Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 20.7.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

В категории материалов: 135
Показано материалов: 121-130
Страницы: « 1 2 ... 11 12 13 14 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Дауыс — адамның және өкпемен дем алатын жануарлардың дыбыстау мүшелері арқылы шығаратын үні, дыбысы. Адам дауыс арқылы ой-пікірін сезімін, көңіл-күйін әрқалай (сөйлеу, тілдесу, өлең айту, күлу, айқайлау, т.б.) білдіреді. Дыбыс тербелістерінің жиілігі дыбыс сіңірінің жуан-жіңішкелігіне, керілуіне, көмей еттерінің қозғалуына, орталық жүйке жүйесінен келетін импульстарға, ішкі секреция қызметіне байланысты. Дауыс күші дауыс желбезегінің дірілімен анықталады. Толқын жиі болған сайын дауыс та күшті болады.

Қазақ тілі | Просмотров: 961 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Грузин жазуы (ქართული დამწერლობა kartuli damtserloba) — грузин тілінің фонемалық құрамын бейнелейтін ерекше жазу. Онда әрбір фонемаға белгілі бір графема сәйкес келеді. Көне грузин тілінде 37 (38), қазіргі грузин тілінде 33 (5 дауысты, 28 дауыссыз үшін) әріп болған, бас әрпі болмайды.[1]
Грузин жылнамасы бойынша Грузин жазуын б. з. д. 4—3 ғғ. Фарнавазу патша жасаған. Грузин жазуының финикий, арамей, грек т. б. жазулармен тектестігі жайында әр түрлі болжам бар. Г. В. Церетели грузин жазуын шығыс арамей жазуының бір түрімен байланыстырады. Грузин жазуының алғашқы нұсқалары 5 ғасырда сақталған.
Даму процесінде грузин жазуының бір-бірінен ерекше 3 түрі қалыптаскан. Олар бірінен бірі шыққан, туыстас:
Мргловани (дөнгелек жазу, 9—10 ғасырлар),
Нусхури (кіші әріпті жазу, 9—11 ғасырлар).
Мхедрули (азаматтық, зайырлы (светское) жазу, 10 ғ. бері).
17 ғасырлар мхедрули осы күнгі қалпына келіп, қоғамдық өмірдін барлық саласына еніп, кітап бастырумен байланысты біржолата орныққан.
Letters
ა    ბ    გ    დ    ე    ვ    ზ    ჱ    თ    ი    კ    ლ    მ    ნ    
ჲ    ო    პ    ჟ    რ    ს    ტ    ჳ    უ    ფ    ქ    ღ    ყ    შ
ჩ    ც    ძ    წ    ჭ    ხ    ჴ    ჯ    ჰ    ჵ    ჶ    ჷ    ჺ    ჸ    ჹ

Қазақ тілі | Просмотров: 1009 | Загрузок: 83 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Гримм заңы орыс. Закон Гримма — үндіеурогіалык және германдық шуыл дыбыстардын 1818 жылы Р.К.Раскашкан, 1822 жылы Я. Гримм жүйеге келтірген тұрақты сәйкестігі. Гримм заңы салыстырмалы-тарихи тіл білімінің алғашқы жетісгігі болып табылады. Бірақ шуыл дауыссыздардың жылжу мерзімі, оның себебі, фонологиялық мәні, фонетикалық механизмі әлі даулы. Тегінде, Гримм заңы тек герман тілдерімен шектелмейтін жалпы үндіеуропалық құрылым дамуынан туған тарихи процесті білдіруі мүмкін. Жалпы үндіеуропалық дауыссыздар жүйесін жаңадан қайта жанарту үстінде (Т. В. Гамкрелидзе, Вяч. Иванов) Гримм заңы қайта қаралуы мүмкін

