Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы халықты қорғаудың негізгі шаралары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

11.12.2013, 23:31

Бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы халықты қорғаудың негізгі шаралары.

 

 

 

 Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы мүмкiн, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүмкiн, халықты едәуiр дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкiн авария, зiлзала немесе апат салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай.

 

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, iндеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң және ормандардың кеселдерi мен зиянкестерi арқылы зақымдануын туғызған төтенше жағдайлар.

 

      Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсiп, көлiк авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық жағынан қауiптi заттарды тарататын (тарату қаупi бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердiң бұзылуы, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр-энергетика және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.

 

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мынадай кластарға жіктеледі:

 

объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық.

 

1. Егер авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік мақсаттағы объектінің аумағы шегінен шықпаса, бұл ретте мынадай салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:

 

         5-тен астам, бірақ 10-нан көп емес адам қаза болса;

 

         50-ден астам, бірақ 100-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;

 

         адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері бес мыңнан он бес мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құраса табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай объектілікке жатады.

 

2. Егер авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік мақсаттағы объектінің аумағы шегінен шықса және облыстың екі ауданының шегінен шықпаса, бұл ретте мынадай салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:

 

         10-нан астам, бірақ 50-ден көп емес адам қаза болса;

 

         100-ден астам, бірақ 500-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;

 

         адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері он бес мыңнан жүз мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құраса табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жергіліктіге жатады.

 

3. Егер авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай аймағы бір облыстың кемінде үш ауданының аумағын қамтыса не төтенше жағдай Қазақстан Республикасының екі облысының аумағында болса, бұл ретте мынадай салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:

 

         50-ден астам, бірақ  200-ден көп емес адам қаза болса;

 

         500-ден астам, бірақ 1500-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;

 

         адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері жүз мыңнан екі жүз мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құраса табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай өңірлікке жатады.

 

4. Егер авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай Қазақстан Республикасының үш және одан да көп облыстарының аумағында болса не шектес мемлекеттердің аумағын қамтыса, бұл ретте мынадай салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:

 

         200-ден астам адам қаза болса;

 

         1500-ден астам адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;

 

         адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері екі жүз мыңнан аса айлық есептік көрсеткішті құраса табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жаһандыққа жатады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі  «Апаттар медицинасы орталығы» ММ (бұдан әрі - АМО) табиғи және техногендік апаттар салдарынан зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, зардап шеккендерді қауіпсіз жерге көшіруге, төтенше жағдайды жоюға қатысқандардың денсаулығын қалпына келтіру және сақтау мақсатында кұрылды (АМО 1994 жылы құрылды).

 

 

 

 

 

Нормативтік құқықтық қызметі

 

АМО Қазақстан Республикасы Үкіметтің 3 Қаулысын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 3 бұйрығын дайындауға белсендi атсалысты:

 

Қазақстан Республикасы Үкіметтің Қаулысы:

 

1. 2010 жылғы 28 қаңтардағы № 30 «Жекеленген мемлекеттік мекемелерді коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізу туралы»;

 

2. 2010 жылғы 17 маусымдағы № 608 «Төтенше жағдайлардағы медициналық көмект көрсету ережесі, түрі және көлемі»;

 

3. 2010 жылғы  19 маусымдағы № 736 «Қазақстан Республикасы аумағынан төтенше жағдайларды жоюға баратын апаттық-құтқару ұйымдар және құрамы қатарында, материалды-техникалық және медициналық заттар, Қазақстан Республикасы аумағынан дәрілік заттарды, медициналық заттарды және медицина техникасын шығару ережесі».

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрықтары:

 

1. 2010 жылғы 13 қазандағы № 354 «Апаттар медицинасы  қызметінің ережесін бекіту».

 

2. 2011 жылғы 27 маусымдағы № 274 біріккен төрт жақты бұйрық  «Трассалық медициналық құтқару пунктінің жауапты аймағында жол көлік апатында өзара әрекет ету» (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Денсаулық министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Көлік және коммуникация министрлігі қол қойған).

 

3. 2011 жылғы 29 маусымдағы № 278 біріккен бұйрық «Трассалық медициналық құтқару пунктінің жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту» (Төтенше жағдайлар министрлігі қол қойып Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігімен келісім жасаған).


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 1448 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]