Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 19.9.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

В категории материалов: 135
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 13 14 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Сөздің лексикалық мағынасы орыс. лексическое значение слова — адам санасында бейнеленген зат, құбылыс, сапа, процесс туралы ұғымдар негізінде қалыптаскан сөз мазмұны

Қазақ тілі | Просмотров: 857 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөздің ішкі формасы орыс. внутренняя форма слова — сөз құрамындағы морфемалардың тілдің басқа морфемаларымен семантикалық және құрылымдық қатынастығы; сөздің жаңа лексикалық мағынасының жасалуына негіз болган белгі. Атауыш сөздің негізіне жатқан белгі қашанда тек мәнді ұғымды білдіруі шарт емес, көзге түскен белгі болуы да мүмкін, сол себепті белгілі бір зат әр тілде әр түрлі аталады. Мысалы, орыс тіліндегі "портной" ("порты" киім сөзінен) немісте "scheider" ("scheiden" кесу сөзінен), болгарда "шивач" ("шия" тігу сөзінен), қазақта "тігінші" ("тігу" сөзінен).
Сөздің ішкі формасы анық бола тұра, эмоционалдық қабылдау нәтижесінде жағымды/жағымсыз бейнелер тудыруы мүмкін. Мысалы, "есек" сөзі өзінің негізгі атауыштық мағынасынан басқа "қыныр, нақұрыс адам" мағынасында да қолданылады. Сөздің ішкі формасы лексикалық мағынаның мәнерленуі арқылы коннотацияға қатысты болғандықтан, лексикология мен стилистикада зерттеледі.
Сөздің ішкі формасы теориясын В. фон Гумбольдт пен А. А. Потебня дамытқан.

Қазақ тілі | Просмотров: 826 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөздік ұя орыс. словарное гнездо — бір сөздік мақала түрінде берілетін бір түбірлі сөздер тобы.[1]
Мысалы: түп
1) бір нәрсенің төменгі, ішкі қабаты: су түбінде, сандық түбінде;
2) бір нәрсенің (өсімдіктің, ағаштың) жерге кіріп тұрған бөлігі: томар түбі, шөптің түбі;
3) өсіп тұрған өсімдіктің әрбір данасы: 5 түп ағаш;
4) шыққан тек, негіз: түбі бір;
5) ауыс. ақыры: түбі бір келер;
6) ауыс. түкпірдегі, шеткі: түп бөлме.

Қазақ тілі | Просмотров: 721 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөзге морфемдік талдау орыс. морфемный анализ слова — мұндай талдаудың мақсаты — сөздің қандай морфемалардан тұратынын анықтау: хабар-ла-н-дыр-у, оқы-т-у-шы-лық, кел-іс-ім-паз, жал-қы, тім-іс-кі-ле-у. Соңғы екі сөздің түбір морфемалары қазір дербес қолданылмайтын көне морфемалар болып табылады

Қазақ тілі | Просмотров: 1178 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөз құрамы орыс. состав слова – сөздің сыртқы түр-тұрпаты. Тілдегі сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі – түбір. Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын) қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік сөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін, -ші, -лік) жалғану арқылы жасалған. Ал бойжеткен сөзі екі түбірдің бірігуінен, бала-шаға сөзі түбірлердің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер сыртқы тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді. Сөз құрам ұғымына түбір сөзге жалғанатын жалғаулар жатады, бірақ бұлар сөз емес, сөздің морфологиялық құрамының бөлшектері. Қазақ тілі сөздердің морфологиялық құрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады

Қазақ тілі | Просмотров: 1266 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөз қолданыс орыс. словоупотребление — сөйлеу үстінде сөзді талғап-таңдап дұрыс қолдана білу дағдысы. Сөзді дұрыс қолдану сөз мағынасының дәлдігін, айқындығын сақтаудан, сөзді, оның тәсілдерін орнымен ұқыпты жұмсаудан көрінеді. Сөз қолданыста жалпы халықтық тіл үлгілеріне негізделген әдеби тіл нормаларын және тіл мәдениеті шарттарын сақтау талап етіледі

Қазақ тілі | Просмотров: 708 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.[1]
Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:
Қайрат баяндады;
балаларға баяндады;
Досанмен болған;
болған әңгіменің;
әңгіменің мән-жайын;
мән-жайын баяндады.
Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.

Қазақ тілі | Просмотров: 1626 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөз мәдениеті орыс. культура речи — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылык таныған, үлгі тутқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі Сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді. Кенестік орыс тіл білімінде Сөз мәдениетінің теориялық мәселелерін Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, Р. И. Аванесов, С И. Ожегов, Ф. П. Филин т. б. зерттеді

Қазақ тілі | Просмотров: 1101 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөз варианттары орыс. варианты слов — дылуы, мағынасы бір-біріне жақын, тілде жарыса қолданылатын, шыққан тегі бір сөздер. Сөз варианттары фонетикалық, лексика-морфологиялық, лексика-семантикалық, әдеби-диалектілік сипатта кездеседі.[1]
Мысалы:
Фонетикалық варианттар: дөңгелек — доңғалақ, шүйінші — сүйінші, шайқымазақ — сайқымазақ, парапар — барабар. суару — суғару, дәнеме — дәнеңе.
Лексика-морфологиялық варианттар: екіншілей — екіншідей, естіген — есіткен, қабырға — қабыртқа, бақай — башпай, жирену — жиіркену, міне — мінеки — мінекей
Лексика-семантикалық варианттар: азар—әзер, күнә—кінә, ащы — ашты, ыстық — ыссы.
Кірме сөздердің кейбірі бірнеше вариантта қолданылады: ар., парсы сөздерінен: риза—разы—ырза, царжы — қаражат, мағлұмат — мәлімет, халық, — халайық,
Орыс сөздерінен: самауыр — самаурын, өшірет — шірет, мәтке-мәтша;
Әдеби-диалектілік варианттар: нағашы — таға, құдаги — құдағай, себеп — сәбеп, кесе — кәсе, балуан — палуан, маңдай— маңлай, тундік — туңлік, асылы — әсілі, егер — әгәр — әгәрки, әгәрәкім т.б. Бұл сияқты варианттардың кейбірінін әдеби нұсқалары әлі анықтауды қажет етеді. Сөз варианттарын синонимдермен шатастырмау керек, олардың синоним/синонимдерден айырмасы — шыққан тегінің бір екендігінде.

Қазақ тілі | Просмотров: 1079 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөз айшықтары орыс. фигуры речи — сөйлеудін әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнің күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал-тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, параллелизм, риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы т. б. жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.
"Сөз айшықтары" термині эр түрлі мағынада қолданылады, бірақ оны лингвистикалық мағынада қалыптастыру үрдісі бар.

Қазақ тілі | Просмотров: 995 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 ... 121-130 131-135