Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Ішкі танау тесік


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

03.06.2014, 20:57

Ішкі танау тесік (хоаны) — жұтқыншақпен жалғасатын мұрын қуысының шығаберіс тесігі. Хоана тесігі таңдай сүйегінің тік және горизонтальды тақташаларынан түзілгенфІшкі құлақ (внутреннее ухо); (auris interna, лат. auris — құлақ, interna — ішкі) — есту және тепе-тендік сақтау рецепторлары орналасқан құлақ бөлігі. Ол самай сүйектің тастық (қайыршық) бөлігінде орналасады, сыртқы сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырмандардан құралған. Осы екі шытырман аралығындағы лимфа сұйығын перилимфа деп атайды. Ал жарғақтық шытырман қуысындағы сұйықты эндолимфа дейді. Сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырандар үш бөліктен құралған. Олар: кіреберіс (саға), үш жартыдөңгелекше өзек және ұлу (иірілімді өзек). Кіреберістің жарғақтық шытырманын бір-бірімен жіңішке эндолимфалық өзекпен жалғасқан сопақ және дөңгелек қапшықтар құрайды. Сопақ қапшық (утрикулюс) бір-бірімен өзара перпендикулалы жазықтықтарда (сагиттальды, сегментальды және фронтальды) орналасқан үш жартыдөңгелекше жарғақтық өзектермен, ал дөңгелек қапшық (саккулюс) қысқа өзек арқылы жарғақтық ұлу өзегімен жалғасады. Бұлардың ішінде эндолимфа сұйығы болады. Есту талдағышының рецепторлары — жарғақтық шытырманның ұлу өзегін бойлай орналасқан иірілімді мүшеде (Корти мүшесінде) орналасқан. Жарғақтық ұлу өзегі — сүйектік ұлу қуысында болады. Тепе-тендік мүшесінің рецепторлары жарғақтық қапшықтардың ішкі бетіндегі "дақ" (макула) деп аталатын дөңесінде және жарғақты жартыдөңгелекше ампуласының ішкі бетіндегі "қырша" деп аталатын дөңестеу жерінде орналасады. Бастың немесе дененің кеңістіктегі өзгеру жағдайы туралы ақпарат осы аталған құрылымдарда түзіледі


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 458 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]