе ақтық дем жатады. Бұл тыныс алулар ми жарақаты кездерінде,  бас сүйек ішіндегі қысым жоғарылағанда (қан құйылуда, менингиттерде, өспелерде  т.с.с.), ұйқы шақыратын немесе наркотикалық заттармен уланғанда пайда болады.  Агониялық тыныс алуда тыныс алуға қабырға аралық бұлшықеттермен қоса мойын бұлшық еттері қатысады, науқас басын артқа шалқайтып аузымен ауа «қармайды».

Сыртқы тыныс алудың қатты өзгерісі асфиксия кезінде байқалады. Асфиксияда (тұншығуда)  қанға оттегінің түсуі тоқталады, қаннан СО2 шығарылмайды. Ол тыныс  алу жолдары қысылғанда, олардың саңлаулары бөгде затпен бітелгенде, өкпеге сұйықтық жиналғанда (суға тұншыққанда), кеуденің екі жағында пневматоракс  дамығанда болады. Асфиксия 3 сатыда өтеді:

1-ші сатысында инспирациялық ентігу дамып, организмнің жалпы қозуы, симпатикалық жүйке жүйесінің қозуы байқалады (көздің қарашығы кеңиді, тахикардия, гипертензия, жалпы дірілдеу, еріксіз дәрет пайда болады).

2-ші сатысында экспирациялық ентігу дамиды, парасимпатикалық жүйке жүйесінің қозуы байқалады (көз қарашығы кішірейеді, брадикардия, гипотензия байқалады).

3-ші сатысында тыныс алу тоқтайды, артериялық қан қысымы, жүрек соғуы анықталмайды, мұны терминальдық үзіліс дейді, мидың қызметі тоқтайды, көз қарашығы кеңиді, рефлекстер шақырылмайды. Ұзақтығы 5-10 секундтан 4-5 минутқа дейін. Содан соң агониялық тыныс алуға ауысып, дем алу мүлдем тоқтайды.

Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігінде организмде гипоксия дамиды, мидың, жүрек бұлшықетінің т.б. ішкі ағзалардың қызметтері бұзылады. Созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі өкпе-жүрек қызметтерінің біріккен жеткіліксіздігіне әкеледі.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 2017 | Загрузок: 99 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]