Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

Септік


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

28.04.2014, 20:26

Септік орыс. падеж — сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, олардың арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге заттық ұғымға қатыстыграмматикалық мағына үстейтін қосымшаСептік тікелей өзі немесе басқа Формалармен бірлесіп келіп, зат пен қимыл я зат пен зат арасындағы субъектілік (субъектілік-предикаттық), тұра және жанама объектілік, меншіктік-қатыстык, мекендік, мезгілдік құралдық, көлемдік сияқты қатынастарды білдіреді. Септіктер зат есімге тән түрлену формасы болып табылады. Септіктің мағынасы да қызметі де, формалық ерекшеліктері де заттық ұғыммен байланысты. Сын есімсан есіметістіктің кейбір формалары (есімшетұйық етістік) септелгенде, заттанып зат есім орнына жұмсалады.

Қазақ тіліндегі cептіктер[өңдеу]

Қазақ тілінде 7 түрлі септік бар:

Қазақша атауы Латынша атауы Сұраулары Септік жалғаулары
Жай септіктің сұраулары Тәуелдік септіктің сұраулары
Атау септік Номинатив (Nominative) кім? не? кімім? кімің? кіміңіз? кімі?
нем? нең? неңіз? несі?
Ілік септік Генитив (Genitive) кімнің? ненің? кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің? кімінің?
немнің? неңнің? неңіздің? несінің?
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Барыс септік Датив (Dative) кімге? неге? қайда? кіміме? кіміңе? кіміңізге? кіміне?
неме? неңе? неңізге? несіне?
-ға, -ге, -қа, -ке
Табыс септік Аккузатив (Accusative) кімді? нені? кімімді? кіміңді? кіміңізді? кімін?
немді? неңді? неңізді? несін?
-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
Жатыc септік Локатив (Locative) кімде? неде? қайда? кімімде? кіміңде? кіміңізде? кімінде?
немде? неңде? неңізде? несінде?
-да, -де, -та, -те
Шығыс септік Аблатив (Ablative) кімнен? неден? кімімнен? кіміңнен? кіміңізден? кімінен?
немнен? неңнен? неңізден? несінен?
-нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден
Көмектес септік Инструментатив (Instrumental) кіммен? немен? кіміммен? кіміңмен? кіміңізбен? кімімен?
неммен? неңмен? неңізбен? несімен?
-мен, -бен, -пен


Олардың әрқайсысына тән тұлғалық, мағыналық ерекшеліктері бар. Септік жалғаулары, негізінде, зат есімдерді және зат есім қызметін атқаратын өзге сөздерді сөйлемдегі етістікмүшелермен байланыстырады. Септіктің ішінде етістік мүшемен тікелей байланыспай, тәуелдік жалғаулы есім сөзбен байланысатыны — тек ілік септігі. Сөздердің Септікті қабылдап өзгеруі сөздердің септелуі не септелу деп аталады. Зат есімдер және олардың қызметін атқаратын баска есім сөздер тәуелденбей де, тәуелденіп те қолданылады. Осыған байланыстыСептік — жай септеутәуелдік септеу болып екіге бөлінеді.

  • Жай септеу — септік қосымшаларының тікелей зат есімдердің және зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тұра түрлеріне жалғануы (баланың, балаға, баладан).
  • Тәуелді септеу — септік жалғауларының зат есім немесе оның қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануы (баламныңбаламабаламнан)

Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin
Просмотров: 1795 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2  
окиялмаймын.

1  
мен септик билмимын савсем.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]