Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Эксикоз


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

14.12.2013, 23:55

Эксикоздар.

 

            Эксикоз дегеніміз- организмнің сусыздануы.

 

            Себебі: диарея мен құсулармен өтетін жедел ішек инфекциялары. Клиникалық айқындалуына байланысты 3 түрі бар:

 

1.      Клетка ішілік (су тапшылықты эксикоз),

 

2.       клетка сыртылық (тұз тапшылықты эксикоз),

 

3.       клетка ішілік және сыртылық (изотоникалы эксикоз).

 

            Су тапшылықты эксикоз. Әдетте, құсу мен іш өту салдарынан  су жоғалтудан болады. Сусызданудың бұл түрі, құсудан іш өту басым болғанда дамиды. Бұл жағдайда   су клеткадан қан плазмасына ауысып, клетка ішілік сусыздану тудырады.

 

Тұз тапшылық эксикоз әдетте, құсу іш өтуден басымдығында баяу дамиды. Көбіне ем кеш басталғанда немесе бала организміне парентеральді артық глюкоза енгізілгенде , бұрыс регидратациялық ем жүргізілгенде  болады. Соның нәтижесінде "судан улану” болады. Тұздың көп мөлшерде жоғалуы не оларды шамадан тыс артық еріту,  сұйықты клетка ішіне ығыстырады.

 

Изотоникалы эксикоз құсық және іш өтуден су мен тұздың біркелкі жоғалуымен сипатталады. Эксикоздың бұл түрінің ағымы неғұрлым жеңіл.

 

            Клиникалық айқындалуы мен салмақ жоғалтуына байланысты 3 дәрежесі бар:

 

1-ші дәрежесі- дене салмағының кемуі 5%-тен кем. Бала шөлдегіш, тері түсі боз, тургоры аздап түскен: тері қатпарлары тез орнына келеді. Терісі және шырышты қабатының ылғалдылығы төмендеген. Ерте жастағы балалардың үлкен еңбегі аздап түскен. Мазасызданғанда тахикардия пайда болады.

 

2-ші дәрежесі- дене салмағының кемуі 6-9%. Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Бала қозғыш, тырысуға бейім. Үлкен еңбегі түскен. Терісі және шырышты қабаты құрғақ., ақшыл. Тері қатпары орнына жай келеді. Дауысы қарлыққан. Жүрек тондары нашар естіледі, тахикардия. Қан қысымы жоғары. Ентігу пайда болады. Олигурия дамиды.

 

3-ші дәрежесі-дене салмағының кемуі 10%-тен жоғары. Науқастың жалпы жағдайы кенет нашар. Қоршаған ортаға немқұрайлы. Тері түсі боз, мрамор суретті, суық. Тері қатпары орнына келмейді. Шырышты қабаттары құрғақ, науқас жассыз жылайды, ашық көзбен ұйықтайды. Жүрек тондары нашар естіледі, тахикардия, қан қысымы төмен, пульсы жіп тәріздес. Жедел бүйрек жетіспеушілігі дамиды.

 

Емі: Глюкоза-тұздық ерітінділермен жүргізіледі.

 

Су – минералды алмасуды қалпына келтіруге

 

асқазан ішек жолдарының секрециясын қалпына келтіруге бағытталған.

 

2 этаппен жүргізіледі.

 

І этап- /алғашқы 6 сағатта/ емнің алғашқы сатысындағы тұз      жетіспеушілігінің орнын толтыруға бағытталған. 80-100мл/кг 6 сағат аралығында тағайындалады

 

ІІ этап- қолдаушы терапия    80-100мл/кг тәулігіне беріледі

 

І дәрежесінде 2/3 көлемін ауыз арқылы

 

                         1/3 көк тамырға

 

ІІ дәрежесінде 1/3 көлемін ауыз  арқылы

 

                           2/3 көлемін көк тамырға

 

ІІІ дәрежесінде 200 мл/кг тәулігіне к/к тамырға

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 1096 | Загрузок: 74 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]