Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Алдыңғы аяқ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

03.06.2014, 21:40

Алдыңғы аяқ (қол) қанқасы (skeleton membri thoracici; гр. skeleton — қаңқа, лат. membra — аяқ, лат. thorax — көкірек) — жануарлардың алдыңғы аяқтарының (адамда қолдың) сүйектерінен тұрады. Алдыңғы аяқ (қол) қаңқасы өз кезегінде екі бөлімнен: иық белдеуінің қаңқасы мен еркін қозғалатын бөлім қаңқасынан құралған. Алдыңғы аяқ (қол) иық белдеуінің қаңқасын (skeleton cingulum membri thoracici): құстарда — жауырын (scapula), бұғана (clavicula) және құстұмсықша сүйек (os coracoideum); адамда, маймылдар мен мысық тұқымдас жыртқыш аңдарда — жауырын мен бүғана; үй жануарларында (түяқты жануарлар мен иттерде) — тек жауырын құрайды. Алдыңғы аяқ (қолдың) еркін қозғалатын бөлімінің қаңқасы (skeleton membri thoracici liberi) — өз кезегінде үш бөліктен: жоғарғы (проксимальды) бөліктен, ортаңғы бөліктен және төменгі (дистальды) бөліктен тұрады. Проксимальды бөліктің (stylopodium) қаңқасын — тоқпан жілік (humerus s. os brachii), ортаңғы бөліктің (zeugopodium) қаңқасын — білек сүйектері, дистальды бөліктің (autopodium) қаңқасын — алдыңғы аяқ (қол) басының сүйектері құрайды. Білек сүйектеріне (ossa antebrachii): кәрі жілік (radius) және шынтақ сүйегі (ulna) жатады. Алдыңғы аяқ (қол) дистальды бөлігінің қаңқасын — алдыңғы аяқ (қол) басының қаңқасы (skeleton manus) деп атайды. Ол өз кезегінде үш қатар орналасқан бөліктерден: жоғарғы қатардағы — негізгі бөліктен (basipodium), ортаңғы қатардағы — аралық бөліктен (metapodium), төменгі қатардағы — соңғы бөліктен (acropodium) құралған. Негізгі бөліктің қаңқасын — тізе (білезік) сүйектері (ossa carpi), аралық бөліктің қаңқасын — алдыңғы жіліншік (алақан) сүйектері (ossa metacarpalia), соңғы бөліктің қаңқасын - бақай (саусақ) сүйектері (ossa digitorum manus) құрайды. Адам мен жануарларда саусақ (бақай) сүйектері үш бунақтан (фалангадан): жоғарғы бунақтан — тұяқты жануарларда тұсамыс сүйектен (os compedale), ортаңғы бунақтан — топай сүйектен (os coronale), төменгі бунақтан — тұяқ сүйектен (os ungule, os ungulare) құрайды. Итте төменгі бунақ сүйегі — тырнақ сүйек (os unguiculare) деп аталады


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 710 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]