Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Қансыраудан болатын (постгеморрагиялық) анемиялар


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

14.12.2013, 23:18

Қансыраудан болатын (постгеморрагиялық) анемиялар

  Постгеморрагиялық анемиялар тез және созылмалы қансыраудан дамиды. Соған байланысты қауырт және созылмалы посгеморрагиялық анемиялар болып бөлінеді. Қауырт постгеморрагиялық анемия тамыр жарақатынан көп шөлшерде қансыраудан тез қансыраудан дамиды.

    Созылмалы постгеморрагиялық анемия кейбір дерттердің нәтижесінде (асқазан жарасы, жатыр фибромасы, дисменоррия, геморрой ж.б) қан тамырлары бүлінуінен және тромбоциттік – тамырлық, коагуляциялық гемостаздың бұзылуынан болатын  жиі қансыраулардан дамиды. Жиі қайталанатын қанкетулер кезінде темір жоғалуы гипохромдық және микроциттік теміртапшылықты анемия дамуына әкеледі.            Қаныдырауы күшеюінен болатын  (гемолиздік)  анемиялар

     Гемолиздік анемиялар кезінде эритроциттердің артық ыдырауынан гемоглобиннен пайда болатын билирубин пигменті қанда көбейеді, тіндерге ауысады, сарғыштану пайда болады.

  Себептері:  эритроциттердің гемолизін химиялық, физикалық, механикалық, биологиялық ықпалдар туындатуы мүмкін. 1. Химиялық ықпалдарға: мышьяк, қорғасын, мыс қосындылары, нитробензол, фенигидразин, хлорамин ж.б жатады. 2. Физикалық және механикалық ықпалдарға: жоғары және төмен температуралардың жасанды жүрек қақпақшалары мен қан тамырлардың әсерлері, ұзақ ауыр марштарда эритроциттердің механикалық бүлінуі ж.б. жатады. 3. Биологиялық ықпалдарға: жылан немесе ара улары, саңырауқұлақ уы, вирустар, кейбір жұқпалы және құрттық аурулар (безгек, сипсис, мерез, туберкулез ж.б.) кездеріндегі эритроцитердің гемолизі және олардың иммундық гемолиздері жатады.

     Изоиммундық гемолиздік анемиялар организиге құйылған қанның топтық резустық ж.б. сәйкессіздіктерінде дамиды.  Біріншісі (АВО) тобы бойынша сәйкес емес қан құйғанда байқалады. Екіншісі резус- оң нәрестелерде резус теріс аналардың организмінде түзілетін антирезустық антиденелер эритроциттердің гемолиздеріне әкеледі. Сөйтіп жаңа туған нәрестелердің гемолиздік аурулары дамиды.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 886 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]