Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 23.9.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

В категории материалов: 135
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 ... 13 14 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Сөзтұлға орыс. словоформа — белгілі бір грамматикалық тұлғада тұрған сөз. Мысалы: бара берді деген тіркестегі бара — көсемше тұлғасында, берді — жедел өткен шақтын 3-жақ тұлғасында, ал екеуі тіркесіп келіп, етістіктің аналитикалық тұлғасын жасап тұр

Қазақ тілі | Просмотров: 719 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.[1]
Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.
Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.

Қазақ тілі | Просмотров: 2159 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мұшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше

Қазақ тілі | Просмотров: 3496 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөйлем мүшесі деп сөйлем құрамында тұрып, белгілі бір сұрауға жауап беретін толық мағыналы сөзді, сөз тіркесін не күрделі сөзді атаймыз.
Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелер

Тұрлаулы мүшелер деп сөйлемнің негізгі мүшелері болып саналатын бастауыш пен баяндауышты атаймыз.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер деп сөйлемдегі анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш мүшелерді дейміз.

Қазақ тілі | Просмотров: 1173 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөйлеу орыс. речь, говорение — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. б.[1]
Сөйлеу актісі (лат. actus) орыс. акт речи —белгілі қоғамдық ортада қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, арнайы мақсатта жүзете асырылатын сөйлеу әрекеті. Сөйлеу актісінің негізгі белгілері: белгілі бір мақсат көзделетіндігі; қалыптасқан дәстүрге сай шарттылық сипат болатындығы

Қазақ тілі | Просмотров: 1002 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөйлеу (сөз) дыбыстары орыс. звуки речи — адамнынң күрделі артикуляциялық қызметінің нәтижесінде пайда болатын сөйлеу (сөз) тізбегінің ең шағын бірлікгері. Сөйлеу дыбыстары тілдің ең шағын бірлігі — фонемаға қатысты болғандықтан, сегменттік (сөйлеу тізбегінің жіктелетін элементтері, бөлшектері) құралдарға жатады. Дыбыстық құралдардын тон, екпін, интонация сияқты түрлері буын, сөз, синтагма тәрізді неғұрлым көлемді тіл бірліктеріне қатысты болып келеді. Сөйлеу дыбыстарын сипаттауда олардың артикуляциялық, акустикалық, перцептивтік (қабылдау) қызметі жан-жақты ескеріледі.

Қазақ тілі | Просмотров: 872 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөйлеу нормасы орыс. норма речи — тілдің қандай ортада қолданылатынына және сөйлеушінің ой-ниеті мен әлеуметтік ақуалына қарай анықталатын сөйлеу үлгіс

Қазақ тілі | Просмотров: 780 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөйлеудің фонетикалық бірліктері орыс. фонетические единицы речи — ритмитика-интонациялык тұрғыдан алғанда дыбыстардың үздіксіз тізбегінен жасалатын ауа толқынының бөліктері. Тізбектелген ауа толқынының нақты бөліктері Сөйлеудің фонетикалық бірліктері (единицалары) деп аталады. Олар — фраза, сөйлеу такті, сөз, буын, сөйлеу дыбыстары

Қазақ тілі | Просмотров: 643 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөздің қызметі орыс. функции слова — сөздің сөйлеу кезіндегі мақсаты мен міндетін білдіруі. Сөздің атқаратын қызметі мынадай:[1]
Қарым-қатынас, байланыс құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі;
Затты атап білдіруіне байланысты атауыштық қызметі;
Көркемдік мәнер жасау құралы ретіндегі эстетикалық қызмет

Қазақ тілі | Просмотров: 1026 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөздің негізі орыс. основа слова — түбірге жұрнақ жалғану арқылы жаңа лексикалық номинативтік мағына білдіретін сөздің кіші бөлшегі. Әдетте негіз деп туынды түбірді айтады: қойшы, сырмақ, саумал, қуаньіш, шегеле, ертінді. Сонымен бірге құрамы әрі қарай бөлшектеуге келмейтін жалан түбірлер де сөздің негізі болады: ат, от, тac, тay, көк, ақ, кел, жүр, жат. Сөз негізінің бұл екі түрі (жалан және туынды түбірлер) бір-бірімен байланысты: жалан түбір туынды түбірдің тудырушы негізі болып табылады: мал — мал-шы, мал-сақ, мал-ды, мал-сыз. Туынды түбір де сөз тудырушы негіз қызметін атқарады: малшы-лық, малсыз-дық.

Қазақ тілі | Просмотров: 721 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 ... 121-130 131-135