Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

Сөйлеу (сөз) дыбыстары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

28.04.2014, 20:56

Сөйлеу (сөз) дыбыстары орыс. звуки речи — адамнынң күрделі артикуляциялық қызметінің нәтижесінде пайда болатын сөйлеу (сөз) тізбегінің ең шағын бірлікгері. Сөйлеу дыбыстары тілдің ең шағын бірлігі — фонемаға қатысты болғандықтан, сегменттік (сөйлеу тізбегінің жіктелетін элементтері, бөлшектері) құралдарға жатады. Дыбыстық құралдардын тон, екпін, интонация сияқты түрлері буын, сөз, синтагма тәрізді неғұрлым көлемді тіл бірліктеріне қатысты болып келеді. Сөйлеу дыбыстарын сипаттауда олардың артикуляциялық, акустикалық, перцептивтік (қабылдау) қызметі жан-жақты ескеріледі.
Сөйлеу дыбыстары артикуляциясы жағынан 2 топка — дауысты, дауыссызға бөлінеді. Бұл екеуінің ен маңызды айырмасы дауыстылардың буын жасай алатындығында, буынның ең жоғарғы сатысы — дауысты дыбыс. Сөйлеу дыбыстарының артикуляциясы 3 фазадан не күйден тұрады:
Экскурсия (1-фаза, сөйлеу органдарының дыбысты айтуға ауысқан, бейімделген кезі),
Тоқталыс (2-фаза, выдержка, сөйлеу органдарының дыбысты айтуға дайын кезі),
Рекурсия (3-фаза, сөйлеу органдарының бастапқы қалыпка келіп, келесі дыбысты айтуға ауыскан кезі).
Сөйлеу дыбыстары акустика жағынан дыбыстардың ерекше түрі болып табылады, оған дауыс, әртүрлі шуыл, шу қатысады. Сөйлеу дыбыстары қабылдау тұрғысында — есту жүйесінің күрделі қызметімен байланысты. Сөйлеу элементтері ретінде Сөйлеу дыбыстарының айтылуы олардың артикуляциялық, акустикалық, перцептивтік қасиеттерімен бірге, тілге тән фонологиялық құрылымға негізделеді


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin
Просмотров: 544 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]