Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Цистит


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

11.12.2013, 22:57

Цистит (лат. cyctіtіs; грек. kystіs — қуық және іtіs — қабыну) — қуықтың өте жиі кездесетін қабынуы. циститпен балалар да, ер адамдар да, әсіресе әйелдер жиі ауырады.

Мазмұны 

1 Аурудың қоздырушылары

2 Этиология

3 Eмделу

4 Ciлтемелер :

Аурудың қоздырушылары

 

Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасы, протей, стафилококк, т.б. инфекциялар. Бұлар қуыққа гематогендік жолмен организмдегі қабыну ошағынан немесе сырттан уретра (үрпі түтігі) арқылы жыныс мүшелерінен енеді. Аурудың дамуына қуыққа салқын тигізу, іш қату және ысталған, сүрленген тағамдарды көп жеу, т.б. әсер етеді. циститтің екі түрі ажыратылады.

[Этиология

 

Циститтің жедел түрінде адам кіші дәретке жиі барады, зәр сындырғанда қуықтың тұсы, сегізкөз сыздап ауырады. Науқастың дене темп-расы көтерілмейді. Несепті талдаудан өткізгенде, оның құрамынан лейкоцит, эротрицит және белоктың бар екені анықталады. Аурудың жедел түрінде дәрігердің тағайындаған емін уақытымен, дұрыс қабылдап, дерттің созылмалы түріне ауысып кетпеуіне күш салу керек. Науқас осының бәрін орындаса, аурудан жазылып кетеді. Циститтің созылмалы түрі қуық ісігі, простатит, уретрит, т.б. аурулардың салдарынан дамиды. Кейде дерттің өршуіне туберкулез, трихомоноз ауруларының да көп әсері бар.

Eмделу

 

Емі: режим және диета сақтау (рационнан консерві, ащы соустар, әр түрлі дәмдік қоспалар, ішімдік түрлерін шығару), жеміс-жидекті көп пайдалану, денені жылы ұстау, қуық тұсына жылу басу, бұлау қабылдау керек. Кейде дәрігер сұйықты көп ішуді (жылы сүт қосылған шәй, минералды су) ұсынады. Егер ауру асқынып кетсе, бұған себеп болған ауруды анықтап, соған байланысты арнайы ем қолданылады.

Ciлтемелер :

 

"Қазақ Энциклопедиясы", 18 том


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 2042 | Загрузок: 95 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]