Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

Күрделі зат есім


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

28.04.2014, 20:01

Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған зат есімдер жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:
Біріккен зат есімдер,
Қосарланған зат есімдер,
Тіркес (құрама) зат есімдер,
Қысқарған зақ есімдер
Мазмұны  
1 Біріккен зат есімдер
2 Қосарланған зат есімдер
3 Тіркес зат есімдер
4 Қысқарған зат есімдер
5 Тағы қара
6 Әдебиет
Біріккен зат есімдер

Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы: бәйтерек, бәйшешек, белбеу, көкпар, қайнаға, қолбасы, қолқанат т. б.
Қосарланған зат есімдер

Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы: абысын-ажын, ақыл-айла, ас-су, ата-ана, бала-шаға, әл-қуат, ел-жұрт, жігіт-желең, жауын-шашын, ой-пікір, ой-қыр, отын-су, тері-терсек, ұрыс-керіс, шай-су т. б.
Тіркес зат есімдер

Тіркес (құрама) зат есімдерге кемінде екі я онан астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы: ауыл шаруашылығы, балалар бақшасы, кәсіп одағы, күн тәртібі, қоғамдық еңбек, сары май т. б.
Қысқарған зат есімдер

Қысқарған зат есімдерге бірнеше сөзден құралып қысқарған зат есімдер жатады.
Мысалы: ҚР, БҰҰ, ҚазМҰУ, пединститут, см, мм, га, Кб, Мб т. б.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin
Просмотров: 949 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]