Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

Сёма


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

28.04.2014, 20:09

Сёма (гр. sema - белгі) — мазамұн турғысында ен кіші, ен түпкі бірлік (единица). Сёма шындық өмірде белгіленген заттар мен құбылыстардың түрліше қасиеттерінің тілдегі қарапайым бейнесін білдіреді. Мысалы, тарихи тұрғыда туркі-моңғол тілдеріне (не кәбіне) ортак қой — қошқар — қозы — қошақан — қотан — қотшы — қойшы т.б. сөздердің бәріне ортақ Сёмақо морфында (бастапқы түбір) беріліп тұр. Бұл жерде қо Сёмасы нақты затты атап білдіріп тұрған жоқ, оңда тек жоғарыдағы сөздердің түпкі мағыналық бірлігіне мензеу бар. Формалықтұрғыда Сёма морф денгейіне сәйкес келеді. Сёма сөздің қарапайым мағынасын білдіретін семеманың варианты түрінде көрінеді. Семема — Сёмаға қарағанда мағынаның неғұрлым жоғары денгейін білдіретін бірлік. Семеманың құрылымы семалар арқылы анықталады.

Семеманың иерархиялық жүйесіндегі ен негізгі бөлшегі — архисема, ол белгілі топтағы тіл бірліктерінің бәріне тән жалпы категориялық белгілерді жинақтап білдіретін тектік сипатқа ие. Мысалы, әке сөзінің архисемасы —туыс мәнін білдіреді, жіктегенде оның түр-тұқымдық (ср. жыныстық) түрлері анықталады: әке — туған әке — тікелей туыс, қаны бір туыс — тікелей қатынастағы бірінші ұрпақ. Сөйтіп, ол туыстық терминнің семантикалық өрісіндегі басқа терминдерден ерекшеленеді. Мысалы: әке—шеше, әке— бала, әке — өгей әке, әке — ата, үлкен ата т. б.

Сонымен бірге Сёма— сөздің мағыналық тұрақты негізінен заттар мен құбылыстардың эр түрлі жағдайын білдіретін контекстуалды Сёма бөлініп шығады. Оған сөздін эр түрлі жағдайға байланысты мәтін ішінде туатын ауыс мағыналары жатады. Мысалы: жоғарыдағы әке сөзін жастардың үлкен адам мағынасында қолдануы, одан туындаған "әкелік қамқорлық", "өкелік парыз", "әкелік міндет" сияқты тіркестік ұғымдар осыған жатады. Лексикалық мағынадағы Сёманың түбір сөздерде Формалды арнайы көрсеткіші болмайды. Сёмалық талдау тілдің сөздік құрамын идеографиялық сипаттауда, арнаулы сөздіктердің ,теориясы мен практикасында өте манызды.

"Сёма" терминімен қатар мазмұндық тұрғыда ен кіші бірлік мағынасында "семантикалық бөлік", "дифференциалды семантикалық элемент", "семантикалық көбейткіш", "семантикалық маркер" т. б. терминдер қолданылады


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin
Просмотров: 464 | Загрузок: 67 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]