Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

Дауыс


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

28.04.2014, 19:06

Дауыс — адамның және өкпемен дем алатын жануарлардың дыбыстау мүшелері арқылы шығаратын үні, дыбысы. Адам дауыс арқылы ой-пікірін сезімін, көңіл-күйін әрқалай (сөйлеу, тілдесу, өлең айту, күлу, айқайлау, т.б.) білдіреді. Дыбыс тербелістерінің жиілігі дыбыс сіңірінің жуан-жіңішкелігіне, керілуіне, көмей еттерінің қозғалуына, орталық жүйке жүйесінен келетін импульстарға, ішкі секреция қызметіне байланысты. Дауыс күші дауыс желбезегінің дірілімен анықталады. Толқын жиі болған сайын дауыс та күшті болады. Адам дауыс күшін өз еркінше өзғерте алады. Музыкада - дауыс төмен (жуан), жоғары (жіңішке) және "қойылған", "қалыпқа түскен" (арнайы маманданған кәсіпқой әншінің дауысы, сахна сөзі), сондай-ақ "қалыпқа түспеген" (арнаулы білім алмаған әуесқой әншінің дауысы, тұрмыстағы әдеткі сөйлеу, тілдесу) болып бөлінеді. Ал таза кәсіби тұрғыдан дауыс негізгі алты түрге бөлінеді:
1. әйел дауысы -
сопрано (ең жоғарғысы),
меццо-сопрано (орташасы),
контральто (ең төменгісі),
2. ерлер дауысы -
тенор (ең жоғарғысы),
баритон (орташасы),
бас (ең төменгісі).
Сондай-ақ баланың дауысы альт, дискант болып бөлініп, ол балиғатқа (12 - 14 жасқа) дейін октавағаөседі. Әрбір дауыс түрінің жарқын сазды, биік, толғай айтылатындарына лирика, ал қою үнмен, жігерлі де қоңыржай шығатындарына драма деген атаулар да қосарлат қосылады


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin
Просмотров: 561 | Загрузок: 75 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]