Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Гемофилия


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

11.12.2013, 23:35

Гемофилия - тұқым қуалайтын ауру, көбіне ер балалар ауырады да, әйелдер (аналар) таратады.

 

Себебі: антигемофильді глобулиннің жетіспеуіне байланыстықанның ұюының төмендеуі.

 

Клиникалық айқындалуы: Ауру өте ерте, Баланың 2-3 жасынан басталып айқындалады.

 

   Аурудың негізгі белгілері:

 

Жеңіл жарақаттардан кейін тоқтауы қиын, өмірге қатер төндіретін ұзақ қансырау.

Буындарға қан құйылу-гемартроздар. Қан жиі үлкен буындарға құйылады да, буын өзінің қызметін атқармай, қозғалыссыз қалады. Бұны анкилоз дейді.

Қанның жалпы анализінде-қанның ұю уақыты ұзарады.

 

Емдеу: жергілікті және организмге жалпы әсер ететін әрекеттер деп бөлінеді.

 

Жергілікті: жарақаттанған жерге қан тоқтататын препараттармен тампонада (тығыздау) жасау-қан тоқтататын губка, тромбин т.б. Сонымен қатар мұздық қою, стерильді таңғыш байлау, сынған жердегі сүйектерді қозғалтпау пайдаланады.

 

Жалпы: антигемофильді гаммаглобулин, плазма құю, криопреципитат, тікелей қан құю.

 

   Күтім ерекшеліктері:

 

Баланың жеке дара өзіне лайықты күн тәртібі.

Жарақаттанудан сақтау үшін ата-анасымен, мұғалімдермен ағарту жұмысын жүргізу.

Жұқпалы аурулардан сақтандыру.

Ауыз қуысын сауықтандыру.

Баланың ауруы туралы анықтамасы болуы керек.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 5686 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]