Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Аналық жыныс безі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

03.06.2014, 21:53

Аналық жыныс безі (яичник); (лат. ovarium - жүмыртқалық) — аналық жыныс жасушасы ( овоцит ) пісіп жетілетін және аналық жыныс гормондары түзілетін ұрғашы жануарлардың негізгі жыныс безі. Аналық жыныс безі (жұмыртқалық) — жануарлар организмінде құрсақ қуысында орналасады. Ол пішіні сопақ не дөңгелекше келген паренхималы мүше. Жүмыртқалық сыртынан сірлі қабық тың жалғасы — бастама эпителиймен (бір қабатты текше тәрізді эпителий) қапталған. Бастама эпителийдің астында тығыз дәнекер ұлпасынан құралған ақшыл қабық болады. Аналық жыныс безінің кесіндісінде құрылысы бір-бірінен ерекше ажыратылатын екі аймақ көрінеді. Олар: сыртқы — фолликулалы аймақ және ішкі — тамырлы аймақ (бие жүмыртқалығында аталған аймақтар керісінше орналасады). Фолликулалы аймақ паренхимасын әртүрлі даму сатасындағы алғашқы (примордиальды) фолликулдар, өсуші фолликулдар, көпіршікті фолликулдар, жетілген фолликулдар, сары дене, ақ дене, ыңырама (атреттік) дене және олардың аралығындағы дәнекер ұлпасында орналасқан интерстициоциттер (паренхимааралық жасушалар) құрайды. Тамырлы аймақта аналық жыныс безін қоректендіретін ірі қан және лимфа тамырлары мен бездің қызметін реттейтін жүйкелер орналасады. АнаЛық жыныс безінің стромасы фибробласттарға бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Фолликулалы аймақта аналық жыныс жасушаларының даму процесі — "овогенез" жүреді. Аталған аймақтың шеткі жағында бөлініп көбею сатысындағы жас жыныс жасушалары — майда біріншілік (примордиальды) фолликулдар түрлі жануарларда түрліше топтасып жатады. Олардан сәл төменірек, біріншілік фолликулдарға қарағанда ірірек келген өсу сатысындағы жыныс жасушалары — өсуші фолликулдар орналасады. Жыныс жасушалары пісіп жетілуге жақындағанда, фолликулдардың мөлшері тым үлкейіп, көпіршікті фолликуддарға айналады. Олар жарылғаннан соң, ішіндегі жетілген жұмыртқа жасушасы көпіршіктегі фолликул сүйығымен бірге жүмыртқалықтан бөлініп, жатыр түтігі қүйғышына өтеді. Фолликулдардың жарылу процесі н овуляция деп атайды. Жарылған көпіршікті фолликул орнында сары дене түзіледі. Жетілген фолликул (Грааф көпіршігі) қабырғасындағы фолликул жасушалары мен интерстициоциттер аналық жыныс гормондары — эстрогеңцерді, ал сары дене жасушалары (лютеоциггер) — прогестерон гормонын бөледі. Аналык жыныс безі — құрсақ қуысы бел аумағының жамбас қуысына кіреберісінде жұмыртқалық шажырқайға ілініп тұрады. Шыжырқай арқылы жүмыртқалыққа қоректендіретін қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер енеді. Жұмыртқалықтың түтіктік және жатырлық ұштары, шажырқайлық және бос жиектері, латеральды және медиальды беттері болады. Жұмыртқалықтың түтіктік ұшына жатыр түтігінің қүйғышы (воронка), ал жатырлық ұшына — өзіндік жұмыртқалық байлам арқылы жатыр байланады. Тамырлы аймақ арқылы жұмыртқалықты қоректендіретін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 1475 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]