Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

Ағза реактивтілігінің дерттегі маңызы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

14.12.2013, 23:27

Ағза реактивтілігінің дерттегі маңызы.

Организм реактивтілігі (латын сөзі – reactia – қарсы іс-әрекет) – организмнің сыртқы және ішкі ортаның әсеріне тіршілік жауап беруі.

Түрлік реактивтілік – белгілі бір жануарларға тән реактивтілік, басқаша айтқанда сыртқы әсерлерге өзіндік тұқымқуалаушылық, анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеті. Мысалы: жануарлардың маусымға байланысты тәртібі. Адамның реактивтілігі көптүрлі, бұл жерде ІІ-ші сигнал жүйесінің маңызы өте зор. Сөздің әсері емдік әсер мен қатар ауру тудыруы да мүмкін.

Топтық реактивтілік – бұл жеке топ адамдарының (жануарларының) белгілі бір ортақ қасиеттеріне байланысты, сыртқы әсерлерге реактивтілігі. Мысалы: еркектерде подагра, превратник стенозы, асқазан жарасы, ревматоидты артрит, микседема, жиі кесдеседі.

Дербес (өзіндік) реактивтілік (индивидуальная реакт.) әр адам (жануар) түрлік, топтық реактивтілікпен қатар сыртқы әсерлерге өзінің өмір сүру ерекшелігіне байланысты іс-әрекеттермен жауап береді. Мысалы: тұмау вирусының әсерінен біреулер қатты ауырады, екіншілер жеңіл ауырады, ал үшіншілері мүлдем ауырмайды, бұл өзіндік реактивтілікке байланысты.

Физиологиялық реактивтілік – сыртқы ортаның әр-түрлі факторларының әсеріне организмнің өмір сүру әрекетінің өзіне зиянсыз өзгеруі. Мысалы: адамның (жануарлардың) патогенді емес микробтарға, әлсіз тітіркендіргіштерге (орташа физикалық күшке, сыртқы ортаның температура өзгерістеріне) бейімделуі.

Патологиялық реактивтілік (дерттік) организмінің сыртқы ауру тудырғыш факторларына ауыру арқылы жауап беруі, немесе ауру, дерт-патологиялық реактивтілік. Бұл реактивтілік жеке адамда (жануарларда), топта, түрде болады.

Спецификалық реактивтілік – бұл организмінің антиген әсеріне антидене немесе жасуша комплексінің пайда болуымен және әсерімен жауап беруі, ығни имундық жүйенің реактивтілігі. Түрлері: белсенді спецификалық иммунитет, аллергия, аутоиммунды аурулар, имун жетіспеушілік жағдайлар.

Спецификалық емес реактивтілік – организмнің сыртқы факторлар әсеріне жауап берудегі болған өзгерістер имундық жүйенің қатысуынсыз болған жағдайда болады. Мысалы: организмде гипоксия, жарақат шокында, зорлануда пайда болатын өзгерістер.

Реактивтіліктің түрлері:

А) нормергия – қалыпты реактивтілік

Б) гиперергия – жоғарғы реактивтілік

В) гипоергия – төменгі реактивтілік

Г) дизергия – бұзылған реактивтілік

Д) анергия – реактивтіліктің жоқтығы.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin
Просмотров: 1728 | Загрузок: 96 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]