Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Баспа


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

11.12.2013, 23:30

Баспа

 

Бадамша бездердің қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауру. 1 жасқа дейінгі балалар сирек ауырады, өйткені олардың бадамша бездері әлі дамып жетілмеген.

 

Этиологиясы- әр түрлі микробтар.

 

Клиникалық айқындалуы: Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дене қызуы 38-390 С-қа көтеріледі, басы ауырады, буындары қақсайды, жұтынғанда тамағы ауырады, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, денесі тітіркенеді, жақасты бездері ісініп, ауырады.

 

Бадамша бездеріндегі жергілікті өзгерістерге байланысты 3 түрі бар:

 

1.      Катаральды баспа-бадамша бездерін, таңдайды қан кернеп ісініп кетеді.

 

2.      Лакунарлы баспа-қан  кернеп ісінген бадамша бездерінің лакуналарында іріңді қабыршықтар пайда болады.

 

3.      Фолликулярлы баспа-инфекция бадамша безінің тканіне өтіп, оның ішіндегі фолликулаларды іріңдетеді. Іріңдеген фолликулалар сары іріңді нүкте сияқты болып көрініп тұрады. Бұл баспаның ең ауыр түрі.

 

Емі және күтімі:

 

1.      Төсек режимі тағайындалады.

 

2.      Көп мөлшерде сұйықтықтар-компот, малина салынған шай, сүт т.б.

 

3.      Сағат сайын баланың тамағын ас содасымен, фурациллин ерітіндісімен, түймедағы, эвкалипт, календула қайнатпаларымен  шайдырып тұру керек.

 

4.      Тамақты булау.

 

5.      Каметон, ингалипт аэрозольдарын қолдану.

 

6.      Баланың жасына қарай антибиотиктер, сульфаниламидтер тағайындау.

 

7.      Дене қызуын басатын дәрілер-амидопирин, парацетамол, аспирин.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 1250 | Загрузок: 99 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]