Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

Жақша


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

28.04.2014, 19:58

Жақша () — жұптанып қолданылатын тыныс белгісі. Жақшаның дөңгелек жақша [()], тік ([ ]), пішінді жақша ({}), сынық жақша (< >) деп аталатын түрлері бар. Олар сөзге, сөз тіркесіне немесе сөйлемге қосымша мән-мағына жүктеу, белгілі бір ойды анықтау, автордың ой-пікірін, көзқарасын аңғарта түсу үшін қолданылады. Жақша ішіндегі сөздің немесе сөйлемнің, яғни ойдың басталған жерінен ашылып, ойдың аяқталған жерінен жабылады. Оның төрт түрі де ғылымның барлық саласында дерлік қолданыла береді. Жақша жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Жақша, негізінен, мағынаға байланысты қойылатын тыныс белгі. Жақшаға алынатын сөздер мен сөйлемдер жақшаға алынбаған сөздермен грамматикалық байланыспайды. Жақшаға алынған сөздер мен сөз тіркестері баяндалып отырған ойды анықтай түсу үшін, кейде оның жеке мүшелерін түсіндіру үшін, оған ескерту жасау үшін, ойдын қайдан алынғандығын көрсету үшін қолданылады. Демек, жақшаға алынатын сөздер мен сөз тіркестері басы артық нәрселер емес, сөйлем ішіндегі бір ойды немесе жеке бір сөзді дәлірек түсіндіретін, аутордың белгілі бір нәрсе жайында көзқарасын аңғаратын - керекті сөздер.Жақша мынадай орындарда қойылады:
Өзінен бұрынғы сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасын айқындау мақсатында қолданылған түсіндірме мәнді қыстырма сөздер жақшаға алынады.
Сөйлемдегі бір ойдың мағынасын ашып көрсететін немесе оған аутордың көзқарасын білдіретін түсіндірме мәнді қыстырма сөйлемдер сөйлем ортасында келсе де, жақшаға алынады.
Белгілі сөздерді түсіндіру үшін оның аудармасы, синонимі, екінші бір тілдегі баламасы беріледі де, жақшаға алынады.
Алынған дәйексөз, мысал кімдікі екендігін және қайдан алғандығын көрсету үшін, соңынан жазылған кітаптың аты, ауторы т. б. жақшаға алынады.
Бір сөйлемнің ішінде әрі қыстырма сөз, әрі түсіндірме мәнді қыстырма сөйлем өзара тіркесіп келетін болса, бұлар түгелдей жақшаға алынады да, қыстырма сөз қыстырма мәнді сөйлемнен үтірмен ажыратылады.
Драммалық шығармалардағы аутордың түсініктемелері, кейіпкерлердің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін т. б. білдіретін сөздері жақшаға алынады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin
Просмотров: 550 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]