Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

Сөздердің байланысу формалары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

28.04.2014, 21:04

Сөздердің байланысу формалары орыс. формы (типы) связи слов — сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын тәсілдер негізінде туып, қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесі. Сөздердің байланысу формалары сөздердің байланысу тәсілдері негізінде жасалады. Байланысу тәсілдерінің қалыптасқан үлгілері Сөздердің байланысу формаларын жасайды. Демек, сөздердің байланысу тәсілдері Сөздердің байланысу формаларын жасаудың алғы шарты болып табылады. Сол себепті Сөздердің байланысу формаларың сөздердің байланысу тәсілдерімен шатастырмау керек. Сөздердің байланысу формаларына (типтеріне) қиысу, қабысу, менгеру, матасу, жанасу сияқты синтаксистік байланыс түрлері жатады. Бұлардын ішінде қабысу мен жанасу сөздерінің орын тәртібі тәсіліне, менгеру мен матасу қосымша тәсіліне, атап айтқанда. Септік жалғауы мен тәуелдік жалғауына негізделген. Ал қиысудың өзіндік ерекшелігі бар: қиысу синтаксистік құрылымның (сөйлемнің) бірінші сынары өзінің семантикасы мен грамматикалық мағынасы арқылы екінші сөзбен жақтық формалар арқылы байланысқа түсіп, субъектілік-предикаттық қатынастын түрін жасайды. Қиысу өзге мүшелердің емес, тек бастауыш пен баяндауыштық арасындағы байланыс түрі болып табылады


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin
Просмотров: 779 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]