Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Қанайналым жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

14.12.2013, 23:17

Қанайналым жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері.

Қанаішалым жеткіліксіздігіне бірқатар тұлғалық (субъективтік) әйгіленімдер мен дәлелімді (объективтік) әйгіленістер тән. Тұлғалық әйгіленімдерге әлсіздік, тез шаршау, ауа жетіспеуі т.с.с. жатса, дәлелімді әйгіленістерге алқыну, цианоз, тахикардия, ісіну ж.б. жатады.

Алқыну — қанайналым жеткіліксіздігінен ағзалар мен тіндерде оттегі азайып, көмірқышқыл газы көбейіп мидағы тыныс алу орталығын қоздырады.

Цианоз — қанайналым жеткіліксіздігінен тамырларда қанның ағу жылдамдығы баяулап, қанда тотықсызданған гемоглобиннің артық жиналып қалуынан дамиды. Сол себептен саусақ ұштарында, мұрында, бетте, еріндерде көгілдір түс пайда болады. Бұны акроцианоз дейді.

Тахикардия — қанайналым жеткіліксіздігінен қуыс көктамырларда және оң жүрекше қуысында қан іркіліп, жиналып қалады. Осыдан симпатикалық нерв жүйесінің қозымдылығы ұлғаяды, тамырлардың қимылдық орталығы қозады. Бұл кезде тамырлардың ішінде қанның ағу жылдамдығы ұлғаяды, ағзалар мен тіндерге оның тасымалдануы жақсарады.

Ісіну немесе организмде сұйық пен натрий иондарының жиналып қалуы ҚЖ тән белгілерінің бірі. Алғашқы ҚЖ сатыларында жасырын ісіну болады, өйткені денеде 5 л-ге дейін сұйықтың жиналуы жәй көзге байқалмауы мүмкін. Төсек тартып жатқан аурулардың астыңғы жақтарында, артынан бүкіл денеде тері асты торшаларын қамтитын ісінулер (анасарка) пайда болады. Сонымен қатар сұйықтар организмнің сероздық қуыстарында жиналады (гидроторакс, гидроперикардиум, іш шемені). Ісінудің нәтижесінде артынан бауыр циррозы дамиды.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 1149 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]