Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

Сөздің ішкі формасы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

28.04.2014, 20:51

Сөздің ішкі формасы орыс. внутренняя форма слова — сөз құрамындағы морфемалардың тілдің басқа морфемаларымен семантикалық және құрылымдық қатынастығы; сөздің жаңа лексикалық мағынасының жасалуына негіз болган белгі. Атауыш сөздің негізіне жатқан белгі қашанда тек мәнді ұғымды білдіруі шарт емес, көзге түскен белгі болуы да мүмкін, сол себепті белгілі бір зат әр тілде әр түрлі аталады. Мысалы, орыс тіліндегі "портной" ("порты" киім сөзінен) немісте "scheider" ("scheiden" кесу сөзінен), болгарда "шивач" ("шия" тігу сөзінен), қазақта "тігінші" ("тігу" сөзінен).
Сөздің ішкі формасы анық бола тұра, эмоционалдық қабылдау нәтижесінде жағымды/жағымсыз бейнелер тудыруы мүмкін. Мысалы, "есек" сөзі өзінің негізгі атауыштық мағынасынан басқа "қыныр, нақұрыс адам" мағынасында да қолданылады. Сөздің ішкі формасы лексикалық мағынаның мәнерленуі арқылы коннотацияға қатысты болғандықтан, лексикология мен стилистикада зерттеледі.
Сөздің ішкі формасы теориясын В. фон Гумбольдт пен А. А. Потебня дамытқан.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin
Просмотров: 495 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]