Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

Деривация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

28.04.2014, 19:25

Деривация (лат. derivatio — ауытқу) — тез айналмалы снарядтардың (оқтардың) ауада тік емес траектория бойымен қозғалуы кезінде лақтырылу жазықтығынан (ұңгының канал осі арқылы өтетін тік жазықтық) жүйелі түрде жанама ауытқуы. Деривация көлемі негізінен ату қашықтығына, траектория айналымына, көбейген сәтте үдей түсетін снарядтардың (оқтардың) айналу жылдамдығына, ал Деривация бағыты снарядтардың өзіндік айналым бағытына байланысты. Деривация артиллериялық атыстар үшін бастапқы деректер дайындығында ескеріледі.[1]
Деривация (лат. derivatio - жасалу) — бастапқы тіл бірліктерінің негізінде басқа тіл бірліктерін (дериваттарды) жасау процесі. Дериваттар аффикстер дін көмегімен түбірді "кеңейту" немесе сөздерді біріктіру, тіркестіру арқылы жасалады. Соған байланысты Деривация кейде сөз тудыру, сөзжасам ретінде қаралады. Неғұрлым кеңірек көзқарас бойынша, Деривация сөз түрлендіру мен сөзжасам терминдерінің жинақты атауы немесе тілдегі екінші белгіні (түбірді, сондай-ақ сөйлемдерді де) жасаушы процесс атауы ретінде түсіндіріледі.[2]
Деривация процестерінде бастапқы тіл бірліктерінің құрылымы мен семантикасында өзгеріс туып отырады. Деривация ұғымын 20 ғасырдың 30-жылдарында Е. Курилович енгізген. Оның лексикалық және синтаксистік Деривацияларды бөліп қарауының Деривация теориясында зор мәні болды. Лексикалық Деривация бастапқы тіл бірлігінің лексикалық мағынасының жаңаруына (ср. мал — малшы), ал синтаксистік Деривация — оның тек синтаксистік қызметінің жаңаруына (ср. мал — малдың, малды) бағытталған. Кейін бұл бағыттар сөздердің үлкен топтарына байланысты қолданылатын болды. Деривация процесі тіл бірліктерінің екінші рет жаңаруымен аяқталмайды, онда сонымен бірге ерекше Деривациялық қатынастар пайда болады.[3]


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin
Просмотров: 418 | Загрузок: 71 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]