Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

Ежелгі үнді тіл білімі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

28.04.2014, 19:52

Ежелгі үнді тіл білімі (орыс. древнеиндийское языкознание) — Үнділерден бізге жеткен зерттеулер б. з. д. 5 ғасырдан басталады. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған "Веда" деп аталатын жазба ескерткіштері (б. з. д. 6 ғасыр). Олардың ең көне түрі "Ригведа" санскритке жатады. Санскрит — сол кездегі брахмандардың, ғалымдар мен шайырлардың өнделтен, қолданылуы зандастырылып қағидаға айналған, нормативті әдеби тілі. Ол халыктың ауызекі сөйлеу тілі пракритке қарама-қарсы қойылып зерттелген. Үнділер қасиетті, киелі деп санаған бұл "киелі" жырлар тілінде үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және "Веда" тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен "Веданың" тілін зерттеген. Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына ғалымдар фонетика мен морфологияны жатқызады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің атакты лингвисті Яска мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жеткен. Яска (б. з. д. 5 ғасыр) "Веда" тілінің бес томдық сөздігін жасап, түсінік берген. Панинидің (б. з. д. 6 ғасыр) жазған "Аштадхьян" (грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мындай грамматикалық ереже берілген. Панини "Веда" жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөзжасам, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген. Зерттеушілердің айтуынша, Панини еңбегі — тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұнғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздер тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлініп қарастырылған.
Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де, әркайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жакты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың барлығы, т. б. көптеген грамматикалық мәселелер өте дәлдікпен шешілген. Үнділер синтаксис мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмеген.
Ежелгі үнді тіл біліміде морфологиядан кейінгі көп зерттелген сала — фонетика. Фонетика ежелгі заман тіл білімінің ешкайсысында Үндістандағыдай зерттеудің жоғарғы сатысына көтеріле алмаған. Дыбыстардың физиологиялық сипаттары, сөйлеу органдарының тіл дыбыстарын жасаудағы артикуляциясы, дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып кездесетіндіктері, олардың себептері жан-жақты және дұрыс сөз етілген. Ежелгі үнді тіл білімінің тарихын сөз ете келіп, В. Томсен: "Үндістан тіл білімінің көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене түрса да, еуропалық тіл білімі 19 ғасырға дейін көтеріле алмады",— деп жазады.[1]
Шынында да, үнділер тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан. Тіл фактілерін зерттеуде олар синтетикалық тәсілді де қолданған. Сол арқылы тілдік элементтердің өзара ұқсастығын және бір-бірінен өзгешеліктерін айқындаған.
Кейінгі дәуірлерде Үндістанда Панини грамматикасының мән-мағынасын талдап түсіндірген, оның жолын ұстанған бірнеше лингвист ғалымдар болған


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin
Просмотров: 778 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]