Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

Сингармонизм


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

28.04.2014, 20:12

Сингармонизм (гр. συν - бірге, гр. ἁρμονία - үндесу) — үндестік заны. Үндестік заңы түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіндегі басты заң. Сингармонизм тілдің бүкіл фонетикалық бейнесін, дыбыс жүйесі мен буын жүйесінің ерекшелігін, сөйлеу нормасын айқындайтын құбылыс. Сингармонизм бойынша сөздер не бірыңғай жуан, не бірынғай жінішке, не еріндік, не езулік болып айтылады. Түбірге жалғанатын қосьімшалар да осы заңдылыққа бағынады. Мысалы: далалық, еңбекшілер, жұлдұзым (жұлдызым), күлкүлі (күлкілі). Сингармонизмнің басты касиеті, оның сөзайырымдық және сөзтанымдық қызметінен көрінеді.
Сингармонизмнің жоғарыда айтылған қасиеттеріне қарай, үндес дыбыс, үндес белгі, үндес сөз, үндес буын, үндес әуен сияқты терминдер қолданылады.
Ерін үндестігі (губная гармония) — сөйлеу тілінде алғашқы буындағы еріндік дауыстының әсерімен кейінгі буындардағы дауыстылардың еріндікке айналуы. Мысалы: бұрынғы — бұрұңғұ, өрік — өрүк, күрек — күрөк, көлеңке — көлөңкө. Жалпы тіл білімінде "лабиалды сингармонизм" терминімен аталады.
Езу үндестігі (гармония негубных) — тіл үстінің қатты таңдайға көтерілуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстардың бірынғайласуы: даладағылар, кемедегілер, ақындық.
Сингармонизм қалыбы — сингармонизм бойынша сөздердің не біркелкі жуан, не біркелкі жінішке болып айтылу қалыбы. Мұндай қалып сөздердің басым көпшілігіне тән.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin
Просмотров: 534 | Загрузок: 63 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]