Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

АСҚАЗАН МЕН ҰЛТАБАРДЫҢ ОЙЫҚ ЖАРА АУРУЫ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

11.12.2013, 23:22

АСҚАЗАН МЕН ҰЛТАБАРДЫҢ ОЙЫҚ ЖАРА АУРУЫ

 

Бұл ауру асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында баяу дамитын ақаулардың пайда болуымен сипатталады.

Пептикалық ойық жара көптеген асқынуларға әкелуі мүмкін. Солардың ішінде: ойық жараның жиі қанауы, көрші ағзаларға жарып өтуі (пенетрациясы), тесіліп кетуі (перфорациясы), обыр (рак) ісікке айналуы организм үшін өте қауіпті. Сонымен бірге асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы жиі анемия дамуына әкеледі.

Ұлтабардың ойық жара ауруы асқазанның ойық жарасынан үш есе жиі кездеседі және 35 жасқа дейінгі жастарда болады. Ол «О» қан тобы бар адамдарда, асқазанның ойық жарасы «А» қан тобы бар адамдарда жиірек кездеседі. Асқазанның қышқылдығы біріншісінде қалыпты немесе жоғары деңгейде, екіншісінде — қалыпты немесе төмен деңгейде болады. Helicobacteri gastritis ұлтабардың ойық жарасынан 95-100% жағдайда, асқазанның ойық жарасынан 70% жағдайда табылады.

Этиологиясы. Асқазан мен ұлтабарда ойық жара пайда болуында әртүрлі ауыр зорланулардың (стрестердің, жан-дүниелік күйзелістер, жағымсыз эмоциялардың) маңызы үлкен. Сонымен бірге асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы пайда болуында құрсақ еттерінің әлсіреуінің, тыныс алу кезінде көкеттің аз тербелуінің нәтижесінде асқазан мен ішектердің қанмен қамтамасыз өтілуінің бұзылуына ж. б. құбылыстарға әкелетін қазіргі адамдардың күш-қуат жұмсауы азайуының (гиподинамиясының) маңызы үлкен.

Сонымен бірге бүгінгі күні асқазанның, әсіресе ұлтабардың, ойық жара ауруы пайда болуында Helicobacteri gastritis аталған микробқа маңызды орын беріледі.

Патогенезі. Жағымсыз эмоциялардың ж. б. стрестік жағдайлардың әсерлерінен организмде асқазан селінің шығуы және оның қышқылдығы ұлғайатыны, онда қорғаныстық қызмет атқаратын шырыштың азайатыны көрсетілді. ойық жара ауруының дамуы үшін нәруыздар түзілуінің төмендеуі қажет. Мына жағдайларда:

а) май қышқылдарының тотықтары және глюкокортикоидтық гормондар нәруыздар түзілуін тежейді;

ә) ұзақ гиподинамияның нәтижесінде бұлшық еттердің әлсіреуінен организмде нәруыздар түзілуі азайады.

б) ұзақ гиподинамияның нәтижесінде іш еттерінің тынысқа қатыспауынан, көкеттің тыныс алу кезінде аз тербелуінен асқазан мен ішектерде микроциркуляциялық қанайналымы төмендеуі ықтимал. Сондықтан олардың қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етілуі    бұзылуы, дистрофиялық, деструкциялық өзгерістерге әкелуі мүмкін.

Сайып келгенде, эмоциялық зорланулар ж. б. стрестік жағдайлар қазіргі адамдердың тірлігілігінде кең тараған гиподинамиямен қабаттасып, асқазанның жергілікті регенерациялық мүмкіншіліктері төмендеуіне байланысты асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруына әкелуі мүмкін.

Бұл аурудың даму жолдарында, көрсетілгендерден басқа, жергілікті тіннің төзімділігі төмендеуіне және қорғаныстық тетіктердің жеткіліксіздігіне әкелетін жайттар маңызды орын алады. Бұл жайттарға асқазан сөлінің қышқылдығы мен қорыту қабілетінің көтерілуі, қоректенудің тәуліктік тәртібі сақталмауы, толық шайналмаған қатты тамақ бөлшектерімен немесе тамақпен түскен сүйекпен асқазан мен ұлтабардың жиі жарақаттанулары, тым ыстық тамақпен асқазанның шырышты қабығының күйуі, химиялык, қоздырғыштардың (алкогөл, никотин, өт қышқылы, гистамин, резерпин, салицилаттар, атофан ж. б.) әсерлері, асқазанда қан тамырларының жиырылуынан микроцирку ляцияның бұзылыстары ж. б. жатады. Бұлар жиі қайталанудан асқазанға бүліндіргіш әсер етумен қатар жергілікті қорғаныстық тетіктерді (шырыш шығуы, антиоксиданттардың түзілуі, простагландиндер E1 және Е2 өндірілуі ж. б.) әлсіретеді,

Тамақты қабылдау тәртібі бұзылғанда, жиі ұзақ мерзім аш қарынмен жүргенде, асқазан сөлі қарынның өз жасушаларына бүліндіргіш әсер етуі мүмкін. Асқазанның кілегей қабығын жауып тұратын шырыш үлкен қорғаныстық қызмет атқарады.

Сайын келгенде, ойық жара ауруы дамуы үшін асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылауынан оның өзін-өзі қорыту қабілеті көтерілуімен қатар, осы көрсетілген жергілікті қорғаныстың тетіктердің жеткіліксіздігі болуы қажет.

Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы дамуында асқазанның пилорустық бөлігінің эпителий жасушаларында өсіп-өнетін грамм теріс микробтардың (Helibacteri gastritis) маңызы бар деп есептелінедіБірақ, көрсетіліп отырған микробтардың маңызы тек ұлтабардың, асқазанның пилорустық және антралдық бөліктеріндегі ойық жаралардың пайда болуында маңызды. Ал, асқазанның баска бөліктеріндегі ойық жаралардың дамуында олардың маңызы өте шамалы. Бұл микробтар, сапрофиттер және көптеген адамдарда қалыпты жағдайдың өзінде кездеседі. Олар асқазанның пилорустық бөлігінің шырышты қабығының эпи телий жасушаларында өсіп-өнеді. Ұлтабардың эпителий жасу шаларында өсіп-өнбейді. Асқазанның шырышты қабығының, тұз қышқылының әсерінен тек өзгерген (метаплазияға ұшыраған), эпителий жасушаларын бүліндіреді.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 6360 | Загрузок: 104 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]