Қазақ тілі | Просмотров: 693 | Загрузок: 107 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Графема ( гр. graphs - кескіндеу, сызу) — тілдің жазу жүйесіндегі негізгі бірлігі, единицасы, дыбыстың жазудағы таңбасы, жазу жүйесінін ен кіші белгісі.[1]
Графема — лингвистикалық мағынасы бар тілдердің графикалық жүйесінің ең кіші бірлігі, белгілі жазу жүйесінің ең кіші белгісі. Графема — сөз, морфема, буын және фонеманың референті де болуы мүмкін. Графема термині әріптің, иероглифтің немесе оның бір бөлігінің синонимі ретінде де жиі жұмсалады. Қазіргі тіл білімінде Графема термині жазудың ең кіші бөлігі — әріп пен тілдің ең кіші бірлігі — фонемалық туыстығы деген ұғымда қолданылады. Қазіргі қазақ жазуында Графемалардың саны 40 және олардың үш типі бар.[2]

Қазақ тілі | Просмотров: 756 | Загрузок: 79 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Граммема ағылш. grammeme — грамматикалық денгейдегі ен шағын бірлік (единица), Граммема грамматикалық категориялардың тектік түрлері. Граммема грамматикалық категория сиякты мағына мен оны білдіретін форманын бірлігінен тұрады, Мысалы, зат есімнің жекеше, кепше түрлері зат есім категориясының тегі бір түрлері болып табылады.[1]

Қазақ тілі | Просмотров: 655 | Загрузок: 153 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Грамматология (гр. gramma — жазу, гр. logos — ұғым, ілім) — жазу туралы ғылым. Жазудын кейбір түрлері жанама түрде ғана тілмен байланысты болғандыктан, Грамматология тұтас калпында тіл біліміне кірмейді.

Қазақ тілі | Просмотров: 707 | Загрузок: 78 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Грамматикалық форма орыс. грамматическая форма — грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін білдіретін тілдік белгі. Эр түрлі тілдерде грамматикалық мағынаны білдіретін Грамматикалық форма — аффикстер (оның ішінде нөлдік), дыбыстық алмасулар ("ішкі флекция"), екпін, қайталау, көмекші сөздер, сөздердін орын тәртібі, интонация арқылы көрінеді. Сөздері түрленетін тілдердегі морфологиялық тұлғалар дегеніміз белгілі сөз таптарындағы сөздердін үнемі өзгеріп отыруы болып табылады. Олар морфологиялық бірнеше мағыналарды да, бір мағынаны да білдіре алады, Мысалы, орыс тіліндегі зат есімнін көпше атау септігі, етістіктін осы шағынын жекеше 1-жақ тұлғасы т. б. Сөздін өзгеріске түскен барлық тұлғалары оның парадигмасын жасайды. Морфологиялық тұлғалар синтетикалық (қарапайым) және аналитикалық (күрделі) түрлерге бөлінеді. Белгілі бір морфологиялық тұлғада келген нақты сөз сөз тұлға (словоформа) деп аталады. Грамматикалық форманың көрінісі мен мағынасы бірқатар жағдайда бір-біріне сәйкеспейді. Мысалы, флективті емес түбір тілдерде грамматикалық мағына негізінен сөздердін синтаксистік тіркесімділігі арқылы беріледі.[1]

Қазақ тілі | Просмотров: 1248 | Загрузок: 96 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Грамматикалық мағына орыс. грамматическое значение — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарғатән жинакты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарынын жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлгалары мен сөздердін жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сактай отырып, бір-бірінен езгеше болып келеді. Синтаксис саласында Грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ак сөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінін әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді.

Қазақ тілі | Просмотров: 1829 | Загрузок: 78 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі. Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызметаткарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші қатарға шығару кен тараған. Шынында, Грамматикалық категорияның ен басты белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан Грамматикалың категорияның екі жақты сипаты көрінеді.[1]

Қазақ тілі | Просмотров: 1782 | Загрузок: 81 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. Граамматиклық құрылыс сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады, сөзді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды. Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. Морфология – сөз және олардың формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы өзгешеліктерге ұшырап, әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топтардың әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалып, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады. Сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген ұғым – сөзден сөз тудырып, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдері де, сондай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдерді де қамтиды.

Қазақ тілі | Просмотров: 4018 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 101-110 111-120 121-130 131-